МөЖ 1 Орындаған



Дата30.09.2023
өлшемі37.7 Kb.
#479265
эссе ғылым


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы


МӨЖ - 1


Орындаған: Тлеуғалиев Р.Р.
Тексерген: Сембаева Г.М.
Алматы, 2023 жыл
Ғылым ұғымын саралау

Ғылым дегеніміз не ? Ғылым адамзатқа не үшін керек ? Бұл сұрақтарға жауап беру бір қарағанда өте оңай секілді. Ал шын мәнінде ол өте күрделі ұғым болып табылады. Адамзат ешқашан бір орында тұрған емес. Адамдар үңгірлерде өмір сүріп, бірте-бірте қоршаған дүниені игерді. Біз үшін бүгінде телефон, интернет және жаңа технологиялық өнертабыстар үлкен жетістік. Адамзаттың танып білуге белгілі бір ішкі тартылысы болды, бұл қызығушылық оны өз санасының шекарасын кеңейтуге және жаңа тәжірибе алуға итермеледі. Адам баласы үңгірден шығып - оның өмірінің жаңа кезеңі басталды.


Ғылым адамды, қоршаған орта мен табиғатты зерттеуге бағыттап, адам баласы ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Ғылыммен адам өзі пайда болғаннан бастап айналысқан десем болады, өйткені адамдар ерте заманнан күнделікті өмірінде өмір сүру үшін еңбек құралдарын жасап тіршілік еткен. Менің ойымша, ғылым осылайша адамның қажеттіліктерінен пайда бола бастаған. Сондықтан да, ғылымның обьектісі де, субьектісі де адамның өзі болып табылады. Өйткені адам ерте заманнан өзінің мүмкіндіктерін білуге, болашағын болжап анықтауға, айналасын, қоршаған ортасының қыр-сырларын білуге көп талпынды. Содан бері ғылым адамның сенімді көмекшісіне айналды. Еңдеше адамзаттын сенімді серігіне айналған ғылымға біз қандай анықтама бере аламыз?
Ғылымның маңыздылығы жайлы А.Эйнштейн былай деп жазады : “Адамзаттың ең үлкен құңдылығы - бұл шындық және оны анықтаудың жалғыз жолы - ғылым. Ғылыми қызметті барынша көтермелемейтін және ғалымдарды бағаламайтын ұлт жойылады.” Расыменде қазіргі уақытта елдердің күштілігі олардың ғылым саласының жағдайына тікелей байланысты деп ойлаймын. Менің ойымша, ғылымды қажет ететін және өз елінде ғылымның дамуына қаржылық, ақпараттық, өндірістік құралдарды ұсынатын елдер саяси-экономикалық жағынан ілгері дамып, әлемдік аренада жетекші орын алады.
Ғылымды зерттеу жолында адам қоршаған орта, табиғат туралы білім алады. Ғылым басында болжамдарға, гипотезаларға негізделеді, кейін оларды дәлелдеу басталып, эксперименттер жүргізіліп ғылыми жаңалықтар ашылады. Осылайша әр кезеңде ғылым дами берді, физика, химия, математика, биология тағы басқа салалар дамып, ғалымдардың ғылыми жаңалықтары мен техникалар дами түсті. Ғылым дамуын тоқтатқан емес.
Бүгінгі таңда ғылым адам өмірінің көптеген салаларында маңызды рөл атқарады деп айта аламын. Адам айналасындағы барлық жетістіктер – ғылымның арқасында.
Ғылым адамның дүние және оның заңдылықтары туралы білімін қамтиды. Бұл білімді меңгеру ұзақ, жүйелі, күрделі және қарама-қайшылықты таным процесін талап етеді. Адамзат өзінің дамуында ұзақ та қиын білім жолынан өтті және әліде өтуде. Сонымен бірге адамзат өзінің дамуының нәтижесінде неғұрлым толық, кемел, нақты білімге, эксперименттік және теориялық әрекет негізінде зерттелетін объектілерді тұтас және көп қырлы түсінуге ұмтылады. Ғылымның дамуы адамдардың айналасындағы дүниені тануға, түсінуге, оның сырына үңілуге ​​ұмтылуына негізделген.
Ғылыми білімдер негізінде жаңа өнертабыстар мен өндірістік үрдістер пайда болады. Мысалы, ғарыш туралы білімнің арқасында ғарыш саласы, спутниктік байланыс, жаңа қорытпалар, химиялық қосылыстар, т.б. салалар пайда болды. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі көбінесе адам өмірін жеңілдететін, байытатын және кейбір жағдайларда толықтай қанағаттандыратын өнертабыстарға әкеледі. Мысалы, қазіргі заманғы протездік аяқ-қолдарды ойлап табу ғылыми білімнің әртүрлі салаларындағы ұзақ ғылыми ізденістің нәтижесі болды: медицина, химия, бағдарламалау және т.б.
Ғылым жаңа білімді ақиқат деп расталған ашылулардың көмегімен, яғни белгілі бір фактілерді пайдалана отырып анықтайды. Бұл сөз нені білдіреді?
Факті – бұл теріске шығаруға болмайтын мағынаны білдіретін және қалыптасқан гипотезаларды растау үшін қолданылатын дәлелденген мәлімдеме. Сонымен, бұл анықтамалардан біз шағын қорытынды жасай аламыз: ғылым әрқашан материя түрінде шындықта көрсетілген кейбір жетістіктермен байланысты, бірақ көпшілігі оның тек теорияға ғана емес, сонымен бірге тәжірибеге негізделгенің ескермейді .
Ойымды растау үшін математик және классикалық физиканың негізін қалаушы Исаак Ньютонның «Тартылыс заңын» ашқан оқиғасын келтіргім келеді. Ньютонды ағаштан құлаған алманы бақылап, тартылыс заңын ашуға түрткі болған деген аңыз бар. Осылайша ол «тартылыс» барлық денелер арасында болатынын дәлелдеді. Сонымен, зерттеуші көп бөлігі практикалық бөліктен тұратын заңды ашып, негіздеді.
Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: ғылым адамға өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәл осындай «ғылым» ұғымы қалыптасуы үшін адамзат «қадамдар» түрінде бейнеленген белгілі бір талаптарды орындауы керек болды: ойлау, гипотеза, зерттеу, яғни эксперимент, нәтиже, теория , факті, олардың басқа эксперименттерде қолданылуы және т.б. Ғылым осылайша қалыптасады, оның қалыптасу процесі циклді болып табылады және қолайлы өмір сүру жағдайлары мен адамзаттың болашағы үшін маңызды нәтижелерге әкеледі деп ойлаймын және үміттенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет