Мөж-10 мфиз-11 тобының магистранты: Ақатова А.І. Тақырыбы: Түрлі әдебиеттер мен шығармаларды пайдалана отырып жаңа технологиялар портретін жазу



бет3/3
Дата17.11.2023
өлшемі23.24 Kb.
#483568
түріСабақ
1   2   3
мөж 10,11

Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру. Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту. Дамыта оқыту технологиялары.1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
Мөж-11
МФиз-11 тобының магистранты: Ақатова А.І.
Тақырыбы: Білім іскерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр,
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін
жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты
еліміздің оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман
талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол
мақсатқа жету үшін не істеу керек?
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны
табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай ұстаздан жаңашылдықты
қажет етеді.
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету, лексикалық, грамматикалық
тапсырмаларды меңгерту қазіргі таңның мәселесі сонымен қатар бұл өте күрделі
жұмыс.
Сабақты дұрыс ұйымдастыру жолының шешімі – оқытуда әдіс–тәсілдерді
кеңінен пайдалану. Білім беруде қолданылатын тәсілдердің түрлері көп.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты баяндау кезінде қолданады. Оқушылардың
кейбіреуі тақырыпты түсінбей қалса, оқушының мұқият тыңдамағаны, егер
сынып толық түсінбей қалса, мұғалімнің түсіндіруінің жеткіліксіздігі. Мұндай
жағдайда мұғалім түсіндіру тәсілінің ең қолайлысын іздеуге тиісті. Түсіндіру
тәсілі деп аталғанымен, мұнда түрлі тәсілдер, қатыса береді. Сондықтан
түсіндіру кезінде қажетіне қарай баяндау, салыстыру, ойландыру, көрнекі құрал,
техникалық құралдар, суреттер т.б. қолданыла береді.
Оқушыны ойландыру әдісі Проблемалық әдіс деп те аталады. Ойландыру әдісі
оқушыға сұрақ қойып, жауап алудан басталып, жаттығу жұмысын орындату,
түрлі тілдік тапсырмаларды орындату, әңгімелесу, мақал-мәтелдердің
мағынасын түсіну сияқты, оқушымен жасалатын түрлі жұмыстардың бәріне де
қатысады. Тек ол әр жұмыстың түріне, оқушының жас ерекшелігіне қарай, білім
деңгейіне қарай түрлі дәрежеде қатысады.
Ойландыру әдісін қолданғанда, мұғалім оқушының мүмкіндігін, қолынан
келетін, келмейтінін есепке алу керек. Мұғалім өз жетелеуімен оқушыны дұрыс
шешімге келтіре алатынын аңғарса, ол жағдайда бұл әдісті қолдануға болады.
Керісінше жағдайда ойландыру әдісін қолданбаған жөн. Мұғалім баяндау
барысында сыныпқа жалпы сұрақ қойып, жауап алудан гөрі оқушы назарын
өзіне тарту үшін де, ойландыру әдісін қолданған жөн. Ойландыру тәсілі оқушыға
сұрақ қойып, жауап алудан бастап, жаттығу жұмысын, түрлі тілдік
тапсырмаларды орындату, мазмұндама, шығарма жаздырту, әңгімелесу сияқты
оқушымен жасалатын түрлі жұмыстардың бәріне де қатысады.
Жалқылау, жалпылау әдістері Жалқылау, жалпылау әдістері индукция,
дедукция деген атпен белгілі. Қазақ тілі әдістемесінде жалқылау, жалпылау әдіс
деген терминді тұңғыш рет ғылыми негізінде көтерген А.Байтұрсынов болып
саналады. Жалқылау әдісі - жалпылау әдіске қарсы әдіс. Жалпылаудың асылы
ұсақтан ірілеу болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату. Оқушыға бір
мәселені мұғалім түрліше түсіндіреді. Кейде жалпы ережені айтып алып, оның
ішкі тармақтары мен түрлерін түсіндіреді. Мысалы: жіктік жалғаудың не екенін
айтып, оның әр жағының қосымшасын түсіндіруге болады. Мұны басқаша
айтқанда жалпыдан жалқыға көшу дейміз. Осы жіктік жалғауының әр жағын
түсіндіруден бастап, соңында олардың бәрі де жіктік жалғау деп қорытатын
болса, ол-жалпылау әдісіне жатады.
Әңгімелесу әдісі кейде сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. Сабақтың барлық
түрінде қолданылады. Жаңа сабақ, қайталау, оқушының білімін тексеру,
анықтау, қазақша сөйлесуге үйрету, сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында
қандай жағдайда болсын, ол белгілі тақырып төңірегінде болуы тиіс.
Еліктеу әдісі Екінші тілді оқытуда еліктеу әдісінің өзіндік белгілі орны бар. Ол
оқушының естігенін дәл қайталай білуін қалыптастыруға бағытталған.
Оқытудың алғашқы сатысында көп қолданылады. Айталық қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтқызып жаттықтыру үшін, оқушы мұғалімнен естіп, соған
еліктеп үйрену керек. Алдымен текстің дұрыс оқыту үлгісін, өзі оқып көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет