Мөж тақырыбы: Кәсіби құзіреттілік ұғымдары Орындаған : Молдабек А. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспары



бет5/8
Дата06.05.2023
өлшемі174.76 Kb.
#473319
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақерке құзырет

а) тұлға ретінде, өмір сүру əрекеті субъектісі ретінде адамның өзіне қатысты құзырлар:
- денсаулық сақтау құзырлары: салауатты өмір салты нормаларын білуі жəне сақтауы; жеке гигиена ережелерін білуі жəне сақтауы; дене тəрбиесінің маңыздылығын түсінуі;
- дүниеде құндылықтық-мағыналық бағдарлану құзыры: болмыс құндылығы; мəдениет (бейнелеу өнері, əдебиет, өнер, музыка) құндылығы; ғылым; өндіріс; өркениет тарихы; өз елі; дін құндылығы;
- интеграция құзыры: білімдерді құрылымдау, көкейкестілендіру, жинақталған білімдерді кеңейту, толықтыру;
- азаматтылық құзырлары: азамат құқықтары мен міндеттерін сақтау; еркіндік жəне жауапкершілік; азаматтық борышты түсіну; мемлекет рəміздерін құрметтеу;
- өзіндік жетілу, өзіндік реттелу, өзіндік даму, тұлғалық жəне пəндік рефлексия: кəсіби жетілу; тілдік жетілу;
ə) адам мен əлеуметтік ортаның өзара əлеуметтік қатынасына қатысты құзырлар:
- əлеуметтік өзара қатынас құзырлары: қоғаммен, қауымдастықпен, отбасымен, ұжыммен, достармен, т.б. өзара қатынас, қақтығыстардың алдын алу жəне шеше білу басқаны құрметтеу жəне қабылдау (толеранттылық), əлеуметтік мобильділік;
- қарым-қатынастағы құзырлар: ауызша, жазбаша қарым-қатынастағы, диалог, монолог, мəтінді жасау жəне қабылдау, этикетті, дəстүрлерді білу жəне сақтау;
-кросс-мəдени қарым-қатынас;
- іскерлік қатынас;
- коммуникативтік міндеттерді шешу;
б) адам іс-əрекетіне қатысты құзырлар:
- танымдық іс-əрекет құзырлары: танымдық міндеттерді қоя жəне шеше білу; стандартты емес шешімдер; проблемалық жағдаяттарды тудыру жəне шешу; продуктивті жəне репродуктивті таным, зерттеу, интеллектуалдық іс-əрекет;
- іс-əрекет құзырлары: ойын, оқу, еңбек; іс-əрекет құралдары мен тəсілдері: жоспарлау, жобалау, үлгілеу, болжау, зерттеу іс-əрекеті;
- ақпараттық технологиялар құзырлары: ақпаратты қабылдау, өңдеу, беру;
- массмедиалық, мультимедиалық технологияларды меңгеру, компьютерлік сауаттылық; электрондық, Интернет- технологияларды игеру.
Бұл құзырлар адамның мінез-құлқында, іс-əрекетінде көрініс бере отырып, оның тұлғалық қасиеттеріне айналады. Яғни олар іс-əрекет жəне тəжірибе барысында мотивациялық, мазмұндық, қатынастық, реттеушілік құрамдас бөліктерден тұратын оның құзыреттіліктеріне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет