Тапсырма 6
6.1. 180С-та 0,7н Mg(NO3)2 ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 4,38·10-2 Ом-1∙см-1 тең. шексіз сұйылту кезінде осы ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігі 109,8 Ом-1∙см-1 тең болса, ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігі мен диссоциациялану дәрежесін есептеңдер.
6.2. 180С-та 10%-тік СаСl2 ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 11,4·10-2 Ом-1∙см-1, тығыздығы – 1,08 г/см3 тең. Ерітіндідегі СаСl2–нің эквиваленттік электрөткізгіштігі мен диссоциациялану дәрежесін есептеңдер. Шексіз сұйылту кезіндегі осы ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігі 116Ом-1∙см2 тең.
6.3. 180С-та 20%-тік NH4Cl ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 0,337 Ом-1∙см-1, тығыздығы – 1,057 г/см3 тең. Эквиваленттік электрөткізгіштігі мен диссоциациялану дәрежесін есептеңдер. Шексіз сұйылту кезіндегі осы ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігі 130 Ом-1 см2 тең.
6.4. 0,1н сірке қышқылы ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 4,6·10-2 Ом-1 ∙см-1 тең. Осы ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігін есептеңдер.
6.5. 0,02н натрий ацетаты ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 16,2·10-2 Ом-1∙см-1 тең. Осы ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігін есептеңдер.
6.6. 180С-та 0,08% аммиак ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 6,86·10-4 Ом-1∙см-1, тығыздығы – 0,996 г/см3 тең. NH4OH үшін диссоциациялану константасы 1,79·10-5 тең. Шексіз сұйылту кезіндегі эквиваленттік электрөткізгіштік мәнін есептеңдер.
6.7. 220С-та 9,55% құмырсқа қышқылы ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 7,56·10-3 Ом-1∙см-1, тығыздығы – 1,024 г/см3 тең. Құмырсқа қышқылының диссоциациялану константасы 1,77·10-4 тең. Шексіз сұйылту кезіндегі эквиваленттік электрөткізгіштік мәнін есептеңдер.
6.8. 250С-та монохлорсірке қышқылының электролиттік диссоциациялану константасы 1,4·10-3 тең, ал оның 32 л/экв-ке сұйылтқандағы эквиваленттік электрөткізгіштігі 77,2 Ом-1∙см-1 тең. Шексіз сұйылту кезіндегі эквиваленттік электрөткізгіштік мәнін есептеңдер.
6.9. 12,50С-та азотты қышқылдың электролиттік диссоциациялану константасы 4,6·10-4 тең. 0,05н ерітіндінің электролиттік диссоциациялану дәрежесін есептеңдер.
6.10. 250С-та концентрациясы 0,07н метиламин ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 1,31·10-3 Ом-1∙см-1 тең. Метиламиннің диссоциациялану константасын есептеңдер. Шексіз сұйылту кезіндегі эквиваленттік электрөткізгіштігі 250 Ом-1∙см2 тең.
6.11. 0,02н натрий ацетаты ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 16,2·10-2 Ом-1∙см-1 тең. Сәйкесінше катион мен анионның қозғалғыштығы 4,26·10-3 және 4,7·10-3 Ом-1 см-1 тең. Диссоциациялану дәрежесін есептеңдер.
6.12. Пропиламин ерітіндісін 64 л/экв-ге сұйылтқанда 180С-тағы эквиваленттік электрөткізгіштігі 35,4 Ом-1∙см-1 тең. Пропиламиннің диссоциациялану константасы 4,7·10-4 тең. Диссоциациялану дәрежесін есептеңдер.
6.13. 250С-та ортобор қышқылының (H3BO3) бірінші сатыдағы электролиттік диссоциациялану константасы 5,8·10-10. 24 л/экв-ге сұйылтқандағы электролиттік диссоциациялану константасын есептеңдер.
6.14. NH4OH ерітіндісінің қандай концентрациясында электролиттік диссоциациялану константасы 0,02 тең болады? Осы кездегі гидроксил иондарының концентрациясы қандай? NH4OH электролиттік диссоциациялану константасы 1,79·10-5 тең.
6.15. Қандай сұйылту дәрежесінде фенол ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясы 10-6 н тең болады? Фенолдың электролиттік диссоциациялану константасы 1,28·10-10 тең.
6.16. 180С-та концентрациясы 0,011н NH4OH ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 1,02·10-4 Ом-1∙см-1 мәнге тең. Егер қозғалғыштығы NH+4=63,6 Ом-1∙см2, ал ОН-=174 Ом-1∙см2 тең болса, NH4OH диссоциациялану дәрежесін есептеңдер.
6.17. 180С-та концентрациясы 0,022н NH4OH ерітіндісінің меншікті электрөткізгіштігі 1,5·10-4 Ом-1∙см-1 мәнге тең. Егер қозғалғыштығы NH4+=63,6 Ом-1∙см2, ал ОН-= 174 Ом-1∙см2 болса, ОН- ионы концентрациясын есептеңдер.
6.18. Бензиламин ерітіндісін 16 л/экв-ге сұйылтқанда және 250С-ғы меншікті электрөткізгіштігі 2,56·10-4 тең. Егер λ∞=215,8 Ом-1∙см-1 болса, бензиламиннің диссоциациялану дәрежесін есептеңдер.
6.19. Бензиламин ерітіндісін 64 л/экв-ге сұйылтқанда және 250С-тағы меншікті электрөткізгіштігі 1,3·10-4 тең. Егер λ∞=215,8 Ом-1∙см-1 болса, диссоциациялану константасын есептеңдер.
6.20. 0,405 н HJ ерітіндісінің 180С-ғы меншікті электрөткізгіштігі 13,32·10-2 Ом-1∙см-1 тең. Егер сутек ионының қозғалғыштығы – 315 Ом-1см2, ал J-– 66,8 Ом-1см2болса, ерітіндідегі сутек ионының концентрациясы қандай?
6.21. Сірке қышқылын 32 л/экв-ге сұйылтқанда және 250С-ғы эквиваленттік электрөткізгіштігі 8,2 Ом-1см-1 тең. Электролиттік диссоциациялану константасын есептеңдер. Сутек ионының қозғалғыштығы – 315 Ом-1см2, CH3COO-– 35 Ом-1см2 тең.
6.22. Қанша сұйылтқанда құмырсқа қышқылы ерітіндісіндегі сутек ионы концентрациясы 1·10-3н мәнге тең болады. Электролиттік диссоциациялану константасы 1,77·10-4.
6.23. Егер 180С-ғы ерітіндінің меншікті электрөткізгіштігі 4,9·10-4Ом-1см1 мәнге тең болса, 0,4% аммиак ерітіндісінің электролиттік диссоциациялану константасын есептеңдер. Ерітіндінің тығыздығын бірге тең деп есептеңдер.
6.24. Егер 180С-та ерітіндінің меншікті электрөткізгіштігі 4,79·10-4 Ом-1 см-1 мәнге тең болса, 1%-тік пропион қышқылы ерітіндісінің электролиттік диссоциациялану константасын есептеңдер. Ерітіндінің тығыздығын бірге тең деп есептеңдер. Пропион қышқылы үшін λ∞=344 Ом-1см-1.
6.25. 0,1М СаСl2 ерітіндісінің эквиваленттік электрөткізгіштігі 82,8 Ом-1см2, шексіз сұйылтқанда λ∞ = 115,8 Ом-1см2 тең. Диссоциациялану дәрежесі мен меншікті электрөткізгіштік мәнін есептеңдер.
Кесте 4 - 180С температурадағы иондар қозғалғыштығы
Катиондар
|
Аниондар
|
Катиондар
|
|
Аниондар
|
|
Н+
|
315
|
OH-
|
174
|
Na+
|
42,6
|
Cl-
|
66,3
|
NH4+
|
63,6
|
Br-
|
68,2
|
Ca2+
|
50,4
|
J-
|
66,8
|
Mg2+
|
44,6
|
NO3-
|
62,6
|
|
|
HCOO-
|
47
|
|
|
CH3COO-
|
35
|
Ескерту. Сk және СA мәндерін СИ жүйесіне айналдырғанда 1∙10-4 – ке көбейту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |