110
екені ғана айтылады. Мұның нақты қандай заттарға қолданылатыны жайлы
мысал да берілмеген. Ал ДТС-те аталған өлшемнің мәні былай түсіндіріледі:
«
Saγu: мера измерения для зерна (МК ІІІ 225): qїrqlum saγu /
мера измерения
сыпучих тел (≈16,48 л) (МК ІІІ 418)» [188, с. 481]. Бұған қарағанда,
сағұ тек
салмақ өлшемі емес, сыйымдылық өлшемін де білдіреді және ол санауға
келмейтін, көлемі, салмағы арқылы өлшенетін, ұсақ, қатты заттарға
қолданылады. Ал
қырқлұм өлшемі туралы М.Қашқари сөздігінде:
Қырқлұм //
қырқлұм; таразы: «қырқлұм сағу // өлшеу, таразылау құралы». Толтырғанда бір
өлшем болады,
– деп берілген (МҚ, Т
3
-555-556). Яғни бұл –
белгілі
сыйымдылыққа тең, дәнді дақылдарды өлшейтін құрал. Оның сыйымдылық
мөлшері жоғарыда берілгендей 16,48 литрге тең. Бұл шама
қырқлұмның ДТС-
тегі түсіндірмесінде де айтылады: «
Qїrqlum: мера сыпучих тел ( ≈16,48л) (МК ІІІ
418)» [188, с. 446]. Келтірілген деректер аталған сөздердің нақты шамаға тең
өлшемдер екенін көрсетеді.
Салмақ өлшемдерінің ішінде көне түркі кезеңінен бастап соңғы ғасырларға
дейін түркі халықтарында кең таралып, ең ұзақ қолданыста болған өлшемдердің
бірі –
батман. Бұл сөз М.Қашқари сөздігінде де кездеседі. Сөздікте:
Батман //
батпан: бір батман ет // бір батпан ет, – деп берілгенімен, нақты қанша шамаға
тең екені айтылмаған (МҚ, Т
1
-503). Ал ДТС-те: «
Batman: (мера веса (от 180 до
300 кг) (MK 223
3
): iki batman et два батмана мяса (USp 91
5
)»,
– деп көрсетілген
[188, с. 89]. Мұнда да нақтылық жоқ.
Батман орта ғасырда орыстарда да
қолданылған. Бұл мән орыс деректері негізінде алынған. В.И.Даль сөздігінде:
«
Батманъ м. Турец (а безменъ. шведс., но вброятно одного корня) азиатский
весъ, весьма разнообразный: крымский батманъ и закавказский, 26 пудов;
крымский же небочный 25 пуд.; крымский кансустный 6 око, или 18 фунтовъ; в
Средней Азии 12 пуд», – деп беріледі де, оның
түрік өлшемі екені айтылған [199,
с. 39].
Батман//батпан түркі халықтарында да, өзге халықтар арасында да
түрліше дыбыстық өзгерістермен айтылады және әр тарихи кезеңдер мен әр
елдерде түрліше салмақ мөлшерін білдіреді. Сондықтан
батманның нақты
салмақ өлшемін айту қиын. Бұл туралы этнографиялық энциклопедияда да
айтылады: «
Батман да салмақ бiрлiгi ретiнде әр елде, әр кезеңде, әртүрлi хандар
тұсында түрлiше болып отырған. Өлшем ауытқуы 401,78 г
басталып, үлкен
батмандар (манн-и-шах, падишах батмандары) 6-7 кг болып, кейде 83 кг-ға дейiн
жететiн. XIV–XVIII ғ.-да Бұқарада шариғаттық канондық манн 4,8 г-ға тең
болған. Дештi Қыпшақта, Алтын Орданың астанасы Сарайда манн 1,953 кг-ға
теңеліп, XIX ғ.-да Ташкент, Шымкент қаласында бiр Б. 10,5 пұт, яғни 171,99 кг,
Әулиеатада 12 пұтқа тең болды»
[193, 436 б.]. Оның түрліше шамаларға сәйкес
келуінің өзі ғасырлар бойы кең қолданыс тапқанын түсіндіреді.
Батпан қазіргі
қазақ тілінде нақты өлшем бірлік ретінде қолданылмаса да, тілдік қолданыста
бар. Яғни
«ауыр салмақ» семантикасын білдіре отырып, түрлі тұрақты тіркестер
мен
мақал-мәтелдерде, образды салмақ ұғымдарын беруде жиі қолданылады.
М.Қашқари сөздігінде астық, сол сияқты ұсақ заттарды өлшеуде
қолданылатын өлшемдердің бірі –
кевші. Сөздікте былай берілген:
Кевші //
кемшен. Ұйғыр елі тарапында, Қашқарда қолданылған астық, тағы басқа ұсақ
сусыма нәрселерді өлшейтін өшем; он ритлге тең (МҚ, Т
1
-477-478). Мұның да
нақты өлшемі берілмейді. Тек А.Егеубай
«бір ритл 306 грамға тең» деп
түсініктеме береді және бұл сөзге
«кеусен, кепсен» деген болжам жасайды.
Кевші
111
– орта ғасырда да өте сирек кездесетін өлшемдердің бірі. Араб өлшемдері мен
түрлі түркологиялық материалдарда да кездеспейді. Ал мұның салмақ өлшемі
қаншаға тең екенін осы
ритл арқылы анықтауға болады.
Ритл – орта ғасырға
тән түркі, араб жазба мұраларынан көптеп кездесетін салмақ өлшемі
болғандықтан, ғылыми әдебиеттерден бұл туралы мәліметтер беріледі. Ескі
құжаттар мен жазба деректері негізінде жазылған татар тарихы туралы кітапта:
«Ритль (фунд) Харезмский весом в 330 дирхемов. Сердства пропитание
заключаются,
как говарят, в пшенице, ячмене, просе (дохн), которое у них
называется эрзень, чечевице, джаверсе (род проса), похожем на зерно
трилистника. Зерна эти продаются у них не иначе, как по ритлям [43]. Говорится
(обыкновенно у них): каждая ослиная ноша (того-то) стоит столько-то, а ослиная
ноша у них (составляет) сто таких ритлей. Средняя стоимость (100 ритлей)
пшеницы 2 ½ динара; по такой же цене и чечевица. Ячмень (стоит) 2 динара»,
–
деп берілген [200, с. 54]. Осы бойынша есептегенде,
ритл шамамен 475 грамға
сәйкес келеді. Мұны он еселесек,
кевші шамамен 4,75-5,0 кг салмақты құрайды.
Кейбір деректерде бір
ритл шамамен 15 кг дейін барады. Ал Өзбекстанның Имам
әл-Бухари атындағы Ташкент Ислам институтының оқытушысы Абдул Азим
Зиёуддин
деректерінде ритлды «ратл» деп атай келіп, оның шамасын былай
береді:
«Ратл (ритл) (қадоқ): Ироқий ратл = 0,515625 литр (≈ 0,516 литр).
Оғирлиги = 408 гр (= 128,57 ироқий дирҳам)»
[201]. Бұлай болғанда
кевші
шамамен 4 килограмға тең болады. Бұл да татар деректерінен тым алыс кетпейді.
Олай болса, М.Қашқари сөздігіндегі
кевші ауырлық өлшемі шамамен 4-5
килограмм салмақты құрайтын салмақ өлшемі. Сонымен қатар ол сыйымдылық
өлшемін де білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: