Бала: Қазақстан Рспубликасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 32 жыл толды.
Музыка жетекшісі: - Біздің еліміз өз рәміздері бар, кең байтақ жері бар, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Рспубликасының рәміздерін атап беріңдер?
Бәрі: Ту, Елтаңба, Гимн.
Музыка жетекшісі: Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті кім?
Бәрі: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Бала: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды,
Қасиетті борышым
Бала: Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Бала: Ақ таңымен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап
(Слайдтан рәміздердің суреті көрінеді.)
Музыка жетекшісі: Ата бабам арман ерткен,
Егеменді қазақ жерім
Қуанышын көптен күткен
Құтты болсын дархан елім - дей отырып, биші қыздарымыз «Шашу» биін тарту етеді.
Би: «Шашу» (қыздар)
Музыка жетекшісі: Ал балалар, Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?
Бала: Өзге елде сұлтан болғанша
Өз елінде ұлтан бол (ағылшын тілінде)
Бала: Отан –оттанда ыстық
Бала: Өз елім-өлең төсегім
Бала: Гостях хорошо а дома лудще
Музыка жетекшісі: Бәрекелді, балалар
Ортамызды ашайық,
Мерекеде бүгінгі
Өнерден күмбез шашайық! – олай болса, «Балдырғандар» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Балдырғандар» Орындайтын Нұрасыл (қыздар билейді)
Бала: Біз балдырған нық басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын көк аспан
Достарыңызбен бөлісу: |