∆ = 0 – = 0 ∙ В ∙ ln(С/A + 1)
В – БАЗ - ң табиғатынан тәуелсіз тұрақты, Т≈20˚С 0,2 тең
1/A – БАЗ тән меншікті капилярлық тұрақты.
Бақылау сұрақтары:
-
Қандай беттік құбылыстарды білесіз?
-
Физикалық және химиялық адсорбцияның ерекшелігі неде?
-
Адсорбат, адсорбент дегеніміз не?
-
Десорбция дегеніміз не?
-
Адсорбция изотермасы үшін қарапайым теңдеуді айтыңыз (Ленгмюр изомермасының теңдеуі).
-
Фрейндлих және Лэнгмюр теңдеулеріндегі адсорбция константаларын мономолекулалық теориясы.
-
Беттік активті заттар. Гиббс теңдеуі. Шишковский теңдеуі
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМІ
-
Химиялық реакциялардың реттілігі және оларды анықтау әдістері (реферат)
-
Бір- және екі компонетті жүйелердің күй диаграммасын тұрғызу (тапсырма)
-
Коллоидты жүйелерді тазалау әдістері (презентация)
-
Микрогетерогенді жүйелердің практикалық мәндері (реферат)
Тест тапсырмалары
Химиялық термодинамика тақырыбы бойынша
-
Келесі анықтамалардың қайсысы жабық жүйеге сәйкес келеді? Жабық жүйе дегеніміз:
а) қоршаған ортамен зат алмасуы жоқ, бірақ энергия және жұмыспен алмасуы мүмкін жүйе;
б) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін;
в) сыртқы ортамен энергия алмасуы жоқ жүйе;
г) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін, бірақ энергиямен алмасуы жоқ жүйе.
-
Күй параметрлері қандай өлшемдермен сипатталады?
а) Т, Р, ρ, концентрация; б) ΔS, ΔН, Т, р;
в) ΔΗ, Т, р, концентрация; г) ΔΗ, Т, V, ρ.
-
Келтірілген теңдеулердің қайсысы термодинамиканың 1-ші заңын сипаттайды?
а) Q=ΔU +A в) dQ=H2–H1
б) Н=рV–U г) Q=U2–U1
4. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың 1-ші заңының теңдеуін көрсетіңіз?
a) Q=ΔH+A в) QV=pdV б) QV=ΔU г) Q = ТΔS/ΔV
5. Төмендегі анықтамалардың қайсысы Гесс заңын сипаттайды? Химиялық реакциялардың жылу эффектісі:
а) жүру жолынан тәуелсіз, тек бастапқы және соңғы заттардың күйімен анықталады;
б) аралық реакциялардан тәуелді;
в) реакция кезінде бөлінген жылу мөлшерінен тәуелді;
г) әрекеттесуші заттардың концентрациясынан тәуелді.
6. Стандартты түзілу жылу деп, төменде келтірілген жағдайда 1 моль заттың жай заттардан түзілу реакциясының жылу эффектісін айтамыз:
а) р=1,013105 Па, Т=298K.
б) Т = const
в) р=const, V=const
г) Т, р = const
7. Стандартты жану жылуы деп, заттың оттек атмосферасында оксидтерге дейін жанғанда бөлінген жылу мөлшерін айтамыз:
а) 1 моль заттың 1,013105 Па қысымда;
б) 10 моль заттың;
в) 1 моль заттың қалыпты жағдайда;
г) 10 моль заттың 298 К температурда.
8. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі қандай факторлардан тәуелсіз?
а) әрекеттесуші заттардың табиғатынан;
б) температурадан;
в) заттардың агрегаттық күйінен;
г) бастапқы заттардың концентрациясынан.
9. Энтальпия мен ішкі энергияның өзара байланысын көрсететін теңдеу қайсысы?
а) H=U–pV б) H=U+pV в) H=U2–U1 г) H=Q/T
10. Суттектің жану реакциясы сұйық су түзілумен оқшауланған жүйеде өтсе, жүйенің ішкі энергиясымен энтальпиясы өзгере ме?
а) ішкі энергия өзгереді;
б) энтальпия өзгереді;
в) ішкі энергия да, энтальпия да өзгермейді;
г) ішкі энергия өзгермейді.
11. Идеалды газдар үшін СР және СV қатынастары қандай?
а) CP=CV б) СP=CV +R в) СP>CV г) CP<CV
12. Келтірілген термодинамикалық функциялардың қайсысы ішкі энергияны сипаттады?
а) ΔН б) ΔU в) ΔG г)ΔF
13. Термодинамиканың 2-ші заңының аналитикалық сипаттамасын көрсетіңіз:
а) dS = dQ – dA; б) dS = S2 – S1; в) dS ≥ dQ/T; г) dS = Q.
14. Қандай термодинамикалық параметр тұрақты жағдайда ΔU процесс бағытын анықтайды?
а) р, Т; б) V, Т; в) р, S; г) V, S.
15. Т = сonst; р = сonst жағдайда қандай термодинамикалық потенциал өздігінен өтетін процесс бағытын анықтайды:
а) изобара-изотермиялық потенциал;
б) изохора-изотермиялық потенциал;
в) энтропия;
г) ішкі энергия.
16. Оқшауланған жүйеде қайтымсыз кристалданған зат үшін энтропия қалай өзгереді?
а) артады;
б) кемиді;
в) өзгермейді;
г) қортынды айтуға болмайды.
17. Өздігінен өтетін процестер үшін р = сonst; Т = сonst жағдайда Гиббс энергия (изобаралы-изотермиялық потенциал) мәні қалай өзгереді:
а) ΔG>0; б) ΔG < 0; в) Δ G = 0; г) өзгермейді.
18. Оқшауланған жүйеде химиялық реакция өздігінен өнім түзілу бағытына жүреді. Бұндай жүйенің энтропиясы қалай өзгереді?
а) ΔS > 0; б) ΔS < 0; в) ΔS = 0; г) өзгермейді.
19. Суда еру процессі кезінде Гельмгольц энергия мәні қалай өзгереді?
а) артады; б) кемиді; в) өзгермейді; г) ΔF = 0.
20. Ашық жүйелер үшін қандай күй функциясы процесс бағытын анықтайды?
а) энтропия; б) энтальпия; в) Гиббс энергия; г) химиялық потенциал.
Химиялық тепе теңдік тақырыбы бойынша
1. А+ВС+Д химиялық реакциясы үшін КР және КС тепе – теңдік константалары арасындағы байланыс қандай, егер барлық заттар идеалды газтәріздес күйде болса?
а) КР > КС в) КР < КС
б) КР = КС г) КР КС
2. Тепе – теңдікті солға ығыстыру үшін жүйеге қалай әсер ету керек?
4НСl(г) + О2(г) 2Cl2(г) + 2Н2O(г)
а) О2 концентарциясын артыру;
б) Cl2 концентрациясын артыру;
в) температураны жоғарлату;
г) температураны төмендету керек.
3. N2 + 3Н2 2NH3, ΔН =-92 кДж реакциясы үшін температураны төмендетсе, тепе – теңдік қай бағытқа ығыстырады?
а) оңға в) ығыспайды
б) солға г) кері реакция бағытына
4. PCl5РС13 + Cl2 реакция үшін қысымды артыру тепе – теңдікті қай бағытқа ығыстырады?
а) оңға в) ығыспайды
б) солға г) тура бағытта
5. 2SО2+О2 2SО3 ΔН°= -176кДж реакциясы үшін қандай факторларды өзгерту арқылы тепе – теңдікті оңға ығыстыруға болады?
а) Т0 жоғарлату; в) қысымды кеміту;
б) Т0 төмендету; г) катализатор қосу;
6. Газ фазасында өтетін СО + Н2О СО2+Н2 реакция үшін 298К - де ΔН° = - 41,2 кДж. Температураны төмендеткенде, қандай өнімдердің тепе – теңдіктегі құрамы артады?
а) СО және СО2 в) СО және Н2
б) Н2О және Н2 г) СО2 және Н2
7. Кейбір реакция үшін ΔG<О болса, келтірілген жағдайлардың қайсысы дұрыс:
а) КР > 1
б) КР < 1
в) тепе – теңдік қоспасында бастапқы заттар басым;
г) тепе – теңдік қоспасында реакция өнімі басым.
8. Өздігінен өтетін реакция үшін ΔS0<0. Температура өсуімен КР қалай өзгереді?
а) артады; в) кемиді;
б) анықтауға болмайды; г) өзгермейді.
9. Егер реакция жылу сіңіре ΔН>0 жүрсе, температураның өсуімен КР қалай өзгередіі?
а) кемиді в) өзгермейді
б) артады г) қорытынды жасауға болмайды.
10. Химиялық реакция үшін ΔН=0, КР температурадан қалай тәуелді?
а) артады б) тәуелсіз
в) кемиді г) КР =0
11. Төмендегі қандай жағдайда химиялық реакцияның изотерма теңдеуі тепе – теңдік күйге жетеді?
а) КР < ПР ΔG>0 в) КР =ПР ΔG=0
б) КР >ПР, ΔG<0 г) КР < ПР ΔG<0
12. Қандай функцияның стандартты мәні химиялық ынтықтылықты сипаттайды?
а) Гиббс энергиясы в) энтальпия
б) химиялық потенциал г)энтропия
Фазалық тепе-теңдіктің термодинамикасы және ертінділер тақырыбы бойынша
-
Зат химиялық құрамын өзгертпей бір агрегаттық күйден екіншісіне өтетін процес:
-
Фазалық ауысу
-
Ішкі ауысу
-
Критикалық ауысу
-
Адсорбциялық тепе-теңдік
-
Заттың сұйық күйден буға фазалық ауысуы
А. балқу
В. кристаллизация
C . конденсация
-
бу түзу (булану)
-
Заттың сұйық фаза түзбей қатты күйден буға фазалық ауысуы:
-
балқу
-
кристаллизация
-
конденсация
-
сублимация
4. Барлық бөлігі, яғни барлық көлемі бірдей қасиетке ие болатын термодинамикалық жүйе:
-
ашық
-
жабық
-
изоляцияланған
-
гомогенді
5.Жүйенің басқа бөлігінен беттік бөлігі арқылы ажыратылатын, физикалық және химиялық қасиеттері, құрамы бірдей жүйенің біртекті бөлігі:
-
тұнба
-
ерітінді
-
фаза
-
параметр
6. Бірнеше фазалардан тұратын термодинамикалық жүйе
-
тұнба
-
ерітінді
-
фаза
-
параметр
7. Гетерогенді жүйенің фазалар арасында орналасқан тепе-теңдіктің атауы:
-
қос электрлік қабат
-
фазалық тепе-теңдік
-
кеңею жұмысы
-
адсорбциялық тепе-теңдік
8. Әрбір жүйеде болатын, жүйеден бөліп алуға болатын және жүйеден тыс бола алатын химиялық жеке зат:
-
еріткіш
-
ерітінді
-
фаза
-
компонент
9. Сулы ерітіндіде натрий хлориді : NaCl ↔ Na+ + Cl- схемасы бойынша диссоциацияланады. Бұл жүйенің компоненттері:
-
Na+ және Cl- иондары
-
NaCl тұзы
-
NaCl, Na+ және Cl-
-
Н2О және NaCl
10.Егер гетерогенді жүйенің заттарының арасында химиялық реакция болса, онда мұндай жүйе компоненттерінің саны келесі мәнге тең болғанда түзіледі:
-
Реакцияға қатысатын заттардың санына
-
Реакцияға қатысатын заттардың санына, теріс бірлік
-
Реакцияға қатысатын заттардың санына, оң бірлік
-
Реакцияға қатысатын заттардың санына, оң фазалар саны
11. Гиббстің фазалар ережесі С = К - Ф + 2 еркіндік дәреже саны компонент санының өсуімен және
-
фазалар санының өсуімен өседі
-
фазалар санының өсуімен азаяды
-
фазалар санының азаюымен азаяды
-
қысымның төмендеуімен азаяды
12.Еркіндік дәреже саны сипаттайды:
-
жүйенің гибридизациясын
-
реакцияның молекулалығын
-
жүйенің қалыптылығын
-
жүйенің варианттылығын
13. Егер еркіндік дәреже саны келесі мәнге тең болса, онда жүйені инвариантты немесе вариантсыз деп атайды:
-
С=1
-
С=2
-
С=3
-
С=0
14. Гиббстің фазалар ережесінде С = К - Ф + 2 2 саны екі сыртқы фактордың тепе-теңдікке әсерін көрсетеді. Осы факторларды көрсетіңіз:
-
концентрация және температура
-
электр өткізгіштік және температура
-
осмостық қысым және температура
-
қысым және температура
15. Рауль заңынан бинарлы сұйық қоспаның теріс ауытқуының негізгі себебін көрсетіңіз:
-
әртекті молекулалар арасындағы тартылыстың жоғарылығы
-
әртекті молекулалар арасындағы тартылыстың болмауы
-
сұйық және бу құрамы тепе-теңдік күйге сәйкес келмеуі
-
қоспада осмостық қысымы жоғары
16. Коноваловтың бірінші заңының тұжырымын аяқтаңыз: қоспаға қосылған сұйықтықтағы компонентке қарағанда бу тәрізді фазадағы компоненттің концентарциясы
-
будың жалпы қысымын төмендетеді
-
будың жалпы қысымын жоғарылатады
-
будың жалпы қысымына әсер етпейді
-
жүйенің жарық сіңіруін жоғарылатады
17. Коноваловтың екінші заңының тұжырымын аяқтаңыз: бу қысымының қисығындағы максимум немесе минимум нүктесіне
-
сұйықтықтың құрамы және ондағы тепе-теңдік буы бірдей
-
сұйықтық қайнау температурасы төмен компонентпен байытылған
-
сұйықтық қайнау температурасы жоғары компонентпен байытылған
-
қайнау температурасы жоғары компонент сұйықтыққа қарағанда буда көп
18. Шектелмеген ерігіш сұйықтықтың бинарлы қоспасы құрам-қасиет диаграммасындағы максимум немесе минимум нүктесіне сәйкес жеке зат сияқты айдалады және оны келесі түрде атайды:
-
шекті еріген қоспа
-
2.азеотропты қоспа
-
3.дистиллденген қоспа
-
жүйенің үшінші компоненті
19. Айдау әдісімен сол немесе басқа құрам бөліктерге ерітіндінің бөліну процесінің атауы:
-
кептіру
-
фильтрлеу
-
экстракция
-
дистилляция
20. Екі ұшқыш сұйықтық қоспалары үшін Рауль заңының тұжырымын аяқтаңыз( Раульдің жинақталған заңы): берілген заттың бу қысымының салыстырмалы төмендеуі тең болады
-
қоспадағы екінші заттың молярлық массасына
-
қоспадағы екінші заттың массалық үлесіне
-
қоспадағы екінші заттың моляльдік концентрациясына
-
қоспадағы екінші заттың молярлық концентрациясына
21.Рауль заңына тура бағынатын екі сұйықтық ерітінділері Р1 = Р10 ּN1 немесе Р2 = Р20 ּN2 келесі түрде аталады:
-
қаныққан ерітінділер
-
қанықпаған ерітінділер
-
сұйылтылған ерітінділер
-
идеалды ерітінділер
22. Сұйықтықтағы газ концентрациясы тұрақты температурада ерітінді бетіндегі осы газдың қысымына пропорционал. Осы Генри заңының математикалық формуласын көрсетіңіз:
-
Р1 = Р10 ּN1
-
С=kP
-
S = kּlnW
-
λV = x/C
23. Шектелген ерігіштікті екі сұйықтықтан тұратын бинарлы жүйелер үшін сипатты ерекшелік болып табылады:
-
температураның өзгеруі мен өзара ерігіштіктің өзгеруі
-
өзара ерігіштіктің тұрақтылығы және оның температураға тәуелсіздігі
-
жүйедегі осмостық қысымының тұрақтылығы
-
компоненттердің кез келген қатынаста әрбір фаза құрамының тұрақтылығы
24. Екі сұйықтықтың шектелген ерігіштігі шектелмегенге ауысатын жоғарғы немесе төмен температура жоғарғы немесе төменгі келесі температураға сәйкес аталады:
-
ерудің идеалды температурасы
-
шексіз араласқандағы еру
-
ерудің критикалық температурасы
-
ерудің абсолютті температурасы
25. Рауль заңына қатаң бағынатын ерітінділер:
-
реалды
-
шынайы
-
идеалды
-
сұйылтылған
26. Күшті электролиттердің ерітінділерінде электролиттік диссоциациялану дәрежесі
-
30%-дан аз
-
30%-дан көп
-
3%-тен аз
-
30 -дан 90% -ға дейін
27. Рауль заңының екінші салдары: бейэлектролиттің сұйылтылған ерітіндісінің қату температурасы (ΔТқ) ерітіндінің мояльдік концентрациясына m (Х) тура пропорционал, оның математикалық жазуы:
-
ΔG = ΔH - S·ΔT
-
Тқ = К·m(x)
-
Тқ = Тқ(ерітінді) – Тқ(еріткіш)
-
Т = ТК(ерітінді) – ТК(ерітінді)
28. Егер 1кг ерiткiште 1моль затты ерiтсе ерiтiндiнiң қату температурасы неше градусқа төмендейтiнiн көрсетедi
-
криометриялық константа
-
эбулиометриялық константа
-
изотоникалық коэффициент
-
газды тұрақты
29. Ұшпайтын зат ерiтiндiсiндегi ерiткiштiң бу қысымы
-
таза ерiткiштегi бу қысымына қарағанда жоғары
-
таза ерiткiштегi бу қысымына тең
-
таза ерiткiштегi бу қысымына қарағанда төмен
-
нольге тең
30. Шектелген ерігіштікті екі сұйықтықтан тұратын бинарлы жүйелер үшін сипатты ерекшелік болып табылады:
-
температураның өзгеруі мен өзара ерігіштіктің өзгеруі
-
өзара ерігіштіктің тұрақтылығы және оның температураға тәуелсіздігі
-
жүйедегі осмостық қысымының тұрақтылығы
-
компоненттердің кез келген қатынаста әрбір фаза құрамының тұрақтылығы
Достарыңызбен бөлісу: |