64
арқылы жасалған мынадай сөздер кездеседі:
ечісін тег // ағасындай (КТү., 5),
бөрі тег // бөрідей (КТү., 12),
қой тег // қойдай (КТү., 12),
қанын тег // хандай
(КТү., 5) т.б.
Мұнда
-тег аффиксі зат есім сөздерінің көпшілігіне жалғанады. Жай
жалғанбайды, бір зат пен екінші заттың сынын, санын, мөлшерін салыстырады,
теңейді. Заттарды мөлшерлік тұрғыдан сипаттау сәтінде өзі жалғанған сөздерден
айрықша образды мөлшерлік мағына тудырады. Мысалы:
Қаңым қаған сүсі бөрі
тег ерміс, йағысы қой тег ерміс. Ілгерү-қурығару сүлеп тірміш қобартмыш
(КТү., 12);
Қамуғы йеті йүз ер болмыш (КТү., 13)
// Қаңым қаған әскері бөрідей
еді, жаулары қойдай еді. Ілгері-кейін аттанып, жинапты, көтеріпті; Бәрі жеті
жүз ер болыпты,
– деген үзіндідегі
бөрі тег // бөрідей, қой тег // қойдай
сөзформалар -
тег // -дей қосымшалары арқылы жасалған. Осы тұста бұл
қосымшаны зат есім сөздерге
жалғанып,
қасқырдай жауыз, қойдай жуас деген
сындық мағынаны білдіріп, сын есім тудырушы жұрнақ дей салуға болмайды.
Мұнда заттың қасиеті, қасиетінің жүзеге асу мөлшері семантикасы бар. Яғни
үзіндідегі
бөрі тег // бөрідей сөзі Қаным қаған әскерінің соншалықты күштілігі,
соғыс өнеріне төселгендігі, қайтпас қайсарлығы, ұйымшылдығы, тағы басқа да
қасиеттері бөрінің (қасқырдың) қасиетімен теңестіріліп отыр. Сонымен қатар
бөріге (қасқыр) байланысты халық танымында
ғасырлар бойы қалыптасқан
рухани құндылықтарды да жарыққа шығарып, бейнелеп тұр. Аталған қосымша
сөйлемде
қой тег // қойдай сөзіне жалғанып, жау әскерінің әлжуаздығын,
қорқақтығын, аңғалдығын қойдың қасиетімен ұқсастырып отыр. Соғыс
майданында айла мен күш сынға түссе, сол әлсіз айла мен әлжуаз күш қойға,
күштілік мен айлакерлік қасқырға салыстырылып тұр. Физикалық қуат мөлшері
салыстырмалы
күшті/әлсіз тіресімдік ұғымы аясында беріліп отыр. Аталған
жұрнақтың сөйлемдегі грамматикалық қызметі туралы О.Бекжан: «Қатыстық
сын есімнің қазақ тіліндегі
-дай, -дей, -тай, -тей тәзірді жұрнағының көне
түркідегі
-тағ, -тег жұрнағы арқылы да сын сапаланымды сөйлем жасалатынын
көруге болады», – дей келіп, жоғарыда біз келтірген мысалды береді [181, 90 б.].
Автор мұнда
-тег тұлғалы сапалаушы сөздің (бөрітег, қойтег), сапаланушы
сөзді
(Қаңым қаған, иағысы) сапалық белгісіне қарай анықтап, сын сапаланымды
сөйлем жасайтынын айтады.
Заттардың мөлшері
көлем, аудан, салмақ, қашықтық сынды деректі
заттарда болатын ұғымдар шегінде ғана анықталмайды, дерексіз заттық ұғымдар
шегінде де анықталады. Яғни деректі заттармен қатар, дерексіз заттық
ұғымдардың да белгілі деңгейі,
сапалық дәрежесі, мөлшері болады. Міне, кей
тілдік қолданыстарда осы «дерексіз мөлшер» ұғымдары
-дай, -дей аффиксі
арқылы өзара салыстырылады. Екінші сөзбен айтқанда,
-дай, -дей аффиксі
деректі шамалар мен пішіндерді ғана салыстырмайды, дерексіз ұғымдар мен ішкі
қасиеттерді де теңестіру, ұқсастыру қызметі бар. Бір заттың қасиетін екінші затқа
телуі, бұл – «логикалық мөлшер» ұғымы саналады.
Бұл қосымша туралы ұжымдық монографияда былай делінген: «
-Тег зат
есімге жалғанып, салыстырмалы мәнді сын есімдер тудырады:
теңрітег
Достарыңызбен бөлісу: