146
метафораланып, қанның саулап ағуымен салыстырылған. Әрі қанның басқа
заттарға емес, тек жусанға салыстырылуында үлкен менталды мән жатса керек.
Яғни қазақтың туған жерге деген сағынышының, дарқан даласының баламасына
айналған жусан – киелі ұғым. Жусанның исі мен қасиеті қазақ баласының,
әсіресе ел үшін еңіреген ерлердің жүрегіне терең сіңген. Сондықтан бұл
салыстыру «туған жер үшін қан кешу» ұғымын да білдіріп тұрғандай.
Деректі зат есімдермен қатар, кейбір дерексіз заттық ұғымдар да
мөлшерленеді. Дерексіз ұғымдар немесе дерексіз
зат есімдер атауыштық
мағынамен қатар, сол заттық ұғымға тән қасиеттерді, сапаларды түгел
жинақтаған категориялы ұғым саналады. Мысалы,
ерлік десек, белгілі тарихи
кезеңде қандай істер ерлік саналса, бұл сөз соның бәрін қамтиды. Ал осы сөз
арқылы көрініс тапқан «ерлік» ұғымының да түрліше сипаттары болады. Сол
сипаттар қажетіне қарай табиғаттағы оған ұқсас заттармен теңестіріледі,
салыстырылады. Нәтижесінде дерексіз
ұғымдардың сапалық мөлшері, деңгейі
көз алдыға елестеп, нақты, бейнелі шама қалыптасады. Жыраулар поэзиясында
бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Мысалы:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң
,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай
(Жиембет жырау, Еңсегей бойлы Ер Есім, 54 б.).
Толғауда адамның ішкі болмысы мен мінез-құлқындағы айрықша сапалар
баяндалған. Жай баяндалмаған, екінші бір заттарға тән басты қасиеттерге
салыстырыла, теңестіріле баяндалған. Нақтырақ айтқанда, адамның ішкі
болмысына тән
ерлік, өрлік, беріктік сынды дерексіз ұғымдар, нақты көрген
деректі ұғымдармен сипатталып отыр. Сапа болған жерде деңгей болады, ал
деңгей, ол – мөлшер. Мұндай деңгейлік ұғымдар
сатылы тіресім құрайды.
Адамның мінез-құлқын, ішкі болмысын білдіретін сапалық ұғымдар түрлі
деңгейлерден тұрады да, ал оның мөлшері соған сәйкес заттық ұғымдармен
салыстырмалы түрде беріледі. Толғауда Жиембет жыраудың ерлігінің деңгейі
ақырған аюдың күші мен ізінен қайтпас жолбарыстың айбатына теңестіріліп,
сипатталып тұр. Ал ешкімге бас имес өрлігі жалына құрық тимеген шу асаудың
тарпаң мінезімен, беріктігі қарағай, қайың сынды
қатты ағаштардың беріктік
дәрежесімен салыстырылады. Кейбір дерексіз заттық ұғымдардың астарында
нақты іс-әрекеттердің шоғыры жатады. Мысалы,
батырлық десек, батырлыққа
тән барлық іс-әрекеттер аталған ұғымда жинақталады. Өйткені аталған ұғымдар
қимыл-әрекет негізінде туады. Әрі санада сол әрекеттердің нәтижесі ретінде
жинақталып, біртұтас семантикалық шоғырға айналады.
Мөлшерлік ұғымдардың шындық болмысқа қатынасына қарай теңеулі
мөлшерліктер
дәлдеулі теңеулі (реальный) және
әсірелеулі теңеу мөлшерліктер
(нереальный) болып екі топқа бөлінеді.
Дәлдеулі теңеулер тілінің көркемдік
қуаты жоғары, салыстырылатын шамалар мәні жағынан тең шамалы болады. Ал
әсірелеулі теңеулерде салыстырылатын шамаларда теңдік өмір сүрмейді, бір-
147
бірінен айырмашылық жер мен көктей болады. Мұнда шама, мөлшер
семантикасы не ұлғайтылған әсірелікке, не кішірейтілген әсірелікке құрылады.
Бірақ, соған қарамастан, мөлшерлік теңеулерде қандай да бір лексика-
грамматикалық қателік байқалмайды. Өйткені мұндай теңеулердің түп мақсаты,
арқалаған тілдік жүгі – нақты мөлшер мәнін білдіру емес, образды, экспрессиялы
мөлшерлік шаманы бейнелеу, әрі мөлшерлік ұғымдардан эстетикалық сұлулық,
тіл көркіне қайталанбас ажар тудыру. Жыраулар поэзиясында мұндай теңеулер
көптеп кездеседі. Мысалы:
1.
Жоны бір жалпақ
жотадай,
Достарыңызбен бөлісу: