Министерство здравоохранения рк казахский национальный медицинский



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі1.85 Mb.
#457303
1   2   3
фарма 6 сабақ

ДЗ жоғары сезімталдылық немесе аллергиялық реакциялар – бұл иммунологиялық механизмдердің қатысуымен жүретін реакциялар. Жоғары сезімталдық немесе аллергиялық реакциялардың келесі түрлері бар : * жылдам дамитын жоғары сезімталдылық немесе анафилаксиялар (І тип); * цитотоксикалық реакциялар (ІІ тип); * иммунды комплексті реакциялар (ІІІ тип); * баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциялар (ІV тип).

Жалған аллергиялық реакциялар – даму механизімі иммунологиялық емес, бірақ клиникалық көрінісі аллергиялық реакцияларға ұқсас жағымсыз әсерлер. Олар І-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлеуі мүмкін (анафилактоидтық реакциялар). Сонымен қоса, ІІ-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлеп, (цитотоксикалық реакциялар) гемолиз тудыруы да мүмкін. Кейбір препараттар ІІІ-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлейді.

С-типті жанама әсерлер ДЗ тәуелділік – бұл препаратты қабылдауды тоқтату салдарынан пайда болған (абстинентті синдром) және ағзаның препаратты қайта қабылдауын талап ететін жағдай. ДЗ тәуелділік физикалық және психикалық болып екіге бөлінеді. ДЗ тәуелділіктің түрлері: * токсикомания – психоактивті препаратты (психомиметиктерді) қабылдауға құштарлық; * наркомания – бұл наркотикалық заттарға жататын (наркотиктер, барбитураттар, эфедрин туындылары) * препараттарды қабылдауға құштарлық.

Д-типті жанама әсерлер Канцерогенді әсерлер – ДЗ қатерлі ісіктер тудыру қасиеті. Мутагенді әсерлер – бұл ДЗ генетикалық өзгерістерді (генді, хромосомды, геномды мутацияларды) тудыру қасиеті.

Тератогенді әсерлер – бұл ДЗ ұрық пен ересектердің репродуктивті мүшелеріне тікелей токсикалық әсері. Тератогенді ДЗ тікелей эмбриотоксикалық әсер көрсетіп, эмбриопатия, фетопатияның дамуына әкеліп соқтырады. Мұндай ДЗ ісікке қарсы, тырысуға қарсы ДЗ, цитостатиктер, кейбір антибиотиктер мен гормондар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет