Молекулалық биология және медициналық


Сорғыштар класы (Trematodа)



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата27.04.2023
өлшемі0.85 Mb.
#472924
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сорғыштар инф.дидак. блок каз

Сорғыштар класы (Trematodа) 
Бұл класқа 3000- ға жуық түрлер жатады. Олардың бәрі де паразиттер болып саналады. 
Денелері жалпақ, жапырақ тәрізді. Арнайы бекінуге арналған екі сорғыштары - ауыз және 
құрсақ сорғыштары болады. Ауыз сорғышы дененің алдыңғы жағында орналасады және ол
ауыз қуысымен байланысқан, ал құрсақ сорғышы дененің құрсақ бөлігінде орналасып, бекіну 
қызметін атқарады. 
Дене жамылғысы. Тері бұлшық ет жамылғысы тегументтен және үш бағытта (ұзын 
салалы, көлденең және қиғаш) орналасқан бұлшық еттер қабатынан құралған. 
Ас қорыту жүйесi. Ауыз қуысы, бұлшықетті жұтқыншақтан, өңештен және екіге 
тармақталған ішектен тұрады. Ішектері тұйық аяқталады.
Жүйке жүйесi. Жұтқыншақ маңы жүйке сақинасынан және одан таралған үш жұп жүйке 
бағаналарынан тұрады. Бүйір жүйке бағаналары жақсы жетілген.
Зәр шығару жүйесi. Претонефридияларды типтi. Олар көптеген жұлдызша тәрізді 
(терминальды) 
жасушалардан 
басталады. 
Терминальды 
жасушалар 
паренхимадан 
диссимиляцияланған өнімдерді шығарады.
Жыныс жүйесi. Сорғыш құрттардың көбiсi-гермофродиттер, шистозомдар дара 
жынысты.


 
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 
 
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» 
Молекулалық биология және медициналық 
генетика
Ақпараттық –дидактикалық блок 
Редакциясы: 1
7 беттің 2беті 
Аталық жыныс жүйесi. Жұп аталық безден, ұрық шығарғыш өзекте қосылатын екi 
ұрық жолдарынан және копулятивтi мүше-циррустан тұрады.
Аналық жыныс жүйесi. Аналық безден, сары уыздан, ұрыққабылдағыштан, оотиптен, 
Мелис денешiгi, жатыр, Лауреров каналынан тұрады. Мелис денешігі жұмыртқа қабығын
түзуге қатысатын сұйық зат бөледі. Лауреров каналы артық мөлшердегі жыныс өнімдерін 
бөлу қызметін атқарады.
Тіршілік циклы. Күрделі, ие алмастыру және бірнеше личинкалық сатысының алмасуы 
арқылы жүреді. Сорғыштардың ақырғы иелері – адам және омыртқалылар, аралық иелері - 
моллюскалар. 
Жыныстық жетiлген сатысында сорғыштар мариттер деп аталады. Олардан шыққан 
жұмыртқа дамуы үшiн суға түсуi керек. Жұмыртқадан личинка-мирацидий шығады.
Мирацидий суда құрсақ аяқты ұлу ағзасына түседi. Мұнда личинка ұрықтық
жасушалары бар спороцистаға айналады. Личинкалар партеногенез жолымен көбейедi. 
Осының нәтижесiнде көп жасушалы редий, одан церкарийге айналады. Церкарийлар ұлу 
ағзасынан шығып, негiзгi немесе екiншi аралық иесiн табу үшiн еркiн жүзiп жүреді.
Көптеген трематодтардың церкарийлары екінші аралық иелеріне өтіп, сол жерде 
метацеркарийға айналады. Бір аралық иелері бар трематодтардың церкарийлары сыртқы 
ортада циста түзіп, адолескарийға айналады.
Метацеркарий және аделоскарий ақырғы иелері үшін инвазиялық саты болып табылады, 
солардың денелерінде маритаға айналады.
Сорғыштар 
қоздыратын 
аурулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет