Мұнайлы ауданы №11 жалпы білім беретін мектебі Аудандық «Мағжан Жұмабаев оқулары» байқауының сценарийі Мақсаты



Дата28.04.2024
өлшемі15.52 Kb.
#500025
түріСценарий
Ма5жан


Мұнайлы ауданы
11 жалпы білім беретін мектебі


Аудандық «Мағжан Жұмабаев оқулары» байқауының сценарийі


Мақсаты: қазақ әдебиетінің талантты ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын мектеп оқушылары арасында насихаттау, оқушылардың өлең оқуға ынтасы мен талабын ашу, көркемдік шеберлікті шыңдау.
Басталуы:
1.Мектеп окерсторының орындауында _________________________ күйі.


Жүргізуші: Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
«Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.
Ендеше, осындай ақынымыздың шығармаларын дәріптеу, рухани байлығымызды кеңейту, оқушылар шығармашылығын дамытып, шын дарынды анықтау мақсатында дәстүрлі түрде өтетін облыстық Ілияс оқуын бастауға рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші: Ендеше, байқаудың ережесімен таныс болыңыздар.
Байқау 3 бөлімінен тұрады:


107 - кабинет «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс.
Кітапхана - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы.
Акт зал «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
Байқауға төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:


Жүргізуші: Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын,
Күнде ғана бағаным.
Өзім – күнмін, өзім – от,
Сөзім, қысық, көзім де от.
Өзіме - өзім табынам.
Жерде жалғыз тәнірі жоқ


Экранда кабинет бөліністері көрсетіледі!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет