27
лексикалық талдаулар жасап, қызықты деректер келтіреді. Айталық, «соқыр»
өлшемінің шығу төркіні туралы былай дейді: «Ертедегі қазақтардың малы көп
байлары өздерінің түйесінің санынан шатаспау үшін, әрбір жүзінші түйенің көзін
ойып алып отырған. Сол көзі ойылған соқыр түйе арқылы жүз түйенің санын
анықтайтын болған. Яғни, сондағы «соқыр» атауы өзінің ауыспалы мағынасында
«жүз» деген сөздің сандық, өлшемдік мағынасын білдіріп тұр» [28, 131 б.].
Ғалым бұл қызықты дерегі арқылы халықтық өлшем бірліктердің шығу, пайда
болу уәжін сәтті көрсеткен. Қай тілде болмасын кез келген өлшем бірліктер
жайдан-жай тумайды. Ол
халықтың өмірімен, дүниетанымымен, тұрмыс-
тіршілігімен байланысты туады. Өлшем бірліктердегі осындай мәдени кодтарды
аша білудің маңызы зор.
Мөлшер категориясын «ескі тілдік бірліктер» негізінде жаңа бағытта
қарастырған ғалымдардың бірі – Н.Ғ.Шаймердинова. Зерттеуші өзінің
«Когнитивная семантика древнетюркских Орхонских текстов» деп аталатын
докторлық диссертациясында көне түркі тілін концептуалдық бағытта қарастыра
келіп, ондағы концептілер жүйесі мен тілдік категория жүйесін құрайтын
ұғымдардың бірі ретінде «мөлшер» ұғымын көрсетеді. Нақтырақ айтқанда,
диссертацияның үшінші тарауында көне түркі
ескерткіштеріндегі тіресім
құрайтын және
тіресім құрамайтын категориялық ұғымдарды санамалай келіп,
близкий-далекий, верх-низ, единичность-множественность, малочисленный-
многочисленный, т.б. мөлшер категориясының тіресімдік микроөрістерін атайды
[30, 28-29 бб.]. Ал төртінші тарауында «уақыт» пен «кеңістік» ұғымының,
сондай-ақ «сандық» ұғымдардың көне түркілер танымындағы концептуалдану
ерекшеліктерін сөз етеді [30, 35-41 бб.]. Ғалымның бұл зерттеулері көне түркілер
дүниетанымының модельдік жүйесін құраушы ұғымдардың бірі «мөлшер»
ұғымы екенін нақты көрсетеді.
Мөлшер категориясының функционалды-семантикалық өрістерінің бірі –
құн өлшемі. Құн – «мөлшер» ұғымының ең бір өзекті, танымдық үдерістерде жиі
шыңдалып, сараланып отыратын салаларының бірі. Құн өлшемінің басты бірлігі
– ақша. Ал түрлі ақшалардың айналымға енуі – өркениеттің белгісі. Н.Базылхан
Көне түркі дәуіріндегі түркі қағандарының ескі монеталары,
олардың шығу
тарихы, этимологиясы туралы, көне түркі жазба мәтіндерінен деректер келтіре
отырып, құнды ғылыми тұжырымдар жасайды [131, 4 б.], [132, с. 7]. Соның
нәтижесінде түркілер өркениетінің түптамырын тереңнен танытады.
С.Жанпейісова «Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы» атты
диссертацияның үшінші тарауын халықтық метрологияға арнайды. Онда
бірталай мезгіл, ақша және кейбір өлшемдердің этимологиясына үңіледі [133].
Ал «Қазақ тіліндегі кейбір көне нумеративтер» мақаласында
сан, лек, түмен,
танап, соқыр, қыруар сияқты әлденеше нумеративтерге этнолингвистикалық,
этимологиялық тұрғыдан талдау жасайды [134, 45-50 бб.]. Өзге тілдермен
салыстырмалы негізде жазылған бұл жұмыс ескі өлшемдерді терең түсінуге
мүмкіндік береді.
К.Қ.Күркебаев «Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық
сипаты» атты кандидаттық диссертациясында өлшемдік мәндегі сөздерге
кеңірек тоқталады. Зерттеуде тіліміздегі «ұзындық», «арақашықтық», «салмақ»,
«көлем»
ұғымдарын
білдіретін
байырғы
өлшем
атауларының
28
этнолингвистикалық,
когнитивтік-концептуалдық,
лексика-семантикалық
ерекшеліктеріне талдаулар жасалады. «Өлшем атауларына байланысты
қолданылатын терминдер» атты тараушасында өлшем мәнді нумератив
сөздердің қазақ тілінде мол ұшырасатыны көрсетілген [31, 27-100 бб.].
«Өлшем» ұғымын білдіретін тілдік бірліктер
жекелеген авторлардың
шығармашылығы бойынша да қарастырылды. А.Қ.Тұрышевтың «М.Жүсіп
шығармалары лексикасының этномәдени негіздері» атты докторлық
диссертациясының бір тарауы М-Ж.Көпеев шығармаларындағы өлшем бірліктер
мәселесін қарастыруға арналады. М-Ж.Көпеев шығармаларындағы өлшем
бірліктерді метрология деп атап, оны мынадай екі топқа бөледі: «1) Халықтық
метрология:
қара киік жылы, жұт, сауын, өсім, көтерме, несие, алымта, соғым,
сыбаға, сауын айту, асар, үмме, бөрте, самсаған, дүйім, таяқ, соқыр, күдір,
жұмырық, күреш; 2) Ескілікті нумеративтер:
сағат, сахар, бесін, намаздыгер,
құптан, екінті, сәске, ширек, бесін махал, жарым, құлаш, кез, сере, сере қарыс,
кере қарыс, сүйем, қадам, қадақ» [135, 180 б.]. Мұнда бірінші топтағы кейбір
сөздер «уақыт» ұғымын білдіргенімен, халықтық астрономияға қатысты
лексикаларға жатады. Ал
екінші тобындағы сағат, сахар, бесін, намаздыгер,
құптан, екінті, сәске, ширек, бесін махал сөздері уақыт кезеңдерін білдірсе,
дүйім, соқыр, күреш сөздері – өлшем бірліктер.
Бұған жалғас Р.Т.Сабырханова «М-Ж.Көпеев шығармаларындағы
метрологиялық
лексика»
атты
еңбегінде
Мәшһүр-Жүсіп
Көпеев
шығармаларында кездесетін өлшем бірліктерді халықтық өлшем бірліктермен
байланыстыра қарастырып, олардың грамматикалық
ерекшеліктері мен
этимологиялық сипатына да тоқталады [136]. Десе де автор
метрология,
нумератив терминдерінің дефиницасын бергенімен, бұлардың тобына жататын
сөздерді ажыратуда қатаң сақталған принцип жоқ. Айталық,
елі, құлаш, қарыс,
кез, түстік жер, аршын, қары, ат шаптырым, тұтам, шақырым, кісі бойы, қол
созым, қадам, адым, бір табан жол, он айшылық, он күндік, күншілік, айлық,
қоналқалық сияқты халықтық өлшем бірліктерді
нумеративтер деп атаса,
батпан, пұт, мысқал, қадақ сияқты салмақ өлшемдері мен
тал түс, шаршы түс,
тапа-тал түс, тайдай тал түс, ұлы бесін, кіші бесін, құлама бесін, екінді,
намаздыгер т.б. сөздерді
метрологиялық лексикаға жатқызады. Ал
күреш, ілкі,
зекет, түмен сөздерін
ескі өлшемдер деп береді. Бұл топтастырудан
метрология,
нумератив, ескі өлшем ұғымдарының нақты аражігін ажырату қиын.
Мөлшер мәнді тілдік бірліктерді танымдық, этимологиялық тұрғыдан
зерттеу – күрделі жұмыс. Сондықтан да бұл бағытта жазылған жұмыстардың
саны шекті. Жалпы, тіліміздің лексикалық қабатының өзі этимологиялық
тұрғыдан сирек сөз болады. Бірлі-жарым сөздер, ертеректе шыққан шағын
көлемді сөздіктер болмаса, қазірге дейін кең ауқымды этимологиялық сөздіктің
болмауы соның дәлелі. Ал танымдық бағыт соңғы кездері қарқын алып келеді.
Мөлшер мәнді
тілдік бірліктер көп құрамнан, күрделі грамматикалық
тіркесімнен тұратындықтан, оларды ұғымдық концепті аясында қарастыру
ыңғайлы. Жекелеген сөздер танымдық мән алып, концептуалдануы өрісті емес.
Достарыңызбен бөлісу: