«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы дәстүрлі емес технологиялар»» Орындағандар



бет5/7
Дата29.05.2022
өлшемі29.14 Kb.
#458771
1   2   3   4   5   6   7
«М мкіндігі шектеулі балаларды о ытуда ы д ст рлі емес технологи

ТРИЗ технологиясыТРИЗ технологиясы арқылы баланың ойлауы, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

ТРИЗ

Слайд
Жобалау технологиясы. Бөбекжайдағы мүмкіндігі шектеулі баламен педагог жобалауды бірлесіп жүргізеді. Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге, проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Баланың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар төмендігедей кезеңдерге бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай: жеке, жұппен, топпен.
Ұзақтығына қарай:қысқа, орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша:баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Ынтымақтастық педагогикасы білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, балалармен, ата-аналармен қарым-қатынасты, т.б. көптеген жағдайларды қамтитын педагогикалық катынас. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде инновациялық педагогикалық әрекет ретінде инклюзивті білім кеңістігін қалыптастырудың мынадай формалаларын басшылыққа алып жұмыстану қажет:
Ертегі тыңдау немесе рольдер арқылы сомдау;
Халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды.
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А.Байтұрсынов «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі». Ертегінің керек орындары:
Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе;
бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі келтіреді.
Ертегі баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

  • Саяхат ұйымдастырылған оқу қызметтері (театр, мұражай, саябақтарға);

  • «Сурет үйі» терапиясы (изотерапя) (балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, қарым қатынас қабілетін, тілін дамыту бағытында);

Осы мақсатта баланы суреттерге сүйене әңгімелеуге үйрету бірнеше кезеңнен тұрады:
Сәбилер тобында балаларды сурет қарауға дайындау кезеңі ұйымдастырылды. Бұл кезеңдегі мақсат – балалардың сөздік қорын және барлық балалармен қарым-қатынасқа түсуін бақылау. Жеке заттардың суреттерін қарастыру арқылы балалар сөйлеуге белсенді араласады, суретпен танысу тәртібіне жаттығады.
Ортаңғы тобында зат топтамалары бойынша сипаттама, мазмұнды сурет бойынша мазмұнды әңгімелер құрату ұйымдастырылады. Бұл әңгіме түрлерінде әңгімені бала алдымен тәрбиешінің көмегі арқылы, кейіннен өз қабілеті арқылы құрастырады.
Ересектер тобында балалардың ойлау, елестету қабілеттері артуына орай, олар өздігінен, тәрбиеші көмегінсіз сипаттама, салыстырма әңгімелер құрау кезеңі басталады. Балалар баяндау формасында ойша әңгіме сюжетін құрайды, сурет бойынша сюжеттің басталуын және аяқталуын ойдан шығарады.
Слайд
Жалпы мектепке дейінгі ұйымдағы негізгі жұмыс бағыттарымен бірге балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда да терапиялардың мүмкіндіктерін қолдануға болады:
Музыкатерапиясы – есту анализаторлар арқылы эмоционалдық сфераға әсер етеді. Бұл арқылы ес, зейін, образдық ойлау, ассоциация қалыптасады.
Би терапиясы – музыка ырғағымен қимылдау, баланың қозғалыс аппаратын нығайтады. Бұл өз кезегінде баланың жалпы моторикасын және ырғақты сезінуін, өз денесінде бағдарлай алуын дамытады.
Библиотерапия – кітаптар оқып беру арқылы баланың тілін, образдық ойлауын, қиялын, зейінін, есте сақтауын дамыту.
Бұл дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің мүмкіндігін кеңейтіп, оқу материалын игертуді жеңілдетіп, балалардың зейіні мен қабылдауын белсендіреді. Презентацияларда қолданған оқу қызметтері балалардың қызығушылығын арттырып, оқу материалын ұзақ есте сақтауға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет