Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


-бөлімше. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғылары



бет4/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#131117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

12-бөлімше. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғылары
249. МГК барлау объектілерінде ұңғыма өнімдерін алдын ала бөлу үшін:

1) ұңғыма өнімдерін (мұнай эмульсиясы) тұндыру аппараттарына түсу алдында бөлуге дайындауды;

2) газды алдын ала алу арқылы газды сұйықтан бөлуді;

3) мұнайды алдын ала сусыздандыруды қамтамасыз ететін суды бөлуге арналған құрылғылар мен қондырғылар жобаланады және пайдаланылады.

250. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғыларының қондырғыларын орналастыру жобаға сәйкес жүргізіледі.

251. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғыларының қондырғылары, аппаратуралары мен трубақұбырлары тот басуға қарсы жабулармен және жылумен оқшаулаумен жобаға сәйкес қамтамасыз етіледі.

252. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғылары МГК тікелей қауіпсіз пайдалану, қондырғыларды, аппараттарды қысымның артуынан қорғау үшін дайындаушының техникалық құжаттарына және жобаға сәйкес қорғаныс қалқаншаларының жүйесін орналастыру қарастыралады.

253. Мұнай эмульсиясын жіктелуге дайындау үшін мұнай газ жинаудың (мұнайды сепарациялаудың бірінші сатысы алдында) ұштық учаскелерінде реагент-деэмульгаторлар беру, ал тиісті негіздемелер болу кезінде – мұнайды дайындау блоктарынан қайтарылатын суды беру қарастыралады.

254. Мұнай мен суды бірге дайындау үшін аппараттарда мұнайды алдын ала сусыздандыру жүргізіледі. Өнім деңгейжиектеріне айдалатын су мөлшері мен құрамы жобада қарастырылады, талданады және журналда тіркеледі.

13-бөлімше. Сығатын сорғыш станциялар
255. Сығатын сорғыш станцияларды қауіпсіз пайдалану үшін кен орындарын барлау сызбасында:

1) технологиялық модульдағы негізгі технологиялық процестерді жүргізуге арналған аппаратуралар мен қондырғыларды жинақтау;

2) алдын ала газ ала отырып, мұнайды сепарациялау;

3) мұнай, газ, конденсат және суды ұңғымалар және учаскелер бойынша тіркеу;

4) өнімділік қабаттарына қосымша өңдеусіз суды айдауды қамтамасыз ететін ұңғымалар өнімдерін герметикалық аппараттарда алдын ала сусыздандыру қарастырылады.

256. Сығу сорғыш станцияларының құрамы мен қондырғылар сипаттары қабатты флюид сипаттарын ескере отырып анықталады.

257. Сорғыш құрылғылары, технологиялық ыдыстар, трубақұбырлар мен резервуарлар қабатты флюид құрамын, сепарация қысымын және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып пайдаланылады.

258. Буферлі ыдыстың орналасу биіктігі тіке геодезиялық белгілер мен гидравликалық қысымды ескере отырып анықталады.

259. Сығатын сорғыш станция блокта, жарылыс өрт қауіпсіздікпен орындауда пайдаланудың автоматтандырылған режимінде қарастыралады.

261. Газды авариялық жағу үшін газ бөлу факельді құрылғыда іске асырылады.



5-бөлім. Кәсіби роликті трубақұбырлар
262. Кен орындарын орналастыру және барлау жобасына сәйкес объектілер құрамында кәсіби трубақұбырлар (әрі қарай – КТ) қарастырылады:

1) ұңғымалардан өлшеу құрылғысына дейін өнімдерді жинауды қамтамасыз ететін сағалық алаңнан басталған тастау трубалар;

2) автоматтандырылған топтық өлшеу құралдарынан мұнайды сепарациялайтын бірінші пунктке дейінгі мұнай газ жинау трубалары, сығатын сорғыш станциялар немесе орталық жинау пункті;

3) мұнайды жинау пунктінен шығатын мұнай құбырлары және орталық жинау пунктіне дейінгі сығатын станция;

4) орталық жинау пунктінен мұнайды магистралды тасымалдау ғимаратына дейінгі мұнай құбырлар;

5) мұнайды сепарациялау құрылғыларынан газды дайындау құрылғысына, газ компрессорлық станцияға, орталық жинау пунктіне, газды қайта өңдеу кешеніне дейінгі газ құбырлар;

6) газды газ лифт және қысымды ұңғымаларға тасымалдауға арналған газ құбырлар;

7) қабатқа су айдауға арналған трубақұбырлар;

8) ингибиторларға арналған трубақұбырлар;

9) орталық жинау пунктінен газды магистральды тасымалдау ғимаратына дейінгі газ құбырлары.

263. Газ және мұнай өнімдері бар трубақұбырлардың су құбырлары мен пневматикалық трубақұбырлармен тікелей қосылатын трубақұбырлары болмайды.

264. Трубақұбырлар өзара бақылау бұрандалары бар ысырмалармен және ашық қалыпта болатын олардың арасындағы манометрмен ғана қосылады. Ысырмалар герметикалығы манометрде қысымның болмауына қарай ауысымда бір реттен жиі емес тексеріледі.

265. Трубақұбырлар өзін-өзі компенсирлейтін профиль бойынша салынады немесе компенсаторлар технологиялық процесс жағдайына және қызу температурасына байланысты орнатылады.

266. Жер үсті трубақұбырлар жобаға сәйкес жанбайтын материалдардан жасалған тіреулерде салынады.

Тіреу конструкциялары ретінде қолданыстағы трубақұбырлар, қондырғылар, ғимараттар мен имараттар элементтерін қолдануға жол берілмейді.

Тіреулер мен компенсаторлар конструкциялары трубақұбырлардың техникалық құжаттарда белгіленген шектегі температуралық жағдай өзгергенде жылжытылуын қамтамасыз етеді.

Трубақұбырлар бекітіледі және вибрациядан және сыртқы механикалық әсер етуден қорғалады.

Жер үстінде салынған ілінулер мен трубақұбырлар тіреулерінің жағдайындағы ақаулар мен бұзушылықтар жойылады.

267. Қыздырылған жоғары тұтқырлы өнімді әрбір айдаудан кейін суып қалу қауіптілігі болған жағдайда трубақұбырлар, оның ішінде авариялық трубақұбырлар қатпайтын аз тұтқырлықтағы өнімдермен айдалады.

268. Кәсіби трубақұбырлар бойында трасса бойынша автомобиль көлігінің өрт техникасының, жүк көтеру және жер қазу механизмдері мен қондырғыларының техникалық қызмет көрсету үшін кедергісіз және қауіпсіз қозғалу мүмкіндігі қарастырылады.

269. КТ салу кезінде тасымалданатын ұңғыма өнімдерінің классификацияларына, топтары мен санаттарына, физико-химиялық қасиеттеріне және жұмыс параметрлеріне (қысым, температура) сәйкес қауіпсіз қашықтықтар сақталу қарастыралады.

Топтар мен санаттар тұрақты жұмыс параметрлері бар КТ әрбір учаскесі үшін жобада көрсетіледі.

Трассаларды елді мекендер арқылы салуға жол берілмейді.

Жұмыс қысымы жүктеме коэффициентін ескере отырып, қысым көзінің максималды қысымы бойынша анықталады, жұмыс температурасы тасымалданатын заттардың максималды температурасы бойынша қабылданады.

КТ учаскесін қысым көзінің белгісінен төмен орналастыру кезінде айдалатын өнімнің гидростатикалық қысымы ескеріледі.

270. Транзитті технологиялық трубақұбырларды ғимараттар, имараттар, құрылғылар үстінен және астынан тікелей орналастыруға жол берілмейді. Бұл талаптар резервуарлар үстінен өтетін газды тепе-теңдікке келтіретін жүйенің трубақұбырларына таралмайды.

271. Трубаларды қосу дәнекерлеуді қолдану арқылы жүргізіледі. Фланцті және бұрандалы қосулар бітегіш арматураларды, қысымды реттеушілерді, қорғаныс қалқаншаларын, БӨҚАҚ және трубақұбырлар компоненттерін жобада және дайындаушының техникалық құжаттарында көзделген қосу орындарында орнатылады.

272. КТ автомобиль және темір жолдармен қиылысулары жобалық құжаттарға сәйкес жалтырауықтар орнату арқылы футлярларда орындалады.

273. КТ өзін-өзі компенсирлеу профилі бойынша немесе температуралық компенсаторлар орнату арқылы салынады.

274. КТ желелік бөлігінің, бұрылыстар мен ажыратулар профилі жобаға сәйкес инженерлік және геодезиялық зерттеулер нәтижелерімен орындалады.

275. Су бөлуі мүмкін трубақұбырлар профильдерінің төмендетілген учаскелері болмайды. Су бөлінуі мүмкін орындарда оны дренаждау қарастыралады.

276. Топырақтарды, қалдықтарды немесе КТ қалқып шығуының бақыланбайтын қауіптілігі болатын трассалар маршруттарында жобада немесе құрылыс кезінде қорғаныс шаралары қарастыралады.

277. КТ ішкі кеңістігін тазарту және тексеру үшін тазарту және диагностикалық құрылғыларды іске қосу, ВСН 011-88 магистральды және кәсіби трубақұбырлар құрылысы жолақтарды тазарту және сынау және жобалық құжаттарға сәйкес, олардың жылжуын бақылау, химиялық реагенттермен өңдеу және үрлеу жөніндегі шаралар қарастырылады.

278. КТ трассасы бойынша тану белгілері 1 км кем емес қашықтықта, бұрылыс бұрыштарында және коммуникациялармен қиылыстарда тану белгілері орнатылады.

Трасса қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының қарсы жүруі үшін және көрсеткіші бар тұрақ алаңдары үшін белгілі орындар бөлінеді.

279. КТ бітегіш арматурасын орнату жобаға сәйкес жүргізіледі.

Әрбір КТ басы мен орнында пайдаланудан жедел шығаруға арналған бітегіш құрылғылар орнатылады.

Бітегіш құрылғылар жобада көрсетілген өтетін орындарда және қауіпті учаскелерде, интервалдар арқылы желілік бөліктерде орнатылады.

280. Қызу температурасы 200° артық, от алу температурасы 45°С кем және зиянды заттары болатын газдар мен жеңіл от алатын сұйықтарға арналған өнімдерге трубақұбырлар температурасы мен қысымына байланыссыз орнатылатын бітегіштер мен арматуралар болаттан жасалады және технологиялық орта сипатына сәйкес келеді.

Бітегіш арматураның орналасуы ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету, жөндеу және өлшеуді ескере отырып жүргізіледі.

Консервациядағы және жөндеудегі трубақұбырларда бітегіш арматураларды ашық қалдыруға жол берілмейді.

Трубақұбырлардағы бітегіш арматура жүйелі тексеріледі және майланады. Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін бітегіш арматураның ашу және жабу тәсілдерін қолдануға жол берілмейді.

Гидравликалық соққының алдын алу үшін трубақұбырлардағы бітегіш арматуралар баяу ашылады және жабылады.

Бітегіш арматура өнімнің трубақұбырлардағы жекелеген учаскелеріне жедел және сенімді бару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бітегіш арматуралардағы және трубақұбырлардағы ақаулар жойылады.

Технологиялық ортаны тазартқаннан кейін, бумен, инертті газбен айдағаннан кейін, ысырмалар орната отырып, қолданыстағы трубақұбырларды ажыратқаннан кейін және журналда тіркей отырып, трубақұбырлардағы тығыздағыштар мен бітегіш арматураларды алмастыруға жол беріледі.

281. Мерзімді жинастыруды талап ететін арматуралар мен салмағы 50 кг артық трубақұбырлар элементтерін орналастыру орындарында арматураларды монтаждау және демонтаждауға арналған тасымалданатын немесе механизациялаудың стационарлық құралдары қарастырылады.

282. Ұңғымалармен тікелей байланысты тастау трубақұбырлары мұнай газ құбырларын авариялық герметизациялау кезінде ұңғымадан қабатты флюидтің ағынын автоматты жабатын бітегіш құрылғылармен жабдықталады.

283. Трубақұбырларда оқшауланған ішкі кеңістіктер, рециркуляция және турбуленттілік аумақтары алынып тасталады.

284. Дистанционды басқаруы бар бітегіш құрылғылар КТ жобаға сәйкес ұңғымаларда қарастырылады.

285. КТ бітегіш арматурасында, соның ішінде редукторы немесе штоктың жасырын қысым болатын бітегіш құрылғысында олардың айналу бағытын «Ашық», «Жабық» көрсететін көрсеткіштер орналастырылады. Бітегіш арматуралар және қорғаныс қалқаншалар технологиялық сызбаға сәйкес белгіленеді және нөмірленеді.

286. Құдықтарда орналасқан КТ бітегіш арматуралар (ысырмалар, крандар) құдыққа түспей ашып-жабу үшін дистанционды басқарумен немесе ұзартылған штоктармен қамтамасыз етіледі.

287. Реконструкция және жөндеуден кейін пайдалануға беру алдында жобалық құжаттарға сәйкес жолақтарды тазарту және мықтылығы мен герметикалығына сынау жүргізіледі.

КТ сынау және тазарту кезіндегі қауіпті аумақтар шекаралары осы Ереженің 6-қосымшасында көрсетіледі. Қауіпті аумақтар ескерту және қауіпсіздіктің тыйым салу белгілерімен белгіленеді.

Сынаулар участоктың немесе барлық КТ дайындығы тексерілгеннен кейін сыналатын объектілердің орындау құжаттары ұсынылғаннан кейін және жұмысты ұйымдастыру жоспарында қарастырылған қауіпсіздік шаралар орындалғаннан кейін жүргізіледі.

Сынау жүргізу кезінде технологиялық ортаны КТ қауіпсіз алу және пайдаға асыру қарастырылады.

288. КТ мықтылығы мен герметикалығына тексеріледі. Сынау түрі мен әдістері (гидравликалық, пневматикалық), ұзақтығы мен нәтижелерін бағалау жобалық құжаттарда көрсетіледі. Сынау қысымының шамасы және ұстау уақыты технологиялық регламентте анықталады.

289. Жобада және технологиялық регламентте нұсқаулықтар болмаған жағдайда герметикалыққа сынау уақыты қарау ұзақтығы мен КТ тексерумен анықталады.

290. Герметикалық болмағанда, енгізу және шығару қосылыстарында жіберулер болғанда, температуралардың, ажыратулар мен көрінетін қалдық деформациялардың қасиеттерінің өзгеруін ескере отырып, манометр бойынша қысымның төмендеуі кезінде мықтылық пен герметикалыққа сынау қанағаттанарлық болып табылады. Сынау нәтижелері актімен рәсімделеді.

291. Ауаның теріс температура кезінде жұмыс жүргізу кезінде технологиялық ортаның қатуының алдын алу жөніндегі шаралар қабылданады.

292. Құрамында ылғал болатын мұнай және мұнай өнімдеріне арналған трубақұбырлар жылу оқшаулаумен қорғалады, ал төмен температурада пайдалану кезінде жылу серіктерімен жылытады.

Оқшаулау ақаулары анықталған кезде оны қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.

293. Дефектілер анықталған жағдайда оларды жою қысым атмосфералыққа дейін төмендетілгенде жүргізіледі.

294. Сынау кезінде қолданылған манометрлер орнатылар алдында шкалаға сәйкес келуіне, пломбалар мен рұқсат етілетін қысым белгілердің болуына тексеріледі.

295. КТ инертті газбен немесе бумен айдау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Құрамында күкірт сутегі, меркаптандар және зиянды заттар болатын газбен айдауға жол берілмейді.

Айдағаннан кейін КТ сыналған учаскесінде бітегіш арматуралар жабылады және журналда тіркей отырып, сынау актісін жасау арқылы бітегіштер орналастырылады.

296. Айдау немесе сынау кезінде КТ жағдайын бақылау үшін жұмыс жетекшісімен екі жақты байланыспен қамтамасыз етілген қызметкерлер тағайындалады; олар келесі функцияларды орындайды:

1) КТ бекітілген учаскесін тұрақты қадағалау;

2) жер асты және жер үсті КТ сынау кезінде қауіпті аумақта және қозғалуға жабық жолдарда адамдардың болуына, жануарлар мен көлік құралдарының қозғалуына жол берілмейді;

3) бақылау тұлғасына айдау және сынау жүргізуге кедергі туғызып отырған немесе КТ жақын орналасқан адамдар, жануарлар, ғимараттар мен имарттарға, көлік құралдарына қауіп келтіретін барлық жағдайлар туралы жедел хабарлау және оларды қауіпті аумақтан шығару жөніндегі шаралар қабылдау.

297. КТ күзету алаңы аумағында жұмыс аяқталғаннан кейін жойылатын жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жөндеу немесе реконструкциялауға тереңдетулерден басқа қажетті жобада қарастырылмаған кәріздік құдықтар, қазандықтар, траншеялар орналастыруға жол берілмейді.

298. Трубақұбырлар ұйым бекіткен кестеге сәйкес мерзімді қаралуға және техникалық куәландырылуға жатады.

299. Трубақұбырлар пайдалану кезінде трубақұбырлар және олардың элементтерінің (дәнекерлеу тігістері, фланцті қосылыстар арматуралар) жағдайына, тот басудан қорғалауы мен оқшаулануына, дренажды құрылғысына, компенсаторлар, КТ паспортына нәтижелер жазыла отырып, іреу конструкцияларына тұрақты бақылау жасалады.

300. Мерзімді қарау кезінде:

1) ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес трубақұбырлардың техникалық жағдайы сыртқы қараумен, ал тотбасуы мен эрозиялық тозуы жоғары орындарда жүктелген қималар бұзбайтын бақылаумен;

2) алдындағы зерттеу бойынша ескертулерді жою және трубақұбырларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі шаралардың орындалуы;

3) трубақұбырларға қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу жөніндегі техникалық құжаттарды жүргізу тексеріледі.

301. КТ профилактикалық қарау технологиялық регламентте көрсетілген талаптар сақталған кезде жүргізіледі.

302. Вибрация әсер ететін трубақұбырлары тіреулері мен эстакадалары астындағы фундаменттерді пайдалану кезінде вибрация амплитудасы мен жиілігін бақылау құралдарын қолдана отырып мұқият қаралады. Технологиялық трубақұбырлар вибрациясының максималды рұқсат етілетін амплитудасы 40 Гц артық болмағандағы вибрация жиілігінде 0,2 мм.

Бұл жағдайда анықталған дефектілер жойылуға жатады.

Нақты жағдайлар мен трубақұбырлар жағдайына байланысты қарау мерзімі технологиялық регламентте белгіленеді, бірақта 3 айда бір реттен жиі емес.

303. Сырттай қарау кезінде трубақұбырлар вибрациясы және:

1) оқшаулауы мен жабулары;

2) дәнекерлеу тігістері;

3) фланцті және муфтілі қосылыстар, құралдарды орнатудың бекітулері мен құрылғылары;

4) тіреулер;

5) компенсирлеуші құрылғылар;

6) дренажды құрылғылар;

7) арматуралар мен оның тығыздағыштары;

8) қалдық деформацияларды өлшеуге арналған реперлер;

9) дәнекерлеу тігістері, фитингілері, қайырулар мен бұрылыстар жағдайы қарастырылады.

304. Герметикалық еместігі анықталған жағдайда трубақұбырлардағы қысым атмосфералыққа дейін ыстық трубақұбырлар температурасы 60°С дейін төмендетіледі, технологиялық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып дефектілер жойылады.

Дефектілер анықталған кезде және оны электр газбен дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу арқылы жою кезінде трубақұбырлар участоктары ажыратылады, наряд-рұқсат беруге сәйкес жөндеу жүргізуге дайындалады.

305. Профилактикалық қарау кезінде күзету алаңдары аумақтарындағы құдықтар мен басқа да тереңдетулерге түсуге жол берілмейді. Газдану немесе ақаулар анықталған жағдайда персонал әрекеті АЖЖ бойынша және объектілер жетекшісінің нұсқауы бойынша ТО ЖҚҚ қолдана отырып орындалады.

306. КТ техникалық жағдайларын және ревизия жүргізу мерзімі осындай КТ пайдалану тәжірибесін, сыртқы қарау, ревизиялар арасындағы қауіпсіздікті және КТ авариясыз пайдалануды қамтамасыз етудің алдындағы ревизияның нәтижелерін ескере отырып, тот басу эрозиялық процесстер жылдамдығына байланысты ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша орнатылады.

КТ бірінші ревизия пайдалану басталғаннан кейін бір жылдан кейін жүргізіледі.

307. Трубақұбырларды мықтылығы мен герметикалығына мерзімді сынау әдетте КТ ревизиялау кезінде жүргізіледі.

Сынау мерзімділігі тасымалданатын орта, қасиеттері, оны тасымалдау шарттары және тот басу процестерінің жылдамдығы ескеріле отырып жүргізіледі.

КТ ревизиялау нәтижелері актіде және техникалық паспортта көрсетіледі.

308. КТ оқшаулау жабуының мерзімді бақылауы ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша жер бетін ашпай оқшаулау зақымдануын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалау әдістерімен жүргізіледі.

Ыстық заттар сіңірілген оқшаулау учаскелері анықталған кезде АЖЖ сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары қабылданады.

309. КТ қабырғалар, жабулар және фундаменттер арқылы салу орындарында футлярлар мен тығыздағыштар орнатылады. Дәнекерлеу тігістерінің фланцті және бұрандалы қосылыстардың трубалар салу орындарында болуына жол берілмейді.

310. Отын және сығылған газ беруге арналған газ құбырлары өнеркәсіп қауіпсіздігі мен жобалық құжаттар талаптарына сәйкес пайдаланылады.

311. Жұмыс істемейтін және техникалық сызбадан шығарылған трубақұбырлар сызбада көрсетіле отырып тазартылады, үрленеді және тығындар орнатыла отырып бітегіш арматуралармен жабылады және журналда тіркеледі.

312. Тоннельдерде салынған трубақұбырлар, олардығы ілінулері мен тіреулерінің жағдайына қосымша бақылау жасалады. Трубақұбырлар, олардың ілінулері мен тіреулерінде анықталған ақаулар жойылады.

313. Трубақұбырларды пайдалану жобада қарастырылған параметрлерде іске асырылады. Жобалық құжаттар болғанда технологиялық регламентке өзгерістер енгізіледі.

314. Трубақұбырлардағы (хомут) газ шығатын орындарды герметизациялауға арналған құрылғылар жоспарлы жөндеу жұмыстары басталғанға дейін техникалық ортаның ағуының алдын алу үшін орнатылады.

Трубақұбырларды хомуттар және жобада және технологиялық регламентте көзделмеген басқа да стандартты емес элементтер болғанда пайдалануға жол берілмейді.

6-бөлім. Мұнайды дайындау құрылғылары

1-бөлімше. Мұнайды дайындаудың технологиялық кешені
315. Мұнайды дайындау құрылғыларының (әрі қарай – МДҚ) құрамы, пайдаланудың техникалық және технологиялық жағдайлары жобада анықталады.

316. МДҚ кешенін және оның құрамына енгізілетін ғимараттар мен имараттар, қондырғылар, трубақұбырлар, арматуралар, металлконструкциялар, жерге қосу құрылғылары, БӨҚАҚ, блокировкалау, желдеткіш, кәріз, байланыс, өрт сөндіру, жеке қорғаны құралдарының, ТП АБЖ, телеметрия, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғану жүйесінің болуының техникалық жағдайы мен өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын тексеру іске қосу және пайдалану процессі кезінде ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда өндірістік аумақтың, күзет және санитарлық - қорғаныс аумағының, кіре-беріс жолдардың жағдайы тексеріледі. Тексеріс нәтижелері актімен рәсімделеді.

317. МДҚ, қосымша құрылғылар мен ғимараттарды пайдалану жобаға және технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады. Регламент әзірлеу жөніндегі ұсынымдар осы Талаптың 7-қосымшасында көрсетілген.

МДҚ құрамы, қондырғылар белгілеулері мен нөмірлері операторлық ғимараттағы технологиялық сызбада, блок-сызбада нақты жағдайымен және енгізілген өзгерістерге сәйкес көрсетіледі.

318. Құрылғыларды пайдалану процесінде жобада және технологиялық регламентте қарастырылған технологиялық цикл (қысым, температура, өнімділік) параметрлері бақылаумен қамтамасыз етіледі.

319. Операторлық ғимараттағы бақылау-өлшеу құралдары көрсеткіштерінің сәйкес келуі мерзімді тексеріледі және қондырғыларда, аппараттарда, сорғыштарда резервуарларда, сепарторларда, трубақұбырларда тікелей орнатылған құралдар көрсеткіштерімен салыстырылады.

БӨҚАҚ тексеру технологиялық регламентке сәйкес бақылау метеорологиялық құралдармен жүргізіледі.

320. Технологиялық параметрлерді реттеу және өзгерту технологиялық регламентке сәйкес баяу іске асырылады.

Параметрлерді өзгерту шарттары және ауытқулар шектері МДҚ пайдалану, іске қосу және тоқтату жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес белгіленеді.

321. Дұрыс жұмыс істемейтін қорғаныс қалқаншалары, бітегіш, ажыратқыш және реттеуіш құрылғылар кезінде, БӨҚАҚ, автоматика және телеметрия құралдары, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғану жүйесі болмаған және олардың дұрыс істемеуі кезінде қондырғылар, аппараттар мен ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

322. Қызмет көрсету персоналы технологиялық сызбада көрсетілген қондырғылар, аппараттар, БӨҚАҚ, қорғаныс жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне тұрақты бақылау жасайды.

323. Аппараттарда, қондырғыларда, трубақұбырлар мен арматураларда дұрыс жұмыс істемеушілік пен герметикалық емес анықталған жағдайда мұнай мен мұнай өнімдерінің от алуының, ағуының алдын алу үшін газ шығатын орынға жедел су жіберіп, жұмыс жетекшісіне хабарланады, қорғаныс құралдарын қолдана отырып, АЖЖ көзделген бірінші кезектегі әрекеттер орындалады. Жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша объектіні тоқтату жүргізіледі және авариялық құтқару және өрт қызметі қатыстырылады.

324. Газданудың қауіпті аумағының шекарасы газометрикалық бақылау құралдарымен анықталады және қауіпсіздік белгілерімен және «Кіруге болмайды», «Газ қауіпті» ескерту белгілерімен белгіленеді.

АЖЖ бойынша әрекеттерге қатыстырылмайтын персонал қауіпті аумақтан шығарылады, қорғаныс және ұшқын сөндірушілер құралдары болған жағдайда жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жұмыскерлер мен көліктердің режимді өтуі белгіленеді.

325. Соққылармен, тартпамен, қысымда болатын аппараттармен трубақұбырларда болттар мен шпилькаларды бекітумен байланысты, жұмыстарды жүргізуге, жұмыс істеуші сорғыштарда егер дайындаушының техникалық құжаттарында қарастырылмаған жағдайда герметизаторларды бекітуді жүргізуге жол берілмейді.

326. Қондырғылар, аппараттар, ыдыстар, резервуарлар, сыйымдылықтар қақпақтары қауіпсіз ашу, фиксациялау және механизациялау құралдарын қолдана отырып, дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес пайдаланылады.

327. Қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлар, резервуарлар, сыйымдылықтардың оқшаулау және қорғаныс жабулары жобаға, дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Зақымдану анықталған кезде жұмыс жетекшісімен оны қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.

328. Сорғыш станцияларды пайдалану жұмыстың жобалық рұқсат етілген параметрлері мен аппараттар, резервуарлар және ыдыстардағы өнімнің шектік деңгейінен ауытқу кезінде іске қосылатын жарық және дыбыс сигнал беруші болған жағдайда жүргізіледі.

Герметикалықтың және тығыздауыш элементтердің дұрыс жұмыс істемейтін жүйесі кезінде жұмыс істеуге жол берілмейді.

329. Резервті сорғыштарды іске қосу алдында оларды технологиялық өнімді сатылы енгізу арқылы алдын ала қыздыру жүргізіледі. Сорғыштарды алдын ала қыздырмай іске қосуға жол берілмейді.

330. Сорғыш құрылғыларды аппараттар, резервуарлар және ыдыстардағы өнім деңгейінің сәйкес келмеуі кезінде іске қосуға және пайдалануға жол берілмейді.

331. Технологиялық өнімді, газды, буды, суды, электр энергиясын, ауаны беруді тоқтату, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, басқа объектілерде қауіпті жағдай пайда болғанда персонал АЖЖ көзделген әрекеттер мен шараларды орындайды.

Қауіпті жағдайда жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша АЖЖ бойынша хабарлау және объектілерді авариялық тоқтату жүргізіледі. Жұмыстарды қалпына келтіру МДҚ техникалық жағдайын тексергеннен және қауіпсіздікті бұзуды жойғаннан кейін жүргізіледі.

333. Технологиялық ортаны аппараттар мен ыдыстардан дренаждау автоматты режимде герметикалық жүйеде жүргізіледі.

Қолмен басқарудың бітегіш құрылғысын дренаждау кезінде жұмыстар ТО ЖҚҚ және жұмыс орнындағы газдануды тексергеннен кейін бақылаушының қатысуымен жүргізіледі. Дренаждау жүргізу қызметкерлері және бақылаушылар газ қауіпті құрылғының бүйір жағынан орналастырылады. Су, мұнай, мұнай өнімдері құбырларын дренаждау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

334. МДҚ трубақұбырлары технологиялық ортадағы резервуарға немесе авариялық ыдысқа тиімді және қауіпсіз шығару үшін вибрацияның әсер етуін ескере отырып бекітіледі.

Мұнай өнімдерін қауіпті жағдайда шығару технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

335. Сынамалар алу аппараттағы максималды қысымға есептелген сынама алуларды қолданыла отырып жүргізіледі.

Бұрандалы дұрыс жұмыс істемейтін сынама алушыларды қолдануға жол берілмейді.

Сынама алу кезінде персонал ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, газ анализаторларды қолданады.

336. Аппараттар, ыдыстар, қыздыру құрылғыларындағы технологиялық орта деңгейін визуальды бақылауға арналған құралдар сыртқы әсер етулер мен бұзулардан қорғайтын термо төзімді шыныдан дайындалады.

337 Жылу алмасуларды іске қосу технологиялық ортаның температурасын біртіндеп арттыра отырып жүргізіледі.

338. Мұнай өнімдерін мұздатқыштар конденсаторларынан шығатын суда ұстауға жол берілмейді, ал ол анықталған жағдайда аппарат ажыратылады.

339. МДҚ жұмысын ұзақ уақытқа немесе консервациялауға тоқтату кезінде аппараттар мен трубақұбырларды тот басудан, суық уақытта мұздан еріту кезінде және оларда жарылыс өрт қауіпті қоспалардың пайда болуынан қорғау жөніндегі акт жасала отырып шаралар қабылданады.

340. Сепараторлар, аппараттар, ыдыстар, резервуарлар, трубақұбырлар және қондырғыларды үрлеу кезінде мұнай өнімдерінің газ және булары газ жинақтау желісіне және факельді жүйеге шығарылады. Сұйық фаза ыдыстарға, резервуарға және дренажды жүйеге шығарылады. Көрсетілген жұмыстар газдану, ШЖК және ЗШЖК тұрақты бақылау кезінде орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет