Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ


Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе»романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі



бет13/15
Дата28.03.2023
өлшемі283 Kb.
#471288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы

3.3. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе»романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.


Ауыспалы өткен шақ есімшенің –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.
Мысалы:
Тепкілеп төрт қабырғасын сындырып, өкпе-бауырын езгілеп, құлаққа шыммен бастырып кетіпті. (Ш.М., 1994, 176).
Шымкент оязы арқылы біздің Майлыкент болысынан іздепті. (Ш.М., 1994, 212).
Күн едәуір кешкіріп қалыпты. (Ш.М., 1994, 218).
Тақыр қораның ішінде мүмкіндігі бар жерге қылтиып көк шығып қалыпты. (Ш.М., 1994, 220).
Бүкіл өмірі ат үстінде өткен адам, тақымы ер-тоқымға тимегелі жылдан асыпты. (Ш.М., 1994, 221).
Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя байлапты. (Ш.М., 1994, 224).
Атамырза зіңгіттей жігіт болыпты. (Ш.М., 1994, 351).
Әлгінде бүйірінен қамшымен шұқыған мосқал қазақ енді өзіне қадалып қалыпты. (Ш.М., 1994, 353).
Басы бірігіп, кәдімгідей елдігін танытып, қаһарланып алыпты. (Ш.М., 1994, 358).
-тын, -тін форманты арқылы:
Атамырзаға сары айғыр таныс болатын. (Ш.М., 1994, 201).
Ол кезде әкесі туралы неше сақ әңгіме айтылатын. (Ш.М., 1994, 145).
Жақсы ат мініп саяхатқа шығуды ұнататын. (Ш.М., 1994, 149).
Рысқұлды тергеуге жиі алып баратын. (Ш.М., 1994, 213).
Қырғызбайдың дәу торы биесі кісендеулі болатын. (Ш.М., 1994, 132).
Сонау алыстағы Талғардың бауырында сап-сары күзде осындай ақ жібек ұшатын. (Ш.М., 1994, 133).
А. Ысқақов оқулығында ауыспалы өткен шақ неғайбыл өткен шақ деп көрсетілген де, оған мынадай анықтама берілген:
Неғайбыл өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады:
1) –мақ еді (-мек еді; -бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) формантары: (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді).
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында ауыспалы өткен шақтың –тын// -тін формасы, ал А. Ысқақовтың көрсеткеніндей –мақ еді, мек еді (бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) форманттары кездеспейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет