Шарикті катализаторы бар регенератор қондырғысының төрт бұрыштық қимасы болады, биіктігі бойынша әрбірі жағу бөлімшесінен өтетін катализаторды салқындату үшін түтінді газды иректі құбыр арқылы алып кететін кокс жағу үшін құрылғылармен жабдықталған бірнеше зонадан тұрады. Регенераторды құрастыру жердегі арнайы көлденең стелаждарда алдын-ала жиналынатын ірі блоктармен жүргізеді. Аппаратты іліп көтеруді мұқият жүргізу қажет, ол үшін оның корпусына көтерілетін ірі блоктарға қосымша беріктік беретін балканы дәнекерлейді. Корпусты футеровкалау және ішкі құрылғыларын құрастыруды барлық аппаратты тіректік іргетасқа орнықаннан оны сенімді бекіткеннен кейін жүргізеді. Жинауды төменнен жоғарыға қарай жүргізеді. Құрастыру кезінде, олардың жұмыс істеуі кезінде жоғары температураның әсерін есепке ала отырып тораптардың, бөлшектердің түйісуіндегі нығыздағыштармен компенсаторлар құрылғыларындағы техникалық жағдайды сақтау өте маңызды.
Үлестіріп беретін құбырлары, ауаны берумен газды алып кету қораптары, иректі құбыршадан, ағып өту құбырларымен төмендегі тегістегіш құрылғылары бар қабылдау бункерін жерде жинайды және ауамен немесе сығымдаумен көзбен қарап өтіп тексереді, одан кейін деррик кранмен көтеріп жоғарғы ашық түп арқылы аппаратқа орнатады. Шаң сияқты катализаторы бар регенерациялау қондырғысы жоғарғы және төменгі жағынан конусты түптермен жабылған цилиндрлі корпустардан тұрады. Оны құрастыру цилиндрлік реактор құрастыруына ұқсас және сол сияқты ірі блоктармен жүргізіледі. Өте жауапкершіліктегі қиын операциялар болып ішкі құрылғыларды қаптау қаңылтыр беттерін көтеру, орнату және бекіту болып табылады, бұл операцияларды регенератор корпусының жоғарғы қақпағын орнатумен дәнекерлегенге дейін орындайды[6].
4.6. Органикалық синтез және синтетикалық каучук өндірісінің негізгі жабдықтары
Негізгі органикалық синтез өндірісінің анықтаушы сатысы болып тұтас өнім алуды қамтамасыз ететін химиялық реакциялар болып табылады. Барлық химиялық реакциялар, құрылысы таңдап алынған жұмыс істеу принципінен және жалпы технологиялық процесстің талаптарынан тәуелділіктегі реакторларда іске асырылады. Барлық реакциялық аппараттар үшін физикалық-химиялық қасиеттерімен жағдайлары бойынша әртүрлі катализаторларды пайдалану қарастырылады. Реакциялық аппараттарды пайдалануда, реакцияның ең бір мақсатқа сәйкес тәртіпте өтуі қажеттілігімен қамтамасыз етілетін параметрлері әртүрлі (температура,, қысым, катализатордың қозғалу жылдамдығы және т.б.) болады.
|
Сурет 4.3 Бутанды дегидрлеудің реактор - регенератордың блогы:
1-реактор; 2-таратуторы; 3-бутан фракциясын беру штуцері; 4, 13-отындық газ штуцері; 5-сығымдалған газды беру құбыры; 6-бумен құрғататын секция; 7-тасымалдау желісі; 8-десорбер; 9-тірек; 10-регенатор; 11-түтін газдарының шығуы; 12-циклондар; 14-тарату торы; 15- ауаны беру; 16-реакциялық газдарды шығаратын құбыр.
|
Достарыңызбен бөлісу: |