Синтопия: трахеяның топографиялық орналасуы бойынша 2 бөліктен тұрады:
Мойындық бөлігі, pars cervicalis-қысқа
*алдыңғы беті: қалқанша без, тіласты сүйегінен төмен орналасқан төс-қалқанша бұлшықеттер
*бүйір беті: жалпы ұйқы артериясы, мойындырық венасы, кезбе нерв
*артқы беті: өңеш
Кеуделік бөлігі, pars thoracica-ұзын
*алдыңғы беті: қолқа доғасы, тимус, жоғарғы қуысты вена, n.larynges reccurens
*бүйір беті: оң және сол көкірекаралық, өкпеқап
*артқы беті: өңештің кеуделік бөлігі
Жоғарғы жағында: көмей
Астында: бронхтардың бифуркациясы екі бронхқа бөлінеді
Құрылысы : 16-20 шақты жартылай сақиналы шеміршектен тұрады. Олар бір- бірімен тығыз талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар, ligamentum annularia арқылы байланысады.
*жоғарыда көмейдің жүзік-тәрізді шеміршегімен кеңірдектің 1-ші сақинасы * ligamentum cricotrechlearis арқылы байланысқан
*трахеяның артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, paries membranaceus арқылы байланысқан.
Кеңірдектің артқы қабырғасының ерекшеліктері:
Артында –жартылай сақиналар тығыз талшықты дәнекер тінінен және біріңғай салалы ет клеткаларынан тұрады. Өңештен ірі тағам түйір өткен кезде, оның диаметрі үлкейеді (кеңірдектің диаметрі кішіреюіне байланысты).
Қабаттары:
Кілегей қабатында: бездер, лимфа түйіндеріне бай, кірпікшелі эпителиймен қапталған. Carina trachlearis
Жартылай сақиналы шеміршектен тұрады/ жарғақтар, paries membranaceus
Адвентиция
Қызметі:
Ауа өткізу
Кілегей қабаттарының қызметтері.
Нервтендіруі:
*кеңірдектің қайырылма нерв- nervus laryngeus recurrens
*СИМПАТИКАЛЫҚ САБАУ ТАРМАҚТАРЫ- TRUNCUS SYMPATHICUS
3.Жұтқыншақтың топографиялық анатомиясы
Голотопиясы: бас және мойын аймағында орнласқан сырт пішіні конус тәрізді ас қорыту/ туныс алу жүйесінің бастапқы мүшесі
Скелетотопиясы: бастың шүйде сүйегінен басталып, VI-VII мойын омыртқаларына дейін созылады.
Синтопиясы:
жоғарғы жағында - бас сүйегі;
алдында - мұрын қуысы/хаон тесігі, ауыз қуысы/араң, isthmus
faucium және көмей/recessus piriformis;
артында - омыртқа жотасы;
бүйірінде – ірі қан тамырлар, кезбе нерв
төменгі жағында - өңешке жалғасады.
Қабаттары:
1) кілегей қабаты: мұрын бөлігі көп қатарлы кірпікшелі эпителийден түзілген, ауыз бен көмейлік бөліктері көп қатарлы эпителий, қатпар жоқ, бездерге бай.
2) кілегей асты қабаты-болбыр талшықты дәнекер тіннен тұрады.
3) бұлшық ет қабаты-екі түрлі бұлшық еттен тұрады:
а)қаңқалық бұлшық ет, бойлық қабат бұлышқ еті:
1.біз-жұтқыншақ б.ет/ m. Stylopharynheus. Қызметі: тамақты жұтқан соң, жұтқыншақты қалыпты деңгейге ікелу
2.таңдай-жұтқыншақ бұлшық еті/ m.palatopharyngeus
Қызметі: тамақты жұтқанда жұмсақ таңдайды төмен тартып, ауаны мұрын қуысынан көмейге еркін өткізеді.
б) жұтқыншақтың меншікті бұлшық еттері, констрикторлар немесе қысқыштар,яғни жұтқыншақтың пішінін өзгертіп отырады.
1. жұтқыншақтың жоғарғы қысқыш бұлшықеті/m.constrictor parhynges superior
Қызметі: тамақты қысып, жұтқыншақтың аралық бөлігіне өткізу
2. жұтқыншақтың ортаңғы қысқыш бұлшықеті/ m.constrictor parhynges media
Қызметі: тамақты ауыздық бөліктен көмейлік бөлікке жылжыту
3. жұтқыншақтың төменгі қысқыш бұлшықеті/ m.constrictor parhynges inferior
Қызметі: тамақты әрі қара өңешке жылжыту
4) адвентиция-сыртқы қабат(дәнекер тінді)
5) сыртқы фиброзды капсула, шүйде сүйегінің жұтқыншақ бұдырына барып бекиді.
Жұтқыншақтың қызметі:
1)моторикалық
2)қорғаныш қызметі
4.Өнештің топографиялық анатомиясы
Достарыңызбен бөлісу: |