Бала : Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
Бала: Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
Бала : Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін.
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер, жас ұлан!
Музыка жетекшісі: Балалардың орындауында «Тәуелсіз ел ұланы» әнін қабыл алыңыздар.
Ән « «Тәуелсіз ел ұланы» (балалар отырады, жалаушалар жиналады)
Музыка жетекшісі: 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күні. Бұл күнді ерекше қуанышпен тойлаймыз. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.
Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған...
Бала: Қайрат Рысқұлбеков,
Бала: Лаззат Асанова,
Бала: Сабира Мұхаметжанова,
Бала: Ербол Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
Слайдтан суреттері көрінеді.
Музыка жетекшісі: Ал, балалар мен сендерге сұрақ қоямын? Сендер «егеменді ел», «тәуелсіз ел» деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?
Бала: «Егеменді ел», «тәуелсіз ел» деген өз рәміздері, өз Ата Заңы-Конституциясы, өзінің елбасшысы-президенті бар дара мемлекет.
Бала: Егемендік ел болудың белгісі
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен берісі.
Бала: Ылғи өрге өрлеген,
Бақыты бұл халықтың.
Мейірімен тербеген,
Тәуелсіздік жарық күн.
Музыка жетекшісі: - Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толы?
Достарыңызбен бөлісу: |