Сабақ Бөлім: «Атақты тұлғалар» Мұғалімнің аты-жөні



бет1/7
Дата21.05.2023
өлшемі247.5 Kb.
#474067
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
3кл қазақ тілі




Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 87-сабақ

Бөлім:

«Атақты тұлғалар»



Мұғалімнің аты-жөні

Рахымжанова А.А.

Күні:

15.02.2023

Сынып: 3

Қатысушылар саны: 4

Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы

87 сабақ. негізгі және туынды етістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Сабақтың мақсаты



Барлық оқушылар: -негізгі және туынды етістіктердің айырмашылығын анықтайды;
- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.
Көптеген оқушылар: - негізгі және туынды етістіктердің айырмашылығын дәлелдейді.
Кейбір оқушылар: - негізгі және туынды етістіктердің айырмашылығын анықтап, ой қорыту жасай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру



1. Психологиялық ахуал тудыру
Психотренинг: «Біз кімбіз?»
Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
Ия, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым мен техниканы игеруі қажет.Олай болса, бүгінгі сабақта білімімізді көрсетіп сабаққа жақсы қатысайық. .
Өткен материалды еске түсіру
-Етістік дегеніміз не?
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?Дара, күрделі
«Баскетбол әдісі» арқылы бағаланады.
ҰЖ «Кім жылдам » әдісі
Негізгі және туынды етістіктері тақтаға ілінеді. Мысалы: сабында, ұсақта, шегеле, ақта, жүр, тұр, жаз, биле, ашты, келді іріле т.б. Түбірі қандай сөз табынан тұрғанын сұрап білу.
Бағалау «Баскетбол әдісі» арқылы бағаланады.

  1. Хормен психологиялық жаттығуды айтады.

Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма бойынша берілген етістіктерді топтайды


Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.


Дескриптор:
-негігі,туынды етістікті айыра алады;
-түбірі қандай сөз табынан тұрғанын айтады;




Жаңа білім

Бекіту




Ширату тапсырмасы.
20-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Мәтінді 1 жақта жазу. Мәтіннен етістіктерді тауып, негізгі немесе туынды екенін ажырату. Мәтіннен етістіктерді тауып оқиды. Олардың негізгі немесе туынды екенін ажыратып түсіндіреді, дәлелдейді.
«Биопоэма» Әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады: 1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз) 2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз). 3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби) 4. Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз) 5. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз) 6. Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?) 7. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?) 8. Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?) 9. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз) 10. Тегім Бұл тапсырманы орындап болған соң, олар жазғандарын оқып береді. Етістікті табады. Туынды, негізігі екенін ажыратады.
Топпен жұмыс
Суреттегі заттарға жұрнақ жалғап, туынды етістік жасап жаз.
22-жаттығу. Ребусты шешеді (ақта). Шешуіндегі сөздің қандай етістік екенін түсіндіріп, дәлелдейді. Орындалған жұмысты топта жариялап оқиды. 23-жаттығу.
Үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін дәлелдеу. Оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін дәлелдейді. Сөйлем құрап жазу. Қатені табу және түзету. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетуде «меніңше», «мүмкін болса», «дұрыс болар еді» сөздерін қолданып пікір білдірулеріне басшылық жасалады. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет