Ґмірге ќажетті тілдіѕ функционалды жїйелерін сай сґз саптауєа машыќтандыру їстінде ќазаќ тілініѕ грамматикалыќ негіздері тур


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет11/61
Дата20.05.2022
өлшемі1.22 Mb.
#458184
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
¥ì³ðãå àæåòò³ ò³ëä³¾ ôóíêöèîíàëäû æ¿éåëåð³í ñàé ñ´ç ñàïòàóºà ìà

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

14. 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға 68 сағат бөлінген, оның ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 56 сағат, шығармашылық жұмыстарға -8 сағат, сыныптан тыс оқуға – 4 сағат.


15. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:
1) Жалпы шолу −1 сағат (ХІХ ғасырдағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайы. Ресейдің қазақ елін отарлауы, отаршылдыққа қарсы бұқаралық күрес. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс туралы. Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Қазақ даласындағы өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларына арқау еткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмажан туралы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі ағымдардың пайда болуы. «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарындар);
әдебиет теориясы: сыншылдық дәстүр;
пәнаралық байланыс: ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихының І жартысы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Сералиннің «Топжарған» поэмасы;
2) Дулат Бабатайұлы «Аягөз» өлеңі мен «Еспембет дастаны» −3 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын. Дулат өлеңдеріндегі адам образдары, табиғат бейнесі. Мысал өлеңдері. «Аягөз» өлеңінің тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тіл оралымы. «Еспембет» дастанының сюжеттік маңызы. Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақындық тәсілдер жанама мінездеу, суреттеу. Еспембет дастанындағы соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері);
әдебиет теориясы: аллитерация, ассонанс, эпитет, метафора, теңеу;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы;

  1. Махамбет Өтемісұлы. «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Нарын», «Тайманның ұлы Исатай» өлеңдері −3 сағат (Ақынның өмір сүрген дәуірі мен ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Батыр образын сомдаудағы ұлттық дәстүрлі нақыштар мен Махамбетке тән сөз қолданыстар. Үш өлеңнің өз ара ортақ қасиеттері мен ерекшеліктері. Ақын поэзиясындағы реалистік, романтикалық сипат. Көркемдік ерекшелігі мен жанры. М.Өтемісұлы шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы ұғым. Дыбыс қайталау ассонанс, аллитерация Риторикалық сұрау. Өлең құрлысы);

пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка Құрманғазы «Кішкентай», электрондық оқулық Махамбет туралы телесабақ;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Т.Медетбектің «Махамбет рухының монологі» өлеңі;

  1. Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Датқалар» «Үмбетәліге» өлеңдері −2 сағат («Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары. Сүйінбай – қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сүйінбай – айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілі, озық ойымен кеңінен танылған ақын);

әдебиет теориясы: Айтыс туралы ұғымды кеңейту;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жолдасбековтің «Асыл сөздің атасы» - Алматы, 1996;

  1. Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман», «Опасыз жалған», «Бала зары» жыр-толғаулары2 сағат (Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі. Шортанбай – еңбекші бұқараның азапты ауыр тұрмысын, шынжыр балақ, шұбар төстердің әділетсіздігі мен зұлымдығын әшкерелеген ақынның бірі. Ақынның өткен игі жақсылардың іс-әрекетін аңсап, тәлім-тәрбие мәселесін ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан қарастыруы. Шортанбайдың айтыс ақыны ретінде көрінуі);

әдебиет теориясы: жыршылық дәстүр, эпитет, теңеу, метафора, синекдоха;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Қирабаевтың «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» - Алматы, 2000;
6) Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі» жыр-толғаулары −2 сағат (Ақын шығармаларынан көрінетін терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық. Көнеден келе жатқан дидактикалық сарынды жалғастырушы ақын екендігі. Адам өмірі, жас ерекшелігі туралы философиялық толғамдары. Майлықожаның адам мінезіндегі кемшіліктерді, еңбекке, елге деген сүйіспеншілікті жырлауы. Оның поэзияда шығыс ақындарына еліктеу сарындары);
әдебиет теориясы: троп түрлері;
пәнаралық байланыс: музыка өнері (терме), Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Омаров «Зар заман поэзиясы» - Алматы, 1999;
7) ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет жалпы шолу −1 сағат (ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті. Ыбырай мен Абай негізін салған демократтық, ағартушылық бағыттағы әдебиеттің тууы. Ағартушы идеяның алдыңғы орынға шығуы. ХІХ ғасыр поэзиясы – өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған көркемдік шежіре. Әдебиеттің реалистік сипаты. Романтикалық үлгідегі шығармалардың пайда болуы, «Медғат – Қасым», «Дағыстаны»);
әдебиет теориясы: лирикалық жанр өлең ырғағы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Сүйіншәлиев « ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» –Алматы;
8) Қашаған Күржіманұлы. «Атамекен», «Есқали сұпыға айтқаны», «Байларға», «Қонақ кәде», «Оразалыға», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. «Атамекен», «Адай тегі» дастандары −2 сағат (Қашаған өлеңдеріндегі ізгілік қасиеттердің дәріптелуі, халық мұратының жырлануы және әділетсіздіктің сыналуы. Қашағанның қазақ әдебиеті тарихындағы ірі ақын, айтыскер жырау болғандығы. Дастандарында халықтың көне тарихымен шежіресін толғауы)
әдебиет теориясы: теңеу, эпитет, толғау туралы ұғымды кеңейту; пәнаралық байланыс; Қазақстан тарихы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» ІІ том - Алматы, 1989;
9) Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы, «Сарыарқа», «Қарасай – Қази» дастаны −2 сағат (ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың бірі Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі. «Үш қиян» толғауы «Зар заман» дәуірі әдебиетінің үздік туындысы. Ондағы ел, жер тағдыры туралы толғамдары. Қарасай-Қази дастанының сюжеттік желісі. Ақынның сатиралық шығармалары. Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Мұрат – айтыс өнерінің шебері);
әдебиет теориясы: эпитет, метафора, теңеу;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Омарұлы Мұрат Мөңкеұлы - Алматы, 1993;
10) Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», «Жоңғар очерктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбектері −3 сағат (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – шығыстанушы ғалым. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына қатысты ойлары. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылары туралы мәліметтер. Қашқария саяхаты)
әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, театр С.Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» пьесасы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Марғұлан «Шоқан және Манас» - Алматы, 1971; Сәтбаева Ш.Уәлиханов - филолог - Алматы, 1987;
11) Ыбырай Алтынсарин «Жаз», «Өзен», «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» өлеңдері, «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала» әңгімелері, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы −3 сағат (Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы. Өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздік. Табиғат лирикасы. Ы.Алтынсарин – қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушы)
әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, технология;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» - Алматы, 1994, С.Қирабаев «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері» - Алматы, 1995;
12) Абай Құнанбаев «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері және «Масғұт» дастаны −8 сағат (Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. Қарасөздері: бірінші сөз, алтыншы сөз, он сегізінші сөз, он тоғызыншы сөз, жиырма бесінші сөз, жиырма тоғызыншы сөз, отыз үшінші сөз, отыз жетінші сөз. Абай қарасөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы. Лирика ұғымын кеңейту)
пәнаралық байланыс: музыка («Абай» операсынан фрагменттер), бейнелеу өнері (Ә.Қастеев «Жас Абай»), электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ);
пәнаралық байланыс: музыка («Абай» операсынан фрагменттер), бейнелеу өнері (Ә.Қастеев «Жас Абай»), электрондық оқулық («Дара Абай – Дана Абай» телесабақ);
өзіндік ізденіс жұмыстары: З.Ахметов Абайдың ақындық әлемі – Алматы, 1996, С.Назарбекұлы «Абайдың қарасөздері»;
13) Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері, «Еңлік – Кебек» дастаны −4 сағат (Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері. Шәкәрім – Абайдың шәкірті. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат кесірді, кертартпалықты әшкерелеуі, әділдікті, ақиқатты, бейбіт тіршілікті жырына арқау етуі. Шынайы адал махаббатты жырлауы. Ақын лирикасындағы нәзік те терең психологизм. «Еңлік-Кебек» дастаны. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы)
әдебиет теориясы: дастан туралы ұғым;
пәнаралық байланыс: театр («Еңлік-Кебек» пьесасы), кино («Шәкәрімнің соңғы күзі»);
өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Қ.Сәтбаева «Шәкәрім Құдайбердиев» - Алматы, 1990; Б.Әбдіғазиұлы «Шәкәрімтану мәселелері»;
14) Жамбыл Жабаев «Шағым», «Кәрібайдың төбеті», «Кедей күйі», «Мәңке туралы» өлеңдері, Айкүміспен айтысы −2 сағат (Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Жамбыл өлеңдеріндегі юмор мен сатира. «Кедей күйі» өлеңіндегі замана шындығының көркем жинақталуы. Айтыстарындағы көркемдік айшықтар. Жамбылдың Айкүміспен айтысындағы лиризм сыршылдық. Басқа айтыстарынан айырмашылығы.
әдебиет теориясы: сатира туралы ұғымды кеңейту;
пәнаралық байланыс: кино «Жамбылдың жастық шағы» (1996, сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков);
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жамбыл мен Құлмамбет» айтысы;
15) Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Ғылым», «Қосаяқ», «Құйрық атып кұлия» өлеңдері, «Қашқын» поэмасы− 2 сағат (Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Оның өз өмірінің әрқилы кезеңдерін бейнелей отырып, замана тынысын, тіршілік сарынын шебер бейнелеп көрсетуі. Шәңгерей поэзиясындағы философиялық ой-түйін. Ақынның табиғат құбылыстарын көркемдеп суреттеуі. Шәңгерейдің аудармашылығы)
әдебиет теориясы: кейіптеу ұғымын тереңдету, аударма шығармалар ұғымы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» - Алматы, 1959, «Бес ғасыр жырлайды» ІІ том - Алматы, 1989;
16) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Шайтанның саудасы» өлеңі, «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітаптары «Гүлшат – Шеризат» дастаны −4 сағат (Мәшһүр Жүсіп шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы. Халық бостандығы мәселелері. Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды «Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б. жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы. Мәшһүр поэмалары – ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар);
әдебиет теориясы: дастан туралы;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Ж.Қуандық, Ж.Көпеев «Көркем сөздің құдіреті», 2000; С.Сүтжан «Мәшһүр мұрасы» - Алматы, 1999;
17) Нарманбет Орманбетұлы «Көпті көрген көнемен», «Шал қайғысы», «Замана», «Сарыарқа сайран жерім-ай», «Бала қайдан?» өлеңдері2 сағат (Өмірі мен шығармашылығы. Отарлық езгі, отаршылдық өктемдікке қарсы үн көтерген ақын екендігі. Ақын шығармаларындағы Сарыарқа образы. «Сарыарқа сайран жерім-ай» толғауында ұлт басына төнген ауыр халді суреттеуі. «Шал қайғысы» өлеңінде халық бойындағы бойкүйездік пен жалқаулықты сынауы. Нарманбет өлеңдерінен ұлы Абай жырлары рухының аңғарылуы. Нарманбет мұрасының көп уақыт жабық жатуы);
әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғамдық мәні;
пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Орманбетұлы «Кер заман» поэмасы;
18) Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу −3 сағат (ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Жаяу Мұса, Мұхит, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар тума талант, табиғи дарын иелері екендігі. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы);
пәнаралық байланыс: музыка;
өзіндік ізденіс жұмыстары: З.Ақышев «Жаяу Мұса» романы;
19) Біржан сал Қожағұлұлы «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Сырғақты», «Жанбота», «Көкек» әндері −2 сағат (Үш жүздің ардақты әншісі Біржан – әнді шығарушы, әрі орындаушылығымен қатар әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын. «Теміртас» әніндегі трагедиялық сезім. Біржан – өз заманының бай, болыс-билеріне бас имеуі. Біржан әндерінің белгілі бір жағдайға, тақырыпқа байланысты туғандығы);
пәнаралық байланыс: театр М.Төлебаев «Біржан – Сара» операсы;
өзіндік ізденіс жұмыстары: кино («Біржан сал»);
20) Ақан сері Қорамсаұлы «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Құлагер», «Ләйлім шырақ», «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша» әндері −3 сағат (Ақан – қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі. Ақанның өмірі туралы деректер. Ақан – ақын, әнші, сазгер. Ақанның әсемдік туралы таным-түсінігі, эстетикалық көзқарасы. Ақанның өмір, заман туралы толғаулары, жастарды өнерге үндеуі. «Құлагер» ақын трагедиясы. Ақынның сөз саптау ерекшелігі);
әдебиет теориясы: махаббат лирикасы туралы ұғымды кеңейту. пәнаралық байланыс: театр (Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері – Ақтоқты» драмасы), кино («Ақан сері»);
өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» – Алматы: «Жазушы»,1975;
21) Әсет Найманбайұлы «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Үлкен Ардақ», «Кешубай», «Перизат», «Арғынмын, атым Әсет – арындаған» өлеңдері, «Салиха – Сәмен» дастаны −2 сағат (Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер. Әсет – ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын, әнші. Шығармашыл тұлғаның өз тұстастарымен ұқсастығы, айырмашылығы, жаңалықтарының әдеби дамуға ықпалы. Ақын-әншінің әдебиет тарихындағы орны);
әдебиет теориясы: әдебиеттің тегі мен түрлері;
пәнаралық байланыс: музыка, электрондық оқулық «Әсет әнін орындаушы – Ж.Кәрменов», телесабақ;
өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» - Алматы, 1975;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет