Мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша



бет2/4
Дата27.06.2016
өлшемі472.5 Kb.
#160681
1   2   3   4

Ескерту. 1. Акваториядағы ұңғымалардың жобалық орнын ауыстырудың шекті рауалы қателері 125-тармақта келтірілген.

2. Техника-экономикалық көрсеткіштермен негізделген жағдайларда жобалық ұңғымаларды натураға ауыстыруды 35-тармақтың 2-кестесінде көзделген дәлдікпен орындалады.

20. Ұңғымалардың орналасу жобасын натураға ауыстырудың алдында жұмыстардың ауданын алдын ала байқау және зерттеу болады, оның нәтижесінде: геодезиялық таңбалардың сақталғандығы, қолда бар топографиялық карталардың сапасы анықталады, жобаны натураға ауыстыру тәсілі нақтыланады.

21. Ұңғымалардың орналасу жобасын натураға ауыстыру, тәртіп бойынша, топографиялық карталарды пайдалану арқылы орындалады, олардың масштабы мен сапасы талап етілетін дәлдікті қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге графикалық не болмаса графоаналитикалық әдістер қолданылады: ұңғыманың орналасқан орнын жергілікті жердің анық көрсетілген контурымен бірлестіру, контурдың бойындағы өлшеу, сызықтық, тура, кері және құрастырылған қиылыстырулар, тұстамалар әдісі және қашықтық өлшеуіш-теодолиттік жүрістер.



22. Қажетті картографиялық материал болмаған жағдайда ұңғымалардың жобалық орнын натураға ауыстыру бұрыш өлшеуіш құрал-саймандарды және маркшейдерлік-геодезиялық негізгі пункттерін пайдалану арқылы аналитикалық әдістермен жүзеге асырылады.

23. Егер жергілікті жерде жылжытуға арналған шарттар, қолда бар топографиялық картадағы бағдарлардың немесе геодезиялық негізгі пункттерінің тығыздығы мен дәлдігі ұңғыма жатысының орнын талап етілетін дәлдікпен анықтауды қамтамасыз етсе, ұңғымалардың жобалық орнын натураға ауыстыру талап етілетін дәлдікті спутниктік навигациялық жабдықтың (GPS-қабылдағыштар типті) немесе топобайланыстырғыштың көмегімен орындалады.

24. Ұңғыманың орналасқан орнын қосарлы тәуелсіз анықтау арасындағы айырмашылықтарға 1-кестеде көрсетілген, шекті қателердің бір жарымнан артық мәніне жол берілмейді.

Ұңғыма жатысының түпкілікті орны үшін анықталатын нүктенің орташа орны қабылданады.

25. Ұңғымалар жатысының орындары 0,7 м тереңдікке салынатын, ұзындығы 1,2 м металл құбырлармен немесе ағаш қадалармен бекітіледі, олардың маңайында радиусы 0,5 м-1,0 м қопсыту орындалады.

Құбырдың (қаданың) жоғарғы бөлігінде өшірілмейтін бояумен ұңғыманың нөмірі, ұңғыманы натураға ауыстыру күні және жұмыс жүргізетін ұйымның атауы жазылады.

Бекітілген таңбаға кроктар құрастырылады.

Егер таңбаның сақталуына кепілдік берілмесе (ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, құрылыс алаңдары), оның маңайында осыған ұқсас қосымша таңба салынады. Кроктарда және тапсыру актілерінде ұңғыманың бағытын және жатысы орнының осы таңбадан арақашықтығын көрсетеді.

26. Ұңғымалар жатысының орындары жергілікті жерде бұрғылауды орындайтын ұйымның жауапты өкіліне көрсетіледі және нысаны 3-қосымшада келтірілген акт бойынша тапсырылады.

27. Ұңғымалар жатысы орындарының алдын ала абсолют биіктіктері топографиялық карталар немесе аэротүсірімдер бойынша стереофотограмметриялық тәсілмен анықталады.

Егер қолда бар карталар талап етілетін дәлдікті қамтамасыз етпесе, онда биіктіктер аспаптық әдістермен анықталады.

28. Топографиялық карта бойынша анықталатын, ұңғыманың орналасқан орны биіктігінің күтілетін орташа квадраттық қатесі жуықталған формула бойынша есептеледі:



;

мұнда m1 –топографиялық карта бойынша биіктікті анықтаудың орташа квадраттық қатесі;



mp -геодезиялық негізге қатысты ұңғыманың салынған орнының жоспарлық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесі;

ν-горизонтальдардың салынуы бойынша анықталатын, жергілікті жердің көлбеу бұрышы.

29. Ұңғымалардың жоспарлық орнын натураға ауыстыру бойынша жұмыстардың нәтижесінде келесі материалдар құрастырылады:

1) ұңғымалардың жоспарлық орнын натураға ауыстыруға өкім (тапсырма) және егер ондай орын алса, оларды ығыстыруға өкім;

2) өлшемдердің далалық журналдары, есептеулер ведомостері;

3) ұңғымалардың орналасқан орындарының кроктары;

4) ұңғымалардың орналасқан орындарын натураға ауыстыру сұлбасы;

5) ұңғымалардың орналасқан орындарының координаталары мен биіктіктерінің тізімі;

6) ұңғымалар орналасуының натураға шығарылған орындарын бұрғылауды орындайтын ұйымға тапсыру туралы акт.



2-параграф. Ұңғымалар сағаларының жоспарлы-биіктіктік

орнын анықтау
30. Ұңғымалар сағаларының-биіктіктік орнын анықтау (ұңғымаларды байланыстыру) геологиялық ұйым басшысының өкімі (тапсырысы) негізінде бұрғылау фонары мен роторын орнатқан соң орындалады (4-қосымша).

31. Ұңғымалар сағаларын байланыстыру бойынша жұмыстардың мазмұнына мыналар кіреді:

1) қажетті картографиялық геодезиялық материалдарды және бастапқы деректерді жинау, алу және дайындау;

2) маркшейдерлік-геодезиялық негізді дамыту (қажет болғанда);

3) ұңғымалар сағаларының пландық-биіктіктік орнын анықтау;

4) жергілікті жерде бағдарлық бағыттарды бөлу және бекіту (қажетті жағдайларда);

5) ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерін есептеу және каталогты құрастыру;

6) ұңғымалар сағаларын (ал қажетті жағдайларда ұңғыма оқпанына тән басқа нүктелерді де) арнайы геологиялық карталарға және маркшейдерлік пландық түсіру.

32. 1-4 класты және 1, 2 разрядты геодезиялық торап пункттеріне қатысты (акваторияларда орналасқан ұңғымалардан басқа) әр түрлі топты ұңғымалар сағаларының жоспарлы және биіктіктік орындарын анықтаудағы қателердің натураға шекті мәндері 2-кестеде көрсетілген шамалардан артық бола алмайды.

2-кесте


Ұңғымалар категориясы

Шекті қателер


жоспарда, м

биіктігі бойынша (м)

I-топ

Жеке тіректік және параметрлік ұңғыма-лар


100

5,0


П-топ

1. Алаңдарда және кескіндер бойынша салынатын, құрылымдық және іздеу ұңғымалары

2. Барлау ұңғымалары

30

12


1,0


0,5

III-топ

Пайдалану алаңдарындағы ұңғымалардың барлық категориялары


4

0,3

33. Ұңғымаларды бір категориядан екіншіге ауыстырғанда, сондай-ақ іздеу-барлау алаңдарын пайдалануға берген кезде, 2-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерін қайта анықтау жүргізіледі.

34. Онда 1-4 класты және 1, 2 разрядты геодезиялық тораптар пункттері жоқ немесе құрылымдық және іздеу-барлау ұңғымаларын (II-топ) байланыстыру үшін олардың тығыздығы жеткіліксіз аудандарда, жұмыстық негіздеу торабы құрылуы мүмкін.

35. I және П-топ ұңғымаларының сағаларын пландық-биіктіктік байланыстыру (2-кесте) аспаптық түсіру арқылы, графоаналитикалық және аналитикалық тәсілдермен, сондай-ақ егер бұл карталар (фотопландар) байланыстырудың талап етілетін дәлдігін қанағаттандырса, топографиялық карталар, аса ірі масштабты фотопландар (фотосұлбалар) бойынша орындалады.

Пайдалану алаңдарына орнатылатын ұңғымалар жұмыстық негіздеу пункттерін есепке алмағанда, маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттеріне аналитикалық әдістермен байланыстырылады.

36. I және II-топтар ұңғымаларын жақында жатқан тұрақты бағдарға немесе ұңғымалардан 250-300 кем емес арақашықтықта орналасқан, бекітілген нүктеге (апаттық лақтырыс, өрт және тағы басқа жағдайда) байланыстыру керек. Ол үшін нүктеден (бағдардан) ұңғыма сағасына дейінгі арақашықтықты 1000 салыстырмалы қатемен және тұрақты затқа және ұңғымаға бағыттар арасындағы бұрышты 30" артық емес шекті қатемен өлшейді.



2-1-параграф. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын топографиялық карталар бойынша анықтау
37. Ұңғымалар сағаларын пландық байланыстыру үшін топографиялық карталар пайдаланылады, тәртіп бойынша олардың масштабы (2-кесте) төмендегілерден ұсақ емес болып қабылданады:

1) I-топ ұңғымалары үшін 1:100000;

2) II-топ ұңғымалары үшін (пункт «1») 1:25000;

3) III-топ ұңғымалары үшін (пункт « ») 1:10000.

38. Ұңғымалар сағаларының пландық топографиялық карталар, фотопландар бойынша орнын анықтау сенімді танылған бағдарлардан, картада бар жергілікті заттардан, 23-25 тармақтардағы әдістермен, принциптермен жүргізіледі.

Ұңғымалар сағаларын байланыстыру процесінде кроктар құрастырылады, оларда байланыстыру үшін пайдаланылатын, бағдарлар мен жергілікті заттар, сондай-ақ сызықтардың ұзындығы және бұрыштардың мәндері көрсетіледі; ұңғыма орнының қысқаша сипаттамасы беріледі.

39. I және П-топ ұңғымалары сағаларының жоспарлық орнын анықтауды спутниктік жабдықтардың немесе топобайланыстырғыштың көмегімен графикалық немесе аналитикалық әдістермен, ал егер жергілікті жерде топобайланыстырғыштың жылжуы үшін жағдайлар, топографиялық картадағы немесе маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттеріндегі бағдарлардың тығыздығы мен дәлдігі жоспарлық байланыстырудың талап етілетін тығыздығын қамтамасыз етсе, Ш-топ ұңғымаларын тек талдау әдісімен ғана орындауға болады.

2-2-параграф. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын

геодезиялық қиылыстырулармен анықтау
40. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын тура, кері, құрастырылған және сызықты-бұрыштық қиылыстырулармен, сондай-ақ навигациялық спутниктік жабдықтарды қолдану арқылы анықтау, маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттерінен орындалады.

Тура және құрастырылған қиылыстырулар-кем дегенде үш пункттен, ал кері қиылыстыру анықталатын пункт алғашқы үш пункт арқылы өтетін шеңбердің жанында болмайтын жағдайда, кем дегенде төрт пункт бойынша орындалады.

41. Әр түрлі берілістер бойынша есептелген ұңғымалар координаталарындағы айырмашылықтар, 2-кестеде көрсетілген, шекті қателердің мәндерінен аспайды.

42. Жергілікті жерде болатын әр түрлі кедергілер бар болғанда сызықтық өлшемдер жүргізу үшін қолайсыз аудандарда, ұңғымалар сағаларын жоспарлық байланыстыру профессор А.И. Дурневтің геодезиялық қиылыстырулар әдісімен орындалады.

Бұл жағдайда горизонталь бұрыштарды өлшеу және жүрістік сызық бойынша рауалы бұрыштық байланыстыруды есептеу теодолиттік жүрістердегі бұрыштық өлшемдерге ұқсас жүргізіледі. Қиылыстыру бұрышы-10° кем, ал бұрыштарды өлшеудің орташа квадраттық қатесі-15" артық емес. Жүрістік бұрышты 1:1000 артық салыстырмалы байланыстыруға жол берілмейді.



2-3-параграф. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын теодолиттік

және тахеометрлік жүрістермен анықтау
43. Теодолиттік және тахеометрлік жүрістердегі горизонталь бұрыштарды өлшеу жартылай қабылдаулар арасындағы лимбті ығыстыру арқылы бір толық қабылдаумен орындалады. Жартылай қабылдаулардағы бұрыштың мәндері арасындағы айырмашылық-бұрыштарды дәл теодолиттермен өлшеу кезінде 30" артық емес және бұрыштарды 30-секундтық теодолиттермен өлшеу кезінде I' артық мәнге жол берілмейді.

Жартылай қабылдаулардың біреуінде теодолит лимбін магниттік меридиан бойынша бағдарлайды.

Теодолиттік жүрістердегі бұрыштық үйлеспеушілік- артық емес, ал тахеометрлік жүрістерде артық емес болады, мұнда - бұрыштар саны.

44. Сызықтарды өлшеуіш таспамен екі өлшеу арасындағы айырмашылықтар-екі таспамен өлшегенде бір бағытта немесе бір таспамен тура және кері бағыттарда мыналардан артық емес масштабқа жол беріледі:

1) I-категориялы жергілікті жерде-1:2000;

2) ІІ-категориялы жергілікті жерде-1:1500;

3) IІI-категориялы жергілікті жерде-1:1000.

Жергілікті жер категорияларының сипаттамасы 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте


Жергілікті жер категорияларының сипаттамасы

I

II

III


ашық, тегіс, қатты грунтты жергілікті жер

шағын қопалары және борпыл-дақ грунты бар жергілікті жер

қиылысқан, жабық, батпақ-ты немесе құмды топырағы бар жергілікті жер

45. Сызықтар ұзындықтарын оптикалық және лазерлік қашықтық өлшеуіштермен өлшеу қашықтық өлшеуіштің типіне, өлшенетін сызықтың ұзындығына және жұмыстардың қабылданған әдістемесіне байланысты I:700-I:2000 салыстырмалы қателермен орындалады.

Қыл жіпті қашықтық өлшеуіштермен қабырғалардың ұзындығы 1:300 салыстырмалы қателермен өлшенеді; 250 м артық сызықтарды бөліктері бойынша өлшейді.

46. 1:1000-1:2000 дәлдік жүрістеріндегі сызықтар кесінділерінің көлбеу бұрыштарын 2°-6° дейін-эклиметрмен, 6° артығын теодолитпен өлшейді. I:300-1:500 дәлдік жүрістерінде сызықтар кесінділерінің 50° дейін көлбеу бұрыштары эклиметрмен өлшенеді.

47. Нүктелердің пландық орнын анықтаудағы шекті қателер (Δш), байланыстыру жүрістерінің ұзындығы (периметрі) ([S]), қабырғаларды өлшеудің рауалы салыстырмалы қателері (), өлшеулер жүргізу әдістемесі техникалық жобаны құрастыру кезінде анықталады.

Сонымен бірге мына формулалар пайдаланылады:



, (а); , (б).

(а) формуласы-геодезиялық негізгі пункттері арасындағы жүрістер үшін, ал (б) формуласы-тірек және тораптық нүктелер арасындағы жүрістер үшін, тораптық нүктелер немесе жұмыстық негіздеме пункттері арасында салынатын жүрістер үшін.



48. Байланыстыру жүрістеріндегі үйлеспеушіліктердің абсолют шамалары шекті қателердің қосарлы мәнінен артық бола алмайды, ал салыстырмалы үйлеспеушіліктер, артық емес:

1) теодолиттік жүрістерде 1:500-1:2000 (сызықтық өлшеудің анықталған дәлдігіне сәйкес);

2) тахеометрлік жүрістерде-1:300.

2-4-параграф. Бағдарлы бағыттарды бөлу
49. Жергілікті жерде бағдарлы бағытты ротор центрінен бекітілген нүктеге дейін бөлу және оның магниттік азимутын немесе дирекциялық бұрышын анықтау ұңғымаларды көлбеу бұрғылау кезінде орындалады. Бағдарлы бағыттар ретінде ротор үстелінен жақсы көрінетін тұрақты заттарды таңдау ұсынылады.

50. инклинометрлерді тексеру үшін бағдарлы бағыттар инклинометрлерді партия базасынан ұңғымаға дейін тасымалдау оның сенімді жұмысын қамтамасыз етпеген жағдайларда ғана (үлкен ара қашықтықтар, нашар жолдар) ұңғыманың жанында бөлінеді.

Бағдарлы бағыттарды инклинометрдің магниттік жүйесіне металл ғимараттардың әсері болмайтын жерлерді бөледі.

Бағдарлы бағытты бөлу уақытша центрді салудан тұрады, одан теодолиттің дұрысталған буссолінің көмегімен жақсы көрінетін жергілікті затқа магниттік азимут анықталады.


2-5-параграф. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау
51. Ұңғымалар сағаларының (ротор үстелінің жоғарғы жазықтығы мен жердің) биіктіктері геометриялық, тригонометриялық, барометрлік нивелирлеу әдістерімен немесе топографиялық карталар бойынша анықталады.

Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау әдісі төмендегілерге байланысты анықталады:

1) биіктіктерді анықтаудың талап етілетін дәлдігіне;

2) байланыстыру жүрісінің ұзындығына;

3) жергілікті жер жағдайларына және жұмыстарды жүргізу шарттарына;

4) құрал-саймандардың бар болуына.

52. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтауды техникалық нивелирлеумен орындайды. Техникалық нивелирлеу үшін электрондық (цифрлық) және оптикалық нивелирлерді және берілген дәлдікті қамтамасыз ететін рейкаларды қолданады.

Техникалық нивелирлеу жүрістерін алғашқы реперлердің арасында тура және кері бағытта төсейді; тура және кері бағыттарда аспалы жүрістерді төсеуге рұқсат етіледі. Рейкаларға дейінгі ара қашықтықтарды, мүмкіндігінше, тең етіп, 150 м аспайтындай қабылдайды. Рейкалардың қызыл және қара қабырғалары бойынша немесе аспаптың екі горизонты кезінде анықталған биік айырымдардың айырымы, 5 мм артық емес. Жүрістің рауалы үйлеспеушілігі мына формула бойынша есептеледі:



,

мұнда L-жүрістің шекті ұзындығы (км)-мына формула бойынша:



L=,

мұнда Δш -ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтаудың шекті қатесі. 1 км жүріске станциялардың саны 25 болғанда жүрістегі үйлеспеушілігі мына формула бойынша есептеледі:



f=10 ,

мұнда n-жүрістегі станциялар саны.

Үйлеспеушіліктердің абсолют мәні ретінде белгіленген шекті қателердің қосарлы мәнінен артық емес мәніне рұқсат етіледі.


53. тригонометриялық нивелирлеуді орындау кезінде оптикалық және электрондық теодолиттер және 30" төмен емес есептеу дәлдігімен тік дөңгелегі бар тахеометрлер пайдаланылады.

Жүріс нүктелері арасындағы тік бұрыштар тура және кері бағыттарда анықталады. Төселетін жүрістің дәлдігіне байланысты тік бұрыштарды шағылыстырғышы бар және шағылыстырғышы жоқ электрондық аспаптармен, сондай-ақ оптикалық аспаптармен-әрбір бағытта бір-біріне 5 м жақын емес орналасқан рейканың бір маркасы немесе екі маркасы бойынша өлшейді.



Тура және кері жүрістегі биік айырымдар арасындағы немесе рейканың екі маркасы бойынша алынған, биік айырымның екі мәні арасындағы айырмашылықтар, арақашықтықтың әрбір 100 м сайын 4 см аспайды.

54. Аспаптан рейкаларға дейінгі арақашықтықтарды аспапты қыл жіпті немесе лазерлік қашықтық өлшеуішпен анықтайды. Қабырғалары 250 м артық болғанда олардың ұзындығын бөліктері бойынша анықтауға болады.

Жергілікті жердің 10° дейінгі көлбеу бұрыштарында тригонометриялық нивелирлеу жүрістерін аспапты нүктеге қою арқылы төсеуге рұқсат беріледі. Егер көлбеу бұрыштары 10° жоғары болса, онда биік айырымдарды тура және кері бағыттарда өлшейді.

55. Аса жоғары класты нивелирлеу таңбаларының арасындағы тригонометриялық ниверлирлеу жүрістерінің немесе тұйықталған полигонның есептік шекті ұзындығын (Lш, км) және рауалы үйлеспеушіліктерді мына формулалар бойынша анықтайды:

1) рейканың екі маркасына өлшенген, көлбеу бұрыштары бар жүрістер үшін

, мм

2) рейканың екі маркасына өлшенген, көлбеу бұрыштары бар жүрістер үшін



, , мм

L1 -жүрістің ұзындығы, км; Δпр.см-биіктіктерді анықтау қателерінің шекті мәндері.

56. Электрондық тахеометрлерді пайдалану арқылы төселетін, тригонометриялық нивелирлеу жүрістерінің ұзындығын 10 км артық емес етіп қабылдайды; тура және кері жүрістегі биік айырым айырмашылығының-0,01 l артық емес, ал үйлеспеушіліктің 0,01 Lартық емес болуына жол беріледі, мұнда l-қабырғаның ұзындығы, м, ал L-жүрістің ұзындығы, км; n-қабырғалар саны.

Нивелирлік жүрістердің шекті үйлеспеушіліктері 2-кестеде көрсетілген, ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау қателерінің екі еселенген мәндерінен артық бола алмайды.

57. Ұңғымалар биіктіктерін геодезиялық қиылыстырулар және триангуляциялық құрылыстар қабырғалары бойынша тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықтау келесі талаптарды сақтаумен орындалады:

1) биік айырымдарды екі екі қабырғалыдан немесе үш бір қабырғалыдан кем емес бағыттар бойынша анықтайды;

2) қабырғалардың ұзындықтары-дәл оптикалық және электрондық теодолиттермен және тахеометрлермен жұмыс істегенде 10 км артық емес және дәлдігі аз (30") аспаптармен жұмыс істегенде 5 км артық емес болып қабылданады;

3) тік бұрыштарды дөңгелектің екі қалпында екі тәсілмен өлшейді;

4) станцияда нөл орнының ауытқуы 30" аспайды;

5) II-топ ұңғымалары үшін (2-кесте) жеке берілістерден алынған биіктіктердің айырмашылықтарына барлау ұңғымалары үшін 1,0 м артық және алаңдарда және кескіндер бойынша орнатылатын, құрылымдық іздеу ұңғымалары үшін 2,0 м артық өлшемге жол берілмейді;


6) аспаптың және көздеуіш нысананың биіктігі екі рет таспамен, рулеткамен, лазерлік қашықтық өлшеуішпен немесе аналитикалық тәсілмен өлшенеді; екі нәтиженің айырмашылығы 10 см аспайды.

58. Топографиялық карталар талап етілетін дәлдікті қамтамасыз етпеген, ал басқа геодезиялық әдістер экономикалық аз пайдалы болатын жағдайларда, ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау үшін барометрлік нивелирлеу қолданылады.

Барометрлік нивелирлеудің негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:

1) бір станцияға тірегі бар полигондар тәсілі;

2) жылжымалы станция тәсілі;

3) тірек станциялар тәсілі.

59. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау үшін барометрлік нивелирлеу геофизикалық барлау кезінде топография-геодезиялық жұмыстарды жүргізу бойынша қолданылып жүрген нұсқаудың талаптарына сәйкес орындалады.

60. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін топографиялық карталар бойынша анықтау, карталар масштабы және бедердің горизонтальдармен қиылысуы жобамен талап етілетін дәлдікті қамтамасыз еткен жағдайда орындалады.

Ұңғымалар сағасының биіктігін анықтаудың орташа квадраттық қатесі 30-тармақта келтірілген формула бойынша есептеледі.

61. Бұрғылау жабдығын бөлшектеу кезінде ротор үстелінің жоғарғы жазықтығының биіктігі тригонометриялық, геометриялық нивелирлеумен немесе арақашықтықтарды рулеткамен екі мәрте өлшеумен фланецке және жерге 1 см артық емес қатемен беріледі.

Рулеткамен өлшеуді бұрғылау шебері және геолог орындауы мүмкін және бұл жағдайда актімен ресімделеді (5-+қосымша). Актінің бір данасы ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорын маркшейдеріне жіберіледі.

62. Анықталған талаптарды қанағаттандыратын ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерін каталогқа енгізеді (6-қосымша). Ұңғымалар сағаларының жоспарлы-биіктіктік орнын (35-тармақ) қайта анықтаған кезде координаталар мен биіктіктер мәндерін түзету себебін көрсетіп, каталогқа қайта енгізеді.

Сондай-ақ каталогқа забойдың орналасқан орны туралы деректерді (дирекциялық бұрыш, арақашықтық) және қажет болғанда негізгі өнімді қаттарды (горизонттарды) енгізеді.

63. Ұңғыма сағасының планды-биіктіктік орнын анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесінде келесі материалдарды беру ұсынылады:

I) ұңғыма сағасын байланыстыруды орындауға өкім (тапсырма);

2) маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттері түсірілген, ұңғыманы планды және биіктіктік байланыстыру сұлбасы;

3) далалық өлшеу журналдары, ал графикалық байланыстыру тәсілінде-кроктар;

4) бағдарлы бағыттарды бөлу мен бекітуге арналған материалдар;

5) орындалған жұмыстардың дәлдігін бағалау арқылы координаталар мен биіктіктерді есептеу және теңестіру ведомостері;

6) ұңғыма сағасының координаталары мен биіктіктері;

7) техникалық есеп (объектідегі жұмыстар аяқталған соң).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет