Тақырып бойынша есептер :
1. Екі жақ болып дойбы ойыны өткізілді. Бір жағының ұтуы, ұтылуы немесе екі жақтың тең түсуі - кездейсоқ оқиға.
2. Мұғалімнің белгілі бір оқушыдан сұрауы - сынау. Оқушының 5,4,3,2 баға алуы-кездейсоқ оқиға.
3. Оқушының тәртібін бақылау - сынау. Оның сабаққа кешігіп келуі кездесоқ оқиға.
4. Нысананы көздеп ату - сынау. Нысанаға тию (А оқиға) не тимеу (В оқиға) - кездейсоқ оқиға. Осы мысалдағы мәлімет бойынша оқиғалардың тобын сипаттап беріңіз.
5. класс математика кітабының кез келген бетін ашу – сынау. Осы бетте «жиын» сөзінің кездесуі - кездейсоқ оқиға. Бұл беттегі сөздер қай жағдайда оқиғалардың толық тобын құрайды?
6. Мына төмендегі оқиғалардың қайсысы кездейсоқ, ақиқат, мүмкін емес болады:
1) бірінші кездескен автомашина нөмірінің жұп болып келуі қандай оқиға?
2) жәшіктің ішінде ылғи ақ шарлар бар. Кез келген бір шар алынды, оның түсі:
а) қызыл болуы, б) ақ шар болуы қандай оқиға болады
7 . 1-ден 20-ға дейінгі сандарды 20 карточкаға жазып алып, оларды әбден араластырып барып, ішінен 2 каточканы алғанда төмендегі қос сандар (оқиғалар) шықты. Олар үйлесімді ме әлде үйлесімсіз бе:
а) 4 және 7 сандары;
b) Жұп және 15 сандары;
c)Тақ және 3-ке еселік сандар;
d)Жай сан және 5-ке еселік сандар?
8 . Математика емтиханына 30 билет дайындалған, олар 1-30-ға дейінгі сандармен нөмірленген. Оқушы кез келген билетті алады. Алынған билет нөмірі: а) 5-ке еселік сан, ә) 7-ге еселік сан, б) тақ сан болу ықтималдығын анықтак керек.
Достарыңызбен бөлісу: |