Мұны тиірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің?- депті тауық



бет2/4
Дата10.10.2024
өлшемі20.86 Kb.
#504569
1   2   3   4
мәтіндер

Қожанасыр.
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожаеке, алыңыз,алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же,шапаным ,же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.

Ақселеу.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.

Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі - ақ.Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар - ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.

Ойын.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет