Мысал 1 : А={1; 2; 3; 4; 5} жиыны берілген. А жиынының элементтерін қалданып неше тәсілмен а) бір орынды; б) екі орынды; в) үш орынды; г) төрт орынды санды құруға болады? (цифрлары қайталанбайтын болса) Шешуі



бет4/4
Дата03.01.2022
өлшемі41.57 Kb.
#450922
1   2   3   4
1 - тақырып есептер Классикалық ықтималдық анықтамасы,қасиеттері.Геометриялық ықтималдық.Салыстырмалы жиілік

Ескерту. Ықтималдықты анықтау алдында, осы мысал негізінде оқиғалардың қос-қостан үйлесімсіздігі, тең мүмкіндігі, оқиғалардың толық тобы, оқиғаның пайда болуына қолайлы жағдайлар саны ұғымдарына сипаттама беріп және оқиғаларды әріптермен белгілеп алған жөн.

9. Тексерілетін тетіктер тобында бірінші сортты тетік - 100, екінші сортты тетік - 50, үшінші сортты тетік да - 50. Топ тетіктің ішінен 1 тетік алынады. Осы алған тетігіміз: а) 1-сортты, ә) 2-сортты, б) 3-сортты болу ықтималдығын анықтаңыз.

10. Әкеле жатқан жәшіктегі 91 жарамды,10 жарамсыз тетіктің біреуі түсіп қалған. Қайсысы түскені белгісіз. Жәшік тиісті жерге жеткізілгеннен кейін, оның ішінен 1 тетік алынды. Осы алынған тетік жарамды болып шықты. Жоғалған тетіктің: а) жарамды болу, ә) жарамсыз болу ықтималдығын анықтаңыз.

11. 38 шардың бетіне қазақ дыбыстарының әріптері жазылған. Кез келген бір шар алынады, сол алынған шарға: а) дауысты дыбыс, ә) ұяң дыбыс, б) қатаң дыбыс, в) еріндік дыбыс, г) езулік дыбыс, д) үнді дыбыс жазылған болу ықтималдығын анықтаңыз.

12. Телефон соғатын нөмірдің соңғы екі цифры абонент есіне түспей қалып (бірақ цифрлары әртүрлі екендігі есінде), ол кез келген нөмір алады. Сол алған нөмірінің соңғы екі цифры өзінің ұмытып қалған цифры болу ықтималдығын анықтаңыз.

13. Колодадағы 36 картаның біреуі алынды. Ол картаның: а) қарға болу, ә) король болу, б) суретті карта болу ықтималдығын анықтаныз.

14. Ойын кезінде бір бала 1-ден 9-ға дейінгі цифрлардың бірін атады. Екінші бала олардың ішінен үшке еселік кез келген біреуін со цифрдың орнына атаған. Сол аталған цифр ойдағы цифр болып шығу ықтималдығын анықтаңыз.

15. Теңге үш рет лақтырылған. Цифр жағымен: а) кем дегенде екі рет түсу, ә) екіден артық емес түсу ықтималдығын анықтаңыз.

16. Жәшікте А ақ шар, В қызыл шар бар. Жәшіктен қалаған бір шар алынады. Алынған шардың қызыл түсті болуының ықтималдығын анықтаңыз.

17. Жәшікте ақ А шарлардың, қызыл В шарладың біреуі қалғанша алынған. Сол қалған шардың: а) ақ шар болу,ә)қызыл шар болу ықтималдығын анықтаңыз.

18. Жәшікте ақ а шар, қызыл в шар бар. Жәшіктен бір шар алынады, ол ақ шар болып шықты. Бұл шарды қайта салмай, жәшіктен келесі шар алынады. Ол алынған шардың: а) ақ шар болу, ә) қызыл шар болу ықтималдығын анықтаңыз.

19. Екі ойын сүйегі лақтырылды. Келесі оқиғалар ықтималдығын табыңыз:

а) ашылған ұпайлар қосындысы 3 – тен аспайды;

б) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 3 – тен аспайды;

в) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 3 – ке бөлінеді.

20. Екі ойын сүйегі лақтырылды. Келесі оқиғалар ықтималдығын табыңыз:

а) ашылған ұпайлар қосындысы 4 – тен аспайды;

б) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 4 – тен аспайды;

в) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 4 – ке бөлінеді.

21. Екі ойын сүйегі лақтырылды. Келесі оқиғалар ықтималдығын табыңыз:

а) ашылған ұпайлар қосындысы 23 – тен аспайды;

б) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 23 – тен аспайды;

в) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 23 – ке бөлінеді.

22. Екі ойын сүйегі лақтырылды. Келесі оқиғалар ықтималдығын табыңыз:

а) ашылған ұпайлар қосындысы 24 – тен аспайды;

б) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 24 – тен аспайды;



в) ашылған ұпайлар көбейтіндісі 24 – ке бөлінеді.

23. Іс жүзінде аса көп болатын заттар жиынтыгының жартысының А қасиеті, ширегінің В қасиеті бар. А және В қасиеттері тәуелсіз. Заттар жиынтыгынан кездейсоқ түрде 1600 зат алынган. Осы алынган заттар ішінде А және В қасиеттерінің салыстырмалы жиіліктері ықтималдықтарынан 1%-тен артық ауытқымауының ықтималдыгын табыңыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет