Мөж тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері Орындаған : Молдабек А. Тобы: мнк-211 Қабылдаған : Сұлтанбек М. Түркістан 2023 Жоспары


Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау. Түсіну



бет3/7
Дата06.05.2023
өлшемі268.39 Kb.
#473318
1   2   3   4   5   6   7
Бағалау МӨЖ

Білуөтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау.
Түсіну – материалды бір формадан екінші формаға ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолданужаңа білімді, әдістерді және ережелерді басқа түрде (нұсқада) қолдану.
Талдау – біртұтас нысанды, оның болмысын жақсы түсіну және меңгеру 18 үшін ұсақ бөліктерге ажырату.
Жинақтау (синтез) – жекеленген түсініктерді тұтас түсінік ретінде біріктіру үдерісі. Жаңа үлгіде элементтерді түрлі әдістермен қиыстыру немесе баламалы шешімдер ұсыну арқылы ақпаратты жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде нысанның жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс. Таксономиялық тәсіл бағалау критерийлерін оқу мақсаттары ойлау дағдыларының таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау).


2 Критериалды бағалау жүйесінің қағидаттары, мақсаты мен міндеттері

Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығына, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының оқудағы қажеттілігіне бағытталған. Бағалау ұғымы латын тілінде «assessio» деген сөзбен беріледі. Оның мағынасы «бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде мұғалім оқушымен «отырады», оқушының рәсімді қолдануы үшін ғана емес, рәсімді онымен бірге және ол үшін өткізеді. Сондықтан, критериалды бағалау жүйесінің негізгі басымдықтары оқушыларды дамыту, олардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, бағаға қатысты қобалжуын, қорқынышын бағалау рәсімдеріне қатыстыру және түсіндіру арқылы азайту болып табылады. Егер анық және өлшенетін бағалау критерийлері болса, әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болса бұған жетуге болады. Нақты жасалған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да мыналарды түсінетін болады:


• Оқушы оқудың қай сатысында?
• Ол өзі оқуда неге талпынады?
• Оның оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпараттар алу және оны оқу үдерісін әрі қарай жетілдіру үшін мүдделі барлық қатысушыларға ұсыну болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет