Мөж тақырыбы: Кәсіби құзіреттілік ұғымдары Орындаған : Молдабек А. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспары


Маңызды заңнамалық құжаттарды талдау кəсіптік білім беру ұйымы түлегінің келесі кілттік құзыреттіліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді



бет4/8
Дата06.05.2023
өлшемі174.76 Kb.
#473319
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақерке құзырет

Маңызды заңнамалық құжаттарды талдау кəсіптік білім беру ұйымы түлегінің келесі кілттік құзыреттіліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • белсенді өмірлік жəне кəсіби ұстанымның болуы;

  • өзінің жəне қоғамның жақсы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ете алуы, өзіндік ұйымдастыруға (синергетика) жауапкершілігі;

  • əлеуметтік жəне кəсіби өзіндік анықталуға жəне өзін өзі іске асыруға бағдарлану;

  • экономика жəне əлеуметтік қатынастар саласындағы негізгі əлеуметтік дағдылар мен практикалық іскерліктерді игеру;

  • жаһанданған дүниеге, ашық ақпараттық қоғамға ене алуы;

  • толеранттылық (басқаның пікіріне төзе білу), диалог жүргізе алу іскерлігі, мазмұндық компромистерді іздей жəне таба алу іскерлігі;

  • заманауи жалпымəдени деңгейге жету;

  • құқықтық мəдениет: мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана алу іскерлігі мен негізгі құқықтық нормаларды білуі.

Қазіргі кезде қалыптасып отырған əлеуметтік-кəсіби жағдайда бірінші кезекке маманның білімділігі емес, оның алынған білімдерді нақты практикалық іс-əрекетте іске асыра алу қабілеті шығады. Бұл жерде тағы да «құзыреттілік» жəне «құзыр» терминдерінің ара-жігін ашып алу қажеттігі көрінеді.
Бұл түсініктердің арасындағы ерекшеліктерді көрсете отырып, бірқатар авторлар құзыреттіліктердің білім беру нəтижесі ретінде көрінетінін, ал құзырдың осы құзыреттіліктің əрекеттегі түрі екендігін көрсетеді (М.К.Кабардов, Е.В.Арцишевская). Бұл жерде кəсіби іс-əрекетті меңгеру процесін психологиялық тұрғыда талдау үшін игеру (білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды) жəне қолдану (іс-əрекетті атқаруға қатысты) сияқты бағалау параметрлері қолданылады.
«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кəсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзыреттілік — өзінің кəсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Əлеуметтік құзыреттілік — кəсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі — педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше, құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы.
Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім — қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нəтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шəкіртті оқытуда, білім беруде, тəрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру — кезеңдік үдеріс, яғни педагогикалық іс-əрекетте үнемі кəсіби шеберлікті арттыру қажет жəне аталған сатылар əрдайым қайталанады, бірақ жаңа сапада. Өзін-өзі дамыту үдерісі биологиялық, əлеуметтік жеке тұлғалық ерекшеліктерге байланысты, ол жеке өмірін саналы ұйымдастырса, өзіндік дамуында қамтиды. Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі əлеуметтік ортаға тəуелді болып келеді, сондықтан орта кəсіби өзіндік дамуды ынталандыруы қажет.
Білім беру нəтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі — бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын жəне білім беру стандарты формасында тіркелетін нəтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, əлеуметтік мəдени тəжірибенің идеалды формада сақталатынына əлбетте қол жететін көрінісі екені мəлім.
Екінші тұрғыдан, білім берудің нəтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тəжірибесі оған кез келген жағдайда адекватты əрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нəтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы жəне кəсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кəсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең жəне жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бəсекеге қабілеттілік жəне өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады.
Педагог іс-əрекеті білім саласында кəсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-əрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық — іс-əрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-əрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-əрекет бағдарламасын құру үшін қандай əрекеттер жəне қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нəтижесінде əрекет бағдарламасы педагог іс-əрекетінің моделі пайда болады. Іс-əрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кəсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-əрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.
Кəсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, əлеуметтік тұрғыдан жетілген, əдіс- тəсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кəсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, педагог мамандығы зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-əрекеті көбінде оның кəсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-əрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада — педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды жəне оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Кəсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кəсіби білімін (теориялық жəне тəжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кəсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кəсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.
Кəсіби оқыту педагогының кəсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық жəне инженерлік интегралмен анықталады.
Оқушылардың кəсіби дайындығының мақсаты — ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға жəне кəсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кəсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мəні, мағынасы жəне құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
«Кілттік құзырлар» термині алғаш рет 1992 жылы «Еуропадағы орта білім беру» деп аталатын Еуропалық кеңестің жобасында қолданылды, бұл дүниежүзілік білім беру процесінің нəтижелік компонентін жаңа жағдайда, басқа тұрғыда қарастыруға мүмкіндік берді. Кейінірек, 1996 жылы, «Еуропа үшін кілттік құзыреттіліктер» деген атпен Еуропа кеңесі өткізген симпозиумде түлектердің төмендегідей бес кілттік құзырлары бөліп көрсетілді:

  • саяси жəне əлеуметтік құзырлар (өзіне жауапкершілік алу, бірігіп шешім қабылдауға қатысу, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қабілеттері);

  • көпмəдениетті қоғамда өмір сүруге байланысты құзырлар (толеранттылық — айырмашылықтарды қабылдай алу, басқаларды құрметтеу, басқа мəдениет, тіл, діндер өкілдерімен өзара қатынас жасай алу қабілеттері);

  • басқа тілде жазбаша жəне ауызша қарым-қатынас жасай алуға байланысты құзырлар;

  • ақпараттық қоғамның пайда болуына байланысты құзырлар (жаңа технологияларды меңгеру, оларды пайдалану мүмкіндіктерін түсіну, бұқаралық ақпарат құралдары жəне жарнама тарататын ақпаратқа сын тұрғысынан қатынас);

  • кəсіби даярлық контексінде өмір бойы білім алуға қабілеттілік, білім алудың үздіксіздігін түсіну [6].

Ресейлік ғалым И.А.Зимняя Б.Г.Ананьевтің, В.Н.Мясищевтің, Н.В.Кузьминаның, А.К.Маркованың тұлғалық даму жəне кəсіби даярлық жөніндегі теориялық қағидаларын негізге ала отырып, кілттік құзырларды топтайды. Осы тұрғыда ол кілттік құзыреттіліктердің үш тобын бөліп көрсетеді:

  • тұлға ретінде, өмір сүру əрекеті субъектісі ретінде адамның өзіне қатысты құзыреттіліктер;

  • басқа адамдармен өзара қатынас жасауға байланысты құзыреттіліктер;

  • адамның іс-əрекетіне қатысты құзыреттіліктер.

Сол сияқты құзырлардың белгілі бір дəрежеде ішкі, потенциалды психологиялық жағдай (білімдер, көзқарастар, əрекет алгоритмі (бағдарламасы), құндылықтар мен қатынастар жүйесі) екендігін ескере отырып, оның (құзырдың) он түрін үш топқа бөліп көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет