56
өмір жасына байланысты қолданылып, «уақыт» ұғымының созылыңқылығын
білдіру. Дәстүрлі қазақ танымында «уақыт» ұғымы
қашан да деректі заттар
арқылы метафораланып, ұзындық/қысқалық ұғымы арқылы беріледі. Замананы
ұзын шұбалған көшке, қамшының, балтаның сабына теңеуі соның нақты көрінісі.
Міне, бұл – ескі түркі танымы мен қазақ танымының сабақтастығын білдіретін
нақты семантикалық тұтастықтар.
«Уақыт мөлшері» ұғымын білдіретін, көне түркі заманында-ақ үлкен
концепцияға айналған сөздің бірі –
беңгу. Қазақ тілінде
мәңгі сөзформасы
түрінде келетін бұл сөз уақыттың мейлінше шексіздік мөлшерін білдіреді.
«Күлтегін кіші жазуында» әлденеше рет кездеседі. Мысалы:
Өтүкен йыш
олурсар, беңгү іл тута олуртачсен (КТк., 8)
// Өтүкен қойнауында отырсаң,
мәңгі елдігіңді сақтайсың сен /сонда/;
Неңнең сабым ерсер, беңгү ташқа уртым
(КТк., 11)
// айтар сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым.
Түркілер елдіктің ғұмырын мәңгілік уақытпен өлшейді (армандайды). Ал
елдіктің өсиетін тозбас
мәңгі тас ұғымы арқылы береді.
Беңгу сөзінің уақыт
мөлшеріне мынадай болжам жасауға болады: ұзақ уақыт, дүниенің соңғы сәті,
екі шексіздік – уақыт пен кеңістіктің соңы (шегі). Түркілердің
Еуразия
кеңістігіндегі күресінің ең басты өлшемдерінің бірі – жер бетінде мәңгілік
үстемдік құру. Демек, түркілердің ең басты арманы да «мөлшер» (уақыт) ұғымы
арқылы құрылымданады. Көне түркі тіліндегі сын есім сөздерінің
көпмағыналылығы «мөлшер» ұғымы аясында да нақты көрініс табады.
2. Ескерткіштерде «мөлшер» ұғымы
сан есімдер арқылы да беріледі. Жеке
тұрғанда емес, анықтауыш компонент ретінде өзге атауыш сөздермен тіркесіп
келгенде
ғана заттардың «сандық мөлшері» ұғымын білдіреді. «Мөлшер»
ұғымын берудің бұл тәсілін М.Томанов көптік мағына шеңберінде қарастырады
да,
синтаксистік әдіспен жасалған көптік мағыналар деп береді. Одан әрі
көптік мағына берудің синтаксистік тәсілін өз ішінен тағы үш түрге бөледі [26,
71 б.]. Біздің ойымызша, заттардың сандық шамасын білдіретін мұндай сан есім
тіркестерін синтаксистік деңгейде қарастырғаны – құптарлық. Сондықтан біз де
мұндай тәсілмен жасалған тілдік бірліктерді «сандық мөлшер» ұғымы аясында
қарастыра келіп, оның
нақты сандық мөлшер, болжалды сандық мөлшер деген
екі мағыналық тобын ажыратамыз. Сандық мөлшер дегеніміз –
заттар мен
құбылыстардың сан арқылы анықталған шамасы (есебі).
Олай болса, көне түркі ескерткіштерінде
нақты сандық мөлшерді білдіретін
мынадай сан есімді тіркестер кездеседі:
ар біс йүз...
кедімліг йадағ (МЧ, 33) //
бес
Достарыңызбен бөлісу: