54
мылжыңдаған тілді алдырмайтын жау /деп түсін/ (АЙ, 133-134). Бұдан
аталмыш сөз орта ғасыр түркі тілінде өте жиі қолданыста болғаны байқалады.
Сөз бойындағы көптеген мағыналардың біреуі контексте актуалдануы
улуғ
сөзінен де көрінеді. Мысалы,
Біргерү табғач тапа улуғ сү екі йегірмі ...
/сүңүшдім/ (КТү., 28)
// Түстікте табғашқа қарсы көп әскермен он екі /рет/
соғыстым. Бұл мысалда
улуғ сү тіркесі
көп әскер мағынасын білдіреді.
Улуғ –
әлденеше мағынада кездесетін көпмағыналы сөз. Соның бірі –
көптік
семантикасы. Жыраулар поэзиясында
улуғ сөзі
ұлы формасында беріліп,
ұлы
шерік қол тіркесінде кездеседі. Ұлы, даңқты, үлкен жорықтар,
шайқастар көп
әскердің қатысуымен болатыны заңды.
Улуғ (ұлы) сөзінде
айбын, айбат, үлкен
деген де мағыналар бар. Міне, осындай жасырын семалар тұтаса келіп, «көптік»
ұғымды білдіріп тұр. Ескерткіш мәтінінде
үкүш, улуғ, қоп сөздері синонимдік
қатар түзеді де,
аз лексемасына
тіресім құрайды. Академиялық «Қазақ
грамматикасында» зат есімнің көптік мағынасы туралы: «Қазақ тіліндегі көптік
тұлға мен көптік мағына бір-біріне тепе-тең емес.
Көптік тұлғамен
салыстырғанда көптік мағынаның өрісі әлдеқайда кең. Олай болатыны –
тіліміздегі әрбір зат есім ешқандай сыртқы морфологиялық көрсеткішсіз-ақ екі
бірдей грамматикалық мағынада – жекеше де, көпше де жұмсала алады», – деп
берілген [166, 446 б.]. Бұл тұжырымның дұрыстығын атай отырып, сын есім
сөздері де ешқандай көптік формасыз-ақ «көптік», «мөлшер» мағыналарын бере
алатынын айта кеткіміз келеді. Мұны жоғарыдағы мысалдар толық дәлелдейді.
Ескерткіштерде «қашықтық» семантикасы «алыс/жақын»
тіресімдік
(оппозиция) ұғымдары аясында құрылымданады. «Қашықтық»
жазықтықтағы
және
кеңістіктегі кез келген екі нүктенің арақашықтық мәнін білдіретіні белгілі.
Олай болса, ескерткіштерде «қашықтық» ұғымы көлденең және тік бағыттарды
құрайды.
Йағуқ // жақын, ырақ //жырақ сөздері көлденең бағытты қашықтықты
білдірсе,
иуйқа // жұқа, йуйқа қалын // жұқа қалыңдаса, узун (тонлығ) // ұзын
Достарыңызбен бөлісу: