91
семантикалық
ерекшелігіне қарай өлшеуіш соматизмдер, шамалауыш
соматизмдер деп екі топқа бөлуге болады. Бұлардың саны бір-бірімен негізінен
шамалас.
Өлшеуіш соматизмдер заттар мен құбылыстардың шамасын, мөлшерін
тікелей өлшейді және толық мөлшерлік семантика үш компонентті синтаксистік
конструкция арқылы беріледі. Мысалы,
бір қарыс мата десек,
қол (қарыс)
арқылы
мата тікелей өлшеніп тұр. Сонымен қатар, оның
бір қарыс ұзындықтағы
мөлшері аталады. Бұл топтағы соматизмдер басқа соматизмдерге қарағанда
нақты өлшем бірлікке айналу мүмкіндігі жоғары және нақты сандық мәнге
біршама жақындау.
М.Қашқари сөздігінде
өлшеуіш соматизмдердің мынадай түрлері кездеседі:
– Адзут // уыс (МҚ, Т
1
-79);
абут // уыс (МҚ, Т
1
-112)
(сөздікте авут сөзін
А.Егеубаев абут деп транскрипциялаған). Сөздікте
уыс сөзі
адзут, абут секілді
екі түрлі нұсқада кездеседі. М.Қашқари зат есімдердің төрт әріпті бөлімінде
абут
сөзін
адзут сөзінің варианты ретінде көрсеткен.
Әрі осы адзут сөзі туралы:
Азут – адзут секілді де айтылады (МҚ, Т
1
-112)
, – деп түсіндіреді. Түркі тілінің
әр бұтақтарында аздаған дыбыстық өзгерістермен айтылғаны болмаса, бұлар
дене мүше атауын білдіретін бір сөз.
Уыс сөзінде заттық мағынамен қатар,
өлшемге, өлшеуге бейімделген белгілі қимылдық ұғым (вербалдану) да бар. Яғни
алақанның белгілі сыйымдылық мөлшердегі формасының атауы. Мұның өзі осы
сөздің басты функциясы зат емес, өлшеу құралы болу екенін айғақтайды.
Уыс –
халықтық өлшем бірліктердің бірі. Ол қазақ тілінің кей қолданыстарында жалғыз
алақанның сыйымдылығын көрсетсе, кейде қос алақанды түйістіргендегі
сыйымдылық мөлшерін білдіреді. Бұған байланысты тілдік қолданыста
қос уыс
тіркесі бар. Ал М.Қашқари
уыс сөзін зат атауы ретінде зат есім тарауында
бергенімен, сөз мағынасын түсіндіретін мысалда:
Бір адзұт нәң // бір уыс нәрсе
(МҚ, Т
1
-79) деп береді. Демек,
уыс сөзі, ең әуелі – өлшем құралы.
– Әлік, елік //
қол (МҚ, Т
1
-101-102).
Сөздікте әлік, елік сөзі қандай да бір
мөлшерлік шаманы білдіретін өлшем бірлік ретінде емес, кәдімгі дене мүше
атауы,
қол мағынасында беріледі. М.Қашқари бұл сөзді былайша түсіндіреді:
Оң
әлік // оң қол. Оны оғызша «сағ әлік // оң қол» дейді. Сол қолды түрік
халықтарының бәрі бірдей «сол әлік // сол қол (МҚ, Т
1
-101-102).
Әлік (елік) орта
ғасыр түркі
тілінде қол мағынасын білдіретін сөз болғанымен,
сөз мағынасы
дамуының сан ғасырлық күрделі процесінен кейін, қазіргі қазақ тіліне
қолдың өзі
емес, оның тарам-тарам саусақтары мағынасында жеткен. Тіптен, қол
саусақтарының да
дәл өз атауы емес, оның қалыңдық мөлшерінің баламасы
мәнінде қолданылады. Яғни өлшем атауы ретінде қалыптасқан. Аталған сөздің
мағынасы туралы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «
Елі – саусақтың
қалыңдығы, көлденең ұзындығы»,
– деп берілген [ҚТТС, Т
6
-110] (162 әд.).
– Әлік, елік сөзінің ең алғаш қол не
саусақ ұғымдарының қайсысын
білдіргені жайлы түрколог ғалымдар арасында тоқайласқан ортақ байлам жоқ.
Көпшілігі түрлі болжамдар жасайды. Десе де, олардың пікіріне қарағанда, бұл
сөз түркі тілдерінің көпшілігінде түрлі фонетикалық варианттармен айтылады.
Мысалы: алтай тілдерінде –
äli, ely // elii, өлy // ölii; татар, башқұрт тілдерінде –
uлі,
іlі,
uллі //
illi,
uлuғ //
ilir; тува тілінде –
ilir //
ilig; қазақ, қырғыз, ноғай,
қарақалпақ тілдерінде
елі түрінде кездеседі. Соңғы қыпшақ тобындағы тілдерді
айтпағанда, көпшілік түркі тілдерінде
қол мағынасын білдіреді.
Осы сөздің
қатысымен қазіргі қазақ тілінде «мөлшер» ұғымын білдіретін біршама тұрақты
92
құрылымдар, тіркестер кездеседі. Мысалы
, маңдайының соры бес елі, бір елі
Достарыңызбен бөлісу: