үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарына жетіп ажыратылады.
Бұл жерде ең жоғарғы анализ және синтез жасалынады.
Талдағыштар туралы ілімді әлемге әйгілі орыс физиологы И.П.Павлов
ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты:
рецепторлық (шеткі бөлімі), өткізгіш жолдары (аралық бөлім),
соңында
афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы
(орталық бөлімі).
Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И.М.Сеченовтың
айтуы
бойынша,
талдағыш дегеніміз – мидың сезіну жүйесі. Өйткені әрбір
психикалық іс-әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туындайды.
Сыртқы дүниені тану әрдайым сезуден басталады. Ал сезу түйсікті
қалыптастырады, сезу мен түйсік арқасында түсінік пайда болады. Сөйтіп,
сезу, түйсік, түсінік таным удерістерінің алғашқы кезеңдері.
Олар нақтылы
ойлауды қалыптастырады.
Талдағыштарды зерттеу әдістері.
Талдағыштардың қызметтерін зерттеу үшін әртүрлі тәжірибелік және
клиникалық
әдістер
жиі
қоладанылады.
Олар
морфологиялық,
физиологиялық, биохимиялық, психофизиологиялық, электрофизиологиялық
және тағы басқа әдістерден тұрады. Әрбір
жеке талдағыштар туралы
тәжірибелік сабақтарда оларды зерттеу әдістерімен толығынан таныс
боласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: