152
тақырыпшалар аясында зерделей келіп, оған мынадай анықтама береді:
«Метафора – екі зат пен құбылысты салыстырудың негізінде сөздің
ауыс
(мағынада) қолданылуы» [215, 4 б.].
Жоғарыдағы анықтамалардың бір-бірінен тым алшақ кетпейтінін
ескергенде, отандық ғылыми танымда метафора
«сөздің әуелгі мағынасы өзгеріп,
ауыспалы мағынада жұмсалуы» ретінде орныққан деп айтуға болады. Олай
болса, біз зерттеу нысаны еткен «мөлшер» ұғымы да көркем тіл майданында
сөздердің ауыспалы мағынасы арқылы көптеп беріледі. Нақтырақ айтқанда, жеке
тұрғанда «мөлшер» ұғымын білдірмейтін лексемалар контексте үйірі
бөтен
сөздермен тосын тіркес үстінде
мағынасы ауысып, мөлшер семантикасын
білдіреді. Кейде керісінше, жеке тұрғанда мөлшер семантикасын білдіретін
лексемалар тосын тіркес үстінде мағынасы ауысып, мөлшерден мүлде басқа
ұғымдарды білдіреді. Мұндай тосын тіркес шеңберінде туындайтын
мағыналардың барлығы логикалық байланыстар арқылы жүзеге асатындықтан,
ол тек эстетикалық құндылықты арқау ететін көркем тіл майданында
қалыптасады. Осылайша көркем қиялдың нәтижесінде туындаған барлық
бейнелі ұғымдарды атаулап, мағыналап отырады. Квинтилиан метафора туралы:
«Ол бір де бір зат атаусыз қалмауына ықпал етеді»
дегеніндей, метафора бір де
бір мөлшерлік шаманың атаусыз қалмауына,
мөлшерлік таным кеңістігінен тыс
қалмауына әрекет етеді. Метафораның өзі әртүрлі. Тавтологиялық
метафора өзі
тіркескен сөзді анықтап, белгілі образ тудырады, сөздің эстетикалық зонасында
айрықша мағынаға ие болады. Метафора тілдік нысандардың шамасын, мәнін
тікелей баяндамайды, көңілге, ақылға ұғынықты болатындай етіп сипаттайды.
Мысалы,
күніңде өзім болдым деп, кең пейілге таласпа (Асан қайғы). Адамның
Достарыңызбен бөлісу: