Критериалды бағалаудың міндеттері:
1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін объективті және айқын бағалау жүйесінің қызмет етуі.
2. Халықаралық тәсілдемелер мен стандарттарға сәйкес бірыңғай, сапалы бағалау механизмдерін құру.
3. Бағалау әрекетінде мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру.
4. Оқушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру және оларды өз бетінше оқу дағдыларына дағдыландыру үшін жағдай жасау.
5. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру.
6. Оқушылардың күтілетін нәтижелерге жетуін бағалау үдерісін, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) автоматтандыруға және дербестендіруге мүмкіндік беретін тапсырма үлгілері қорын құру.
7. Объективті, үздіксіз, анық ақпараттарды ұсыну: оқушыларға олардың оқу сапасы туралы, мұғалімдерге оқушыларының ілгерілеуі туралы, ата11 аналарға оқу нәтижесіне жету деңгейі туралы, басқару органдарына ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы туралы.
8. Жинақтау үдерісін белсендіру және ақпараттар ұсыну үшін электрондық журналды қолдану.
9. Мемелекет, облыс, аудандық барлық мектептер, жеке мектептер, әр оқушы деңгейінде бөлімдер мен тақырыптар аясындағы оқу бағдарламаларын меңгеруге қатысты мониторингті қолдану.
10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру және басқарушылық тиімді шешім қабылдау үшін зерттеу және талдау жүргізу. Критериалды бағалау оқу үдерісінде белгіленген қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру сапасын арттыру үшін ынталандырушы орта құру арқылы тиімді бағалау жүйесін жасауда келесі негізгі жағдайларды қамтамасыз ету қажет:
Білу деңгейінен бағалау деңгейіне дейін - Б.Блумның таксономиялық тәсіліне сәйкес нақты күтілетін нәтижелерге бағытталған және оқу мақсаттары жүйесін жүзеге асыратын стандарт пен оқу бағдарламаларын құрастыру (Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын қараңыз).
Білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды өткізудің тәртібін анықтайтын нормативтік-құқықты қамтамасыз ету. Бұл бірыңғай стандарттар құрастыруға, нақты рәсімделген механизмдерді жасауға, барлық рәсімдерді жүзеге асыруға және үйлестіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Басқарудың ұйымдық құрылымын анықтайтын және бағалау жүйесін енгізу мен үйлестіру кезінде есеп жүргізетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Аталған жағдайды жүзеге асыру аясында бағалау үдерісінің мониторингісін жүйелі өткізу (жиынтық бағалау мәліметтері негізінде өткізіледі және қосымша іс-шараларды талап етпейді), бағалау жүйесінің тиімділігін зерттеу және бағалау үдерісінің қатысушыларының пікірін танып білу мәселелерін қарастыру қажет. Көптеген ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметті жүзеге асыруды критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілері жүргізеді (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты қараңыз). Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім басқармасы әдіскерлері ішінен, мектеп үйлестірушілері жалпы білім беретін мектеп директор орынбасарлары арасынан анықталады.
Бағалау бойынша үйлестірушілердің міндеттерінің бірі озық істәжірибені зерделеу, талдау, енгізуге бағытталған педагогтердің кәсіби қоғамдастығын дамыту болып табылады.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, критериалды бағалауға қатысты ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру, мұғалімдердің бағалауға қатысты тәжірибелерін дамыту, стандарттау мақсатында мұғалімдерге бағалау құралдарының үлгілері бар жинақтарды ұсыну.
Ақпараттық қамтамасыз ету, рәсімдерді цифрландыру үшін автоматтандырылған ортаны құрастыру бойынша IT-шешімдер және білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың өзара онлайн әрекеті: электрондық журнал мен күнделік, тапсырмалар қоры, орталық мұрағат және т.б. Бұл әр оқушының жеке траекториясын құру арқылы дербес бағалауға мүмкіндік береді.
Кадрлық қамтамасыз ету, бағалау жүйесін жүзеге асыру мәселелері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін жүйелі арттыру.
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру – оқу нәтижесіне қатысты оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін, жұмыла әрекет етуін арттыру үшін қолайлы орта құру және мектеп пен ата-аналар қоғамдастығы арасында ынтымақтастық орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |