Егінші мен қасқыр
Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан.
- Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудың жолын үйретші...
Егінші қасқырға:
- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді.
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
- Содан соң нанды жеуге бола ма?
- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек.Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек...
- Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді.
- Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.
- Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...
- Сонда нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші.
- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр.
«Менің досым»
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
– Досқа бергенің босқа бергенің емес. Дұрыс істегенсің. Мына алманың біреуін өзің же де, біреуін досыңа бер.
– Апа, менің досым жалғыз емес.
– Ендеше қанша?
– Бесеу.
– Олар кімдер?
– Антон, Ғаниден, Әпсалам, Бауыржан, Вова...
Шешесі бес алма берді.
Ырысбек алмаларды алып, үйден шықты
Қойылатын сұрақтар:
- «Дос» ұғымын қалай түсінесің?
- Досыңның басына қиындық түскенде көмек бердің бе?
- Достарың көп пе?
Осыдан соң оқушылардың арасында «дос» туралы ұғымға талас пікірлер туады. Әркім өздерінің достары туралы ой-пікірлерін айтады. Сонымен қатар балалар достық, достықтың мәнін, маңыздылығын түсінеді.
Соңында оқушыларға «Менің досым» деген тақырыпқа шағын эссе жазу тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |