«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Молекулалық биология және медициналық
генетика
Ақпараттық –дидактикалық блок
Редакциясы: 1
7 беттің 2беті
Аталық жыныс жүйесi. Жұп аталық безден, ұрық шығарғыш өзекте қосылатын екi
ұрық жолдарынан және копулятивтi мүше-циррустан тұрады.
Аналық жыныс жүйесi. Аналық безден, сары уыздан, ұрыққабылдағыштан, оотиптен,
Мелис денешiгi, жатыр, Лауреров каналынан тұрады. Мелис
денешігі жұмыртқа қабығын
түзуге қатысатын сұйық зат бөледі. Лауреров каналы артық мөлшердегі жыныс өнімдерін
бөлу қызметін атқарады.
Тіршілік циклы. Күрделі, ие алмастыру және бірнеше личинкалық сатысының алмасуы
арқылы жүреді. Сорғыштардың ақырғы иелері – адам және омыртқалылар,
аралық иелері -
моллюскалар.
Жыныстық жетiлген сатысында сорғыштар
мариттер деп аталады. Олардан шыққан
жұмыртқа дамуы үшiн суға түсуi керек. Жұмыртқадан
личинка-мирацидий шығады.
Мирацидий суда құрсақ аяқты ұлу ағзасына түседi. Мұнда личинка ұрықтық
жасушалары бар спороцистаға айналады. Личинкалар партеногенез жолымен көбейедi.
Осының
нәтижесiнде көп жасушалы редий, одан церкарийге айналады. Церкарийлар ұлу
ағзасынан шығып, негiзгi немесе екiншi аралық иесiн табу үшiн еркiн жүзiп жүреді.
Көптеген трематодтардың церкарийлары екінші аралық иелеріне өтіп,
сол жерде
метацеркарийға айналады. Бір аралық иелері бар трематодтардың церкарийлары сыртқы
ортада циста түзіп,
адолескарийға айналады.
Метацеркарий және аделоскарий ақырғы иелері үшін инвазиялық саты болып табылады,
солардың денелерінде
маритаға айналады.
Сорғыштар
қоздыратын
аурулар
Достарыңызбен бөлісу: