Модуль коды: 8
Модуль атауы: Машинаішілік интерфейс
Пән атауы: Компьютер сәулеті
Пререквизиттер: мектеп информатика курсы
Постреквизиттер: алған білімдерін және практикалық іскерліктерін кәсіби қызметте қолдану
Мақсаты: қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің сәулеттік ерекшеліктерін; ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері мен құрылғыларын жобалау негіздерін; есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерін оқып-үйрену.
Қысқаша сипаттамасы: Цифрлық машиналардың арифметикалық және логикалық негізі. Жаңа заманғы компьютерлердің талабы, есептеуіш техниканың даму тарихы. Сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негізі. Санау жүйесі, сандарды бір жүйеден басқа жүйеге ауыстыру. Ақпараттың компьютердегі көрінісі. Ақпараттарды кодтау әдісі. ЭЕМ –нің элементтері мен узелдары. Орталық процессордың жалпы құрылымы. Жадының құрылымы және оны ұйымдастыру. Енгізу –шығару жүйесі. Базалық құрылымның техникалық қасиеттері, құрамы және ұсыныстары. Перифериялық құрылғылар. Микропроцессорлар. Жаңа заман компьютерінің архитектурасы. Жүйелік магистраль. Ақпаратты өңдеу жүйесінде компьютерді пайдалану. Жұмыс станциялары мен серверлердің архитектурасы. Мамандандырылған ЭЕМ. Программалық қамсыздандыруға негізделген архитектура, деректер қорының машиналары, объектілі бағытталған архитектура.
|