Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; кµр-ген екен; кµр-мек екен; кµр-се екен; кµ


Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі



бет5/15
Дата28.03.2023
өлшемі283 Kb.
#471288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы

1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.

Қазақ тілі білімінің зерттеушілері саны жағынан да, жарияланған еңбектерінің көлемі жағынан да басқаларынан оқшауланатын саласы– тіліміздің граматикалық жүйесі. Олай болуы түсінікті де, өйткені тілдің граматикалық құрылысынан азды – көпті болса да хабардар болмай тұрып, тілді білу, ол жай ында мәнді пікір мүмкін емес.


Тіліміздің граматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико – граматикалық топтарға, кластарға бөлу болғандығы белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыздың алдындағы V-ІV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Болини граматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері –қарай айтылып келе жатқаннан да білеміз. Тілдегі сөздердің есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған болатын.
1930 жылдардан бастап морфологиялық жеке мәселелріне арналған шағын көлемді әсіресе сол кездегі баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми – педогоикалық журналдар – «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі – жиі көріне бастады. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз топтарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жүбанов, Х.Басымов, Ш.Х.Сарыбаев. Н.Сауранбаев, С.Аманжоловтар жазған.
Тек 40 жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, етіс, шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
1950 жылдан бері қарайғы уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, 20–ға тарта монографиялық зерттеулер мен кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістікке арналған Ы.Мамановтың, А.Қалыбаевтың, И.Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының Н.Оралбаевтың, Т.Ерғалиевтың еңбектерін атауға болады.
Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралы» оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді: «Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз т.б.мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы не етпак?
...Сондай не етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап алатын сөздер–бәрі де етістік болады» (6)–деп көптеген етістіктер, жаттығулар береді.
1915 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралында» етістікке: «Етістік дегеніміз» - заттардың еткен – етпеген істерін көрсететін сөздер» (7) дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан «Тіл құралы» 3 танытқыш кітабында сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады.
30 – жылдардағы Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне, етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Н.Т.Сауранбаевтың көсемшелер жайлы т.б.еңбектерінде жан –жақты баяндалды.
Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956), Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрді.
Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың 1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың (10) есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың (11) жай сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың (12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады.
Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің «Қарақалпақ тілі» еңбегінде сөз тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген.
Н.А.Баскаков түбір етістіктердің бәрін негізгі, туынды лексикалық категория деп қарайды, олар тиісті тұлғасыз сөйлемде қолданылмайды, ол үшін қызметіне сай граматикалық форманы қажет етеді.
Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы «Етістіктің лексика – граматикалық сипат» еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.
Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді. Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы «Граматика теориясының негіздері» кітабы болды. Етістікке байланысты оның тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов, Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.
С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959), И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959), Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962), Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер етістіктіктің қыр – сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды.
1967 жылы «Қазақ тілінің граматикасы» атты екі том еңбек басылып шықты. А.Ысқақовтың морфологиялы ғылыми пән ретінде жоғары оқу орындарында оқыту және оны зерттеу, 40 – жылдардан басталады. Соның қорытындысы ретінде «Қазіргі қазақ тілі, морфология» деген атпен 1974 жылы оқулық ретінде жарық көрген кітабы т.б. көпетеген еңбектері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет