43
бірнеше немесе көптеген мөлшерлік шамалардан құралады. Мысалы,
тас десек,
ол
салмақ, көлем, тығыздық, ұзындық сияқты әлденеше шамалардан тұрады
және осы шамаларымен ғана бірбүтін зат ретінде танылады. Бірақ бұл мысалдағы
мөлшерлік шамалар
параметр ұғымына сәйкес келмейді. Себебі,
мұндағы
өлшемдік шамалар – заттарда ежелден бар табиғи өлшемдер. Ал
параметр –
белгілі стандартқа түсірілген, субъектілік талаптан туған, тәртіп, шарт бойынша
қалыптасқан шамалардың жиынтығы. Мысалы,
ғылыми мақала. Оның көлемі,
жазылу тәртібі, жазудың шрифті (түрі) мен үлкендігі, интервал, әр беттің төрт
жағының өлшемдері т.б. белгілі талапқа сай қалыптасқан өлшемдер бойынша
рәсімделеді. Бұл талаптардың өзі ғылыми, материалдық қажеттіліктерден туады.
Міне, бұл – мақаланың параметрі. Параметрді
өлшенуге тиіс объектілердің
жүйесі немесе
құрамы деп түсінуге де болады. Біртұтас жүйені құрайтын
шамалар
атрибуттық қасиетке ие болады. Әрі белгілі уақыт шегінде
тұрақтылық, ұдайылық сипатқа ие. Бұған қарап
параметр мәңгі өзгермейтін
өлшемдер жиынтығы деп түсінбеу керек. Параметрге де
ауыспалылық,
өзгермелілік қасиеттері тән.
Мөлшер, ол – қарқын. Мөлшер тек заттық негізден ғана емес, қимыл-
қозғалыс негізінен де туады. Болмыстағы заттар
мен құбылыстардың бәрі
қозғалыста өмір сүреді. Мысалы,
жел соғады, ағаш өседі, жан-жануар жүреді,
құс ұшады, жер өз осін айналады,
тау өседі не шөгеді т.б. Сондықтан осы
қимыл-қозғалыстардың да белгілі мөлшері болады.
Қимылдың бұл мөлшері
«қарқын»
ұғымы арқылы беріледі. Қимыл мөлшері
тез-ақырын, жылдам-баяу
тіресімдері шеңберінде көрініс табады. Мысалы
, ат тез жүрді, ат ақырын
Достарыңызбен бөлісу: