26
бөледі. Олар:
сан есімдер ұйытқы болған фразеологизмдер, «уақыт» сөзінің
қатысымен жасалған фразеологизмдер, уақытқа байланысты айтылған
тұрақты тіркестер, өлшем мен кеңістікке байланысты фразеологизмдер.
Зерттеуші осы ұғымдарды екі тілде де бірдей айтылатын фразеологизмдермен
талдап көрсетеді [124, 206 б.].
Р.Б.Джельдбаева «Мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздердің қытай және
қазақ тілдеріндегі валенттік-дистрибутивтік заңдылықтары» атты кандидаттық
диссертациясында қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер мәнді сөздердің
лексикалық-семантикалық ерекшеліктері және өзара ұқсастықтары мен
өзгешеліктері қарастырды. Сондай-ақ қытай тіліндегі мөлшер сөздердің
қалыптасу, даму жолдарын және олардың дербес сөз табы ретінде танылуының
ғылыми ұстанымдарын, мөлшер сөздердің синтагмадағы валенттік қызметін
қарастырды [125]. Зерттеуші мөлшер мәнді тілдік бірліктердің ұдайы күрделі
құрамда
келетіні, оны тіркестен бөле қарастырмау керектігін байқаған. Бұл
туралы былай дейді: «Сан-мөлшер сөздердің сөз тіркесін жасауы деп, сөйлемде
сан-мөлшер сөзі жалғыз келмей, негізгі толық мағыналы сөзбен тіркесіп келуін
айтамыз. Мөлшер сөздер сан есіммен, сілтеу есімдіктерімен бірігіп,
сан-мөлшер
сөзді сөз тіркесін жасайды. Мөлшер сөзге сан есім қосу конструкциясынан «шу
лиаң дуан үй – сан мөлшер сөз тіркесін» жасайды» [126, 60 б.]. Сонымен қатар
мөлшер сөздердің синтаксистік қызметін екі тілде салыстыра көрсетеді.
Автордың айтуынша, аталмыш сөздер сөйлемде бастауыш, баяндауыш,
анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштық қызмет атқарады. Әрі сан есімдер
мен мөлшер сөздердің тіркесу жолдарын төрт түрге бөледі. Десе де автордың
мөлшер сөздердің синтаксистік қызметі жайлы тұжырымдарында ағаттықтар
кездеседі. Өйткені мөлшерліктер сөйлемде затқа
анықтауыш, қимылға
мөлшер
пысықтауыш қана бола алады. Бұдан басқа синтаксистік
қызметі зат есімнің
синтетикалық формалары жалғанып, заттанғанда, яғни мөлшер сөз емес, өзге сөз
табына ауысқанда туады.
Тіларалық салыстырмалы зерттеулер көптілділікті талап ететін, қиын да
күрделі жұмыс болғандықтан, бұл салада жазылған жұмыстардың саны шекті
болатыны заңды. Алайда осы аздаған жұмыстардың өзі жалпы «мөлшер»
ұғымының, мөлшер мәнді тілдік бірліктердің тіл-тілдердің бәріне тән құбылыс
екенін танытуға жеткілікті материал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: