Модуль қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы 1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы



бет2/6
Дата07.11.2022
өлшемі116 Kb.
#464225
1   2   3   4   5   6
1 лекция (1)

Ы.Алтынсарин Қазақ халқының тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады. Ол орыс-қазақ училищелерінде математика, физика, химия, география, тарих, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін оқытты. Блаларға орыс тілін оқытуға және ана тілін оқытуға айрықша көңіл бөлу керек екендігін дәлелдеп, мұғалімдерге нұсқау берді. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскиймен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгілерінде құрастырды. «Қазақ хрестоматиясы» 4 бөлімнен құралды: бірінші бөлім-өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім-үлкен кісілер тұрасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім-ел әдебиеті нұсқауларынан, әр түрлі өлең-жыраулардын; төртінші бөлім-мақалдар мен мәтелдерден құралды. «Қазақ хрестоматиясына» арналған сөз басында автор: «Ең алғашқы рет туып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның мүмкін кейбір кемшліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет оқытылайын деп отырған кітап ретінде көзделген мақсатқа дөп келер деген сеніммен өзімді-өзім жұбатып отырмын»,-деп жазды. Ы. Алтынсариннің осы бағасының өзі де, бұл еңбектің қазақ мәдениетінде үлкен орын алатындығын, өте маңызы зор екендігін сипаттайды. Алтынсарин ғылымды дәріптеп қана қойған жоқ, ол қазақ жастарына ғылымды меңгеру жолдарын да көрсетті. Оқу барысы, тәрбие жұмысы үлгілі сатыға қойылған халық мектептерін ашты.
Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым, қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазған, «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Бастауыш мектеп», «Жалқылау », «Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалар жазған. Сауат ашу құралы ретінде жазылған «Оқу құралынан» бастап, «Әліп-би» мен «Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.
Шонанов Телжан - тілтанушы-түркітанушы, доцент, қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, аудармашы. Т.Шонановтың әдістемеге қатысты еңбектеріне “Жаңалыққа жетекші”, “Диаграмдар, графиктер қандай болады” деген кітаптары, “Орыстарға қазақ тілін үйрету әдісі жайында”, “Ересектерді сауаттандыру әдісі”, “Дауыстап оқытудың әдісі” сияқты көптеген мақалалары жатады. 1927 жылы М.Жолдыбаевпен бірге “Жаңа арна” оқулығын шығарды.
Қ.Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. Сондай-ақ, оның “Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары” (1-том), “Фонетика” (орыс тілінде), “Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”, “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, “Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”, “Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі”, “Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан”, т.б. іргелі ғылыми жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға қосылған елеулі үлес болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет