«Мырзакент» жалпы орта мектебі мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ашық тәрбие сағаты



бет2/3
Дата12.12.2023
өлшемі0.7 Mb.
#486286
1   2   3
Шәкәрім - ұлы тұлға

V кезең “Кім жылдам?” сайысы
Қасқыр, түлкі, бөдене” атты шығармасыныңшумақтарын ретімен қойып шығу.
VI кезең “Синквейн” әдісі
Берілген сөздерден бес жолды өлең құрау
Кері байланыс “Түймедақ”

Оқушылар үш топқа біріктіріліп алынды.


І топ «Ойшылдар» тобы
ІІ топ «Зеректер» тобы
ІІІ топ «Тапқырлар» тобы


Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) –ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор.
Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі, онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады.


І кезең «Қасқыр, түлкі, бөдене»
Оқушылар кезектесіп ақынның осы шығармасын мәнерлеп оқып шығады



Абай сияқты Шәкәрім де: Гоголь, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Тургенов, Толстой, Некрасов, Салтыков – Щедрин т.б. алыптарды оқып, көзі ашылып, көкжиегі кеңіген.
Ол ар – ұждан, жақсылық, әділдік, кісілік жолын нұқсайтын шығармалар жазды.
«Бояулы суыр», «Қанішер мен бөдене», «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене» сияқты мысалдары сондай туындыларға жатады.
Оларда әр кез ар – ұждан, адалдық, шындық жолы жеңіл, жұғымсыздық, әділетсіздік әшкере болып, мазаққа айналады.


ІІ кезең «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі Топтық жұмыс
Оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты постер құрап, оны қорғап шығуы тиіс.
І топ «Ақынның жастық шағы мен кемелденген кезі»
ІІ топ «Ақынның шығармашылығы»
ІІІ топ «Ақын және халық»
Әр топ берілген тапсырманы жақсы түсініп, постер жасады. Жасаған постерлерін әр топтың топбасшысы қорғады. Оқушылар бұл әдісте өздерінің шығармашылыққа бейімділігін, ізденімпаздығын көрсете алды. Әр қалпақтың қасиеті бойынша сахналау, образға кіру шеберліктері де сәтті шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет