Мұнайды фонтанды тәсілмен өндіру


Скважинаны фонтанды пайдалану



бет2/3
Дата01.04.2023
өлшемі205.36 Kb.
#471522
1   2   3
Атқылау

Скважинаны фонтанды пайдалану - мұнайды өндірудің негізгі тәсілдерінің бірі, көбіне жаңа алаңдарда қолданады. Сұйықты көтеруде қосымша энергия шығындарын қажет етпейді, қолдану кезінде қабаттың энергетикалық ресурсатарын пайдаланады, мұнайды өндіру кезінде фонтанды тәсілді қолдану тиімді.
Скважинаның фонтандауының екі түрі бар:
- сұйықтың фонтандауы;
- артезиандық фонтандау (онда газ көпіршіктері болмайды).
Сұйықтың фонтандауы кезінде, сұйық құрамында газ көпіршіктері болады, ал газдың болуы сұйықтың жоғары көтерілуін жеңілдетеді. Бұл фонтандаудың кең тараған түрі.
Артезианды фонтандау, мұнай құрамында еріген газ болмаған жағдайда және скважинадағы газдалмаған сұйық бағаны гидростатикалық қысымнан жоғары болған кезде болуы мүмкін.
Артезиандық фонтандау кезінде скважина түбіндегі қысым теңдеуімен анықталады, ал сұйықтың тұрақты тығыздығына байланысты, сұйық бағанының гидростатикалық қысымы келесі өрнекпен өрнектеледі:



мұндағы - скважинадағы сұйықтың орташа тығыздығы;


Н- тігінен алғандағы скважина түбімен сағасының ара қашықтығы.
Иілген скважиналар үшін:

мұндағы L- иілген ось бойынша скважинаның түбінен сағасына дейінгі қашықтық; - скважина қисаюының орташа зениттік бұрышы.


Фонтанды скважиналардың жабдықтары
Өнімді қабаттың геологиялық сипаттамасы мен ерекшеліктеріне байланысты скважинаның құрылысы әртүрлі болады. Скважина құрылысының негізгі элементтеріне жататындар: қысқа бағыттаушы құбыр (5-15 метр), кондуктор (100-500 метр), техникалық құбыр (аралық құбыр) және пайдалану құбыры (өнімді қабатқа дейін).
Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың, сонымен қатар жер қойнауын қорғау және техника қауіпсіздігінің шарттарына: құбыр аралық кеңістіктің саңылаусыздығын, скважинаға СКҚ түсіруді, скважиналардың жұмысын бақылау және жөндеу жұмыстары кезінде қысқа мерзімге скважинаны жабуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жұмыстар фонтанды скважинаның сағасындағы жабдықтардан (тізбек басы, фонтанды арматура және манифольд) тұратын қондырғының көмегімен жүзеге асады (7.1-сурет).



Сурет 7.1 – Фонтанды арматура


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет