Модуль 04: «Іргелі білім»


Гесс заңының екінші салдары



бет20/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Гесс заңының екінші салдары
Стандартты жағдайда реакцияның жылу эффектісі сәйкесінше стехиометриялық коэффициенттерге көбейтілген бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің жану жылулар қосындыларының айырымына тең:
бас.зөнім (3.9)


- химиялық реакцияның жылу эффектісі
бас.з, өнім, - стехиометриялық коэффициенттері ескерілген бастапқы заттармен реакция өнімдерінің жану жылулар қосындысы.


Модуль 1. Химиялық тепе-тендік
Дәріс 3. Химиялық тепе – теңдік термодинамикасы
Дәріс жоспары
1. Химиялық тепе-тендік. Тепе-тендіктің жалпы сипаттамасы.

  1. Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі.

  2. Тепе – теңдік константасының температурадан тәуелділігі.

Қысқаша мазмұны
Химиялық тепе – теңдік туралы түсінік
Химиялық реакцияның жылдамдығы ретінде уақыт және көлем бірліктеріндегі әрекеттескен зат мөлшерін немесе уақыт бірлігіндегі әрекеттесуші заттың концентрациясының өзгерісін қарастырады.
Жалпы түрде химиялық реакцияның жылдамдығы төмендегі теңдеумен өрнектеледі:
υ= = , (9.1)
мұндағы С – әрекеттесуші зат концентрациясы;
nәрекеттесуші заттың моль саны;
V – жүйе көлемі;
t – уақыт.
Егер химиялық реакцияның жылдамдығы бастапқы заттар бойынша өрнектелсе, онда (9.1) теңдеуі «минус» таңбасымен алынады. Бұның мәнісі: реакция барысында уақыт өткен сайын бастапқы заттардың концентрациялары кемиді, сәйкесінше туындысы теріс шама болады. Ал, химиялық реакцияның жылдамдығы әрқашан оң шама, сондықтан осы шартты қанағаттандыру үшін теңдеу алдына «минус» таңбасы қойылады.
Егер химиялық реакцияның жылдамдығы реакция өнімдері бойынша өрнектелсе «плюс» таңбасы қойылады. Себебі: реакция барысында уақыт өткен сайын реакция өнімдерінің концентрациялары артады, сәйкесінше туындысы оң шама болады да, «химиялық реакцияның жылдамдығы әрқашан оң шама болу» шарты орындалады.
Жалпы түрде газ фазасында немесе ерітіндіде жүретін гомогендік реакцияны қарастырайық:
А + bВ = mМ + nN (9.2)
Сонда реакция жылдамдығы оған қатысатын заттар арқылы келесідей өрнектеледі:
υ = - = - = = (9.3)
Реакцияға қатысатын заттар арқылы өрнектелген теңдеулер арасында төмендегідей байланыс болады:
- ∙ = - ∙ = ∙ = ∙ (9.4)
Химиялық реакцияның жылдамдығы бірқатар факторларға тәуелді: әрекеттесуші заттар табиғаты, олардың концентрациялары, температура, қысым және т.б. Белгілі уақыт өткеннен кейін әрбір химиялық реакция динамикалық тепе-теңдік күйіне жетеді, бұл кезде тура және кері реакциялардың жылдамдықтары өзара тең болады:
υ = υ 1 = υ 2, (9.5)
мұнадғы υ 1 – тура химиялық реакцияның жылдамдығы;
υ 2 – кері химиялық реакцияның жылдамдығы.
Егер тура химиялық реакцияның жылдамдығы кері химиялық реакция жылдамдығынан көп жоғары болса, яғни
υ 1 >> υ 2, (9.6)
онда жалпы реакцияның жылдамдығы тура химиялық реакцияның жылдамдығымен анықталады. Мұндай реакциялар біржақты немесе қайтымсыз реакциялар деп аталады.

Тепе–теңдік константасы әрекеттесуші заттар табиғатынан, температурадан тәуелді, концентрациядан, активтіліктен, қысымнан тәуелсіз. Kc, Kр – газтәріздес реагентердің моль сандары өзгере жүретін реакциялар үшін өлшемсіз шамалар. Басқа жағдайларда:
Kрқысым өлшемімен,
Kc – n дәрежедегі концентрация өлшемімен өрнектеледі. n – стехиометриялық коэффициенттердің алгебралық қосындыларының айырымы:
( өнім) - (баст. зат) = (6.3)


Kc және Kр келесідей байланыста:


(6.4)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет