55
Демек, кейбір мөлшерлік ұғымдар тарихи сананы, танымды, түсініктерді ұдайы
жаңғыртып, жадта сақтап отыру қасиетіне ие.
Көне түркі тілінде «жақын қашықтық» ұғымы
кічіг // кішкене сөзі арқылы
да беріледі. Мысалы:
Ілгерү – Шантуң йазықа тегі сүледім, талуйқа кічіг
тегмедім, бергерү – Тоқуз Ерсенке тегі сүледім, Түпүтке кічіг тегмедім (КТк.,
3)
// Ілгері Шантуң жазыққа дейін соғыстым, теңізге кішкене жетпедім.
Түстікте Тоғыз Ерсенге дейін соғыстым, Тибетке кішкене жетпедім.
Үзіндідегі
кічіг сөзі
кішкене деген мағынада. Қазіргі қазақ тілінде
кішкене сөзі
қандай да бір заттың көлем мен сыйымдылығына байланысты айтылып, қалыпты
мөлшерден «кішілік» ұғымын білдіреді. Ал
контексте, одан басқа әлденеше
мөлшерлік ұғымдарды білдіруге жұмсалады. Мысалда
кічіг // кішкене сөзі
ауыспалы мағынада жұмсалған. Яғни «қашықтық»
ұғымына байланысты
қолданылып, жер бетіндегі екі межелі орынның арақашықтығын білдіреді.
Көлемге
байланысты
сөздің
«қашықтық»
ұғымында
қолданылуы
метафораланудың нәтижесінде жүзеге асқан. Бұған қарағанда, көне түркі тілінде
де сөздердің көпмағыналығы кең өріс алған.
Ескерткіштер мәтінінде «көлем» ұғымын білдіретін
иінчге // жіңішке, йоған
// жуан, учруғлуғ // үлкен, улуғ // үлкен сөздері кездеседі.
Бұл лексемалар
кішкене/үлкен сатылы тіресімі (градуалды оппозициясы)
аясында беріледі.
«Көлем» ұғымы көбіне деректі заттардың сыртқы пішініне қатысты айтылады.
Ал дерексіз (абстракті) көлем сол деректі заттардың негізінде метафоралы
мағынаға ие болады. «Тониқуқ» ескерткішінде былай беріледі:
Иінчге йоған
болсар үзгүлүк алп ерміс (Тон., 14)
// Жіңішке жуандаса үзетін алып болар.
Мұнда мөлшер мағынасы «көлем» ұғымы аясында беріліп, ол адамның сыртқы
тұлғасына қатысты алынған. Әр заманда санада адамдарының дене тұрқына
(үлкен/кішілігіне), басқа да заттар мен құбылыстарға байланысты белгілі
мөлшерлік меже қалыптасады. Сол орталық
меже шамаларды анықтаушы,
«көлем» ұғымын
тіресімдік мағыналарға ажыратушы құралға айналады.
Мысалы:
Алып ер бізіңе тегміш ерті, антағ өдке өкүнүп, Күлтегініг аз ерін
Достарыңызбен бөлісу: