107
бар болса да ондай тіл элементтерінің дерегі нақты көрсетілген. Мұны
М.Қашқари сөздік түзудің басты ұстанымдарының бірі ретінде қатаң ұстанған.
Десе де, жіті зерделей қарағанда, кейбір кірме сөздердің ертеректе түркі тіліне
сіңісіп, төл сөз сияқтанып кеткені де байқалады. Бұл мөлшер мәнді тілдік
бірліктерге де қатысты. Сөздікте құн өлшемі ретінде қолданылған
сун сөзі
кездеседі.
Жоғарыда атап өйткендей, бұл сөз сауда-сақтық, мәдени қарым-
қатынас, түрлі себептермен өлшем бірлік ретінде қытай тілінен түркі тіліне
сіңісіп кеткен деп болжаймыз. Бұл сөздің мағынасы М.Қашқари
сөздігінде
былайша түсіндірілген:
Сун // сом: сун алтун // сом алтын. Оның көлемі бір
бармақтың ұзындығынан бір кезге дейін болуы мүмкін (МҚ, Т
3-
195). Яғни
сун
сөзі алғашында ұзындық өлшемі болса, кейін келе сол ұзындық мөлшердегі
алтынды
білдіре келіп,
кесек алтын, құйылған салмақты алтын деген мәнде
сындық мағынаға ауысқан. Бұл туралы этнографиялық энциклопедияда да:
«Алтын тазартылып, өңделіп дайындалған соң әртүрлі құйма түріне
енгізіледі
және олардың атауы түрліше болып келеді: үлкендеуін
алтын жамбы немесе
сом алтын (құйма алтын деп те атаған) деген»,
– деп беріледі [193, 163 б.].
Мағыналық дамуы, дыбыстық өзгерісі мұнымен де тұрақтамай,
сом түріне
өзгеріп, ақша атауын алған. А.Егеубаев оны
сом деп дұрыс берген. Кейбір Орта
Азия елдерінде
сун сөзі
сом түрінде әлі қолданыста екені белгілі.
Қазақстан
аумағында да кезінде кеңінен қолданылған. Осы
сун сөзінен
сом алтын, сом
күміс сөздері шығып, кейін қысқара келіп,
сом сыңары ғана айтылып, ол құн,
ақша атауы ретінде орныққан болса керек. Бұл сөздің ДТС-те мынадай екі түрлі
мағынасы берілген: SUN І [кит.
寸, цунь, tshon, «мера длины», около 3 см] мера
длины (от кончиков пальцев до локтевою сустава) (МК ІІІ 138); bir sunč budanї tü
udura jarїp // разделив на равные доли виноградиную кисть в один сун (Rach I
146
).
Sun altun слиток золота (МК ІІІ 138)»; SUN ІІ: sun kiš человек с мягким
характером (МК ІІІ 138)» [188, с. 514]. Мұнда бірінші мағынасы
сунның Қытай
елінің ұзындық өлшемі екені нақты көрсетілген және оның сандық мәні шамамен
алынған. Біз бұған толықтай келісеміз. Қазіргі Қырғызстан, Өзбекстанда, тіпті
Қазақстанның жергілікті диалектілерінде қолданыстағы ақша атауы
сомның түп
төркіні – осы
сун деп аталған, ұзындық өлшемін білдіретін қытай сөзі.
М.Қашқаридың оны қытай сөзі ретінде көрсетпеуі сол тілді білмеуінен және құн
өлшемі ретінде жалпыға ортақ қолданылуынан болса керек.
Ал қазіргі заман қытай тілінің сөздігінде
сун сөздің мағынасы былайша
түсіндірілген:
«
寸 cun, 量: 长 度 单位, 10 分 等于 1 寸, 10 寸 等于 1 尺. 一 市寸合 1/30 米»
[
197, 226 б.] (Ауд.: ұзындық өлшемі, 10 фен (0,333 см) 1 сунге (3,3 см) тең, 10
сун 1 чыға (33,3 см) тең. 1 сун (қала өлшемі) тең 1/30 (3.3 м)). Яғни
сун – қытай
тілінде де нақты сандық мәні бар, тым ерте заманнан келе жатқан ескі ұзындық
өлшемдерінің бірі. Оның сандық
мәні әр тарихи кезеңдерде, әр патшалық
тұсында өзгеріп отырған. Түрлі қытай деректерін зерделегенде,
сун өлшемі
қазіргі метрлік өлшем жүйесімен мынадай шамаларды білдірген: 1,58 см, 2,31
см, 2,42 см, 2,45 см, 2,96 см, 3,1 см, 3,12 см, 3,27 см, 3,2 см, 3,4 см, 3,55, 3,6 см.
Әр кезеңде түрлі
шамаларды білдіргенімен, бір-бірінен тым алшақ кетпейді,
1,58-3,6 аралығындағы түрліше ұзындықты білдіреді. Демек ДТС-те дұрыс
берілгендей,
сумның ұзындық мәнін шамамен 3 см деп алуға болады. Кейде
сун
орыстың ұзындық өлшемі
дюйммен теңестіреді.
Дюйм шамамен 2,54 сантиметр
ұзындықты білдіреді десек, бұл да дұрыс балама.