100
Шамалауыш мөлшерліктерге жататын жоғарыдағы мөлшерліктердің
көпшілігі дене мүшелерінің қатысы арқылы орындалады.
Бұл топтағы
мөлшерліктерге мынадай қасиеттер тән:
бірізділік (жасалу жолындағы),
болжалдық, бір мағыналылық, тәуелділік, арнайылық, т.б.
Соматикалық өлшем бірліктердің мән-маңызы мен қызметі жайлы бұл
тақырыпта біршама ізденістер жасаған ғалым Е.Аққошқаров былай дейді:
«Мәдениеті жоғары, сауда-саттық қатынасы жедел
дамыған елдерде байырғы
өлшемдер алғашқы шыққан күйінде қалып қоймай «цивилизацияланған», яғни
нақтылана түскен. Бұл келтіріп отырған мысалдардан қазақтың халықтық
терминдерінің шығу төркіні, қолданылу мақсаты,
өміршеңдігі, аталу сәттілігі
жағынан да басқа халықтардың ұлттық өлшемдерімен деңгейлес болғанын
байқауға болады. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар
байырғы терминдеріміз ұлт шеңберінен аса алмай, нақты мәнге ие бола алмаған.
Сондықтан да қазақтың
«бармағы» мен
«табаны» немесе
«құлашы» мен
«қарысы» арық пен
семіздің, ұзын мен
қысқаның жекелеген мөлшеріне тәуелді
күйінде қалып қойған» [130, 47 б.].
Ғалым айтқандай, таным кеңістігінде
ғасырлар бойы айрықша қызмет атқарған халықтық өлшем бірліктер бүгінгі
таңда күн санап тілдің пассив қабатына ауысып, тіптен, қолданыстан мүлдем
шығып барады. Оның басты себебі – ұлттық өлшем бірліктердің
өлшемдік
бірлікке айналу процесін толық аяқтай алмауында және нақты сандық мәнге
теңестірілмеуінде. Жаһандану үдерісі де ұлттық өлшемдердің тілден ығысуына
басты себептердің бірі.
Мөлшер семантикасының синтаксистік деңгейдегі берілу тәсілдерінің ендігі
бір түрі – сөздердің қайталана, қосарлана тіркесуі. Бұл да аналитикалық тәсілге
жатады. Мұнда кейбір есім сөздері мен етістіктер қайталануы немесе екі дербес
мағыналы сөз қосарлануы арқылы заттың не іс-әрекет шамасының көптік
семантикасын білдіреді. Қос сөздер
қосарлы зат есімдер ретінде танылып,
аналитикалық тәсілмен берілген сөз ретінде сөзжасам деңгейінде
қарастырылатыны белгілі. Бұл туралы «Қазақ грамматикасында» былай беріледі:
«Тіл байлығын көрсететін ендігі бір арна – қосарлы зат есімдер. Сөзжасамның
аналитикалық тәсілімен қалыптасқан қосарлы зат есімдер жасалу тәсіліне қарай
қосарлы және қайталама деп аталады» [166, 333 б.]. Мұның дұрыстығын қуаттай
отырып, тағы мынаны айтқымыз келеді. Біздіңше,
қос сөздердің барлығы
семантикалық
ерекшелігі
жағынан
сөзжасам
деңгейіне
сыймайды.
Аналитикалық жолмен байланысқан қосарлы зат есім сөздер аталым дәрежесіне
жетіп, жаңа сөз жасай бермейді. Кейде жаңа сөз емес, жаңа семантикаға өрістейді.
Бұл осы мөлшер семантикасының қосарлану тәсілі арқылы берілуінен айқын
көрінеді. М.Қашқари сөздігінде мынадай өлең жолдары кездеседі:
Достарыңызбен бөлісу: