Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет47/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

(тәңрдей), бөрітег (бөрідей). Бұл жұрнақтың қызметі қазіргі қазақ тіліндегі 
қатыстық сын есімдер жасайтын -дай, -дей аффикстерінің қызметіне сәйкес 
келеді» [179, 103 б.]. Мұнда -дай, -дей тұлғалы, салыстыру мәнді сөздердің 
таптық статусы сын есім деп көрсетілген. Біздің ойымызша, -дай, -дей салыстыру 


65 
мәнді аффиксінің функциясы өте көп. Сондықтан оның қатысымен жасалған 
сөздердің таптық статусын анықтау оңайға соқпайды. Көне түркі тілі 
материалдарында үңіле зер салғанда, аталмыш қосымшаның бұдан да басқа 
сипаттағы мөлшерлік мағыналарды білдіретіні байқалады. Бұның өзі -тег // дай, 
-дей қосымшасы көне түркі тілі кезеңінде де көпфункциялы қосымша ретінде 
қалыптасқанын білдіреді.
Аталған қосымшаны А.Жаңабекова «Қазақ тіліндегі функционалды 
қосымшалар» атты еңбегінде жан-жақты зерделей келіп, функционалды 
жұрнақтардың қатарына жатқызады. Ғалым бұл қосымшаны қазақ тіл білімі 
және түркологиялық зерттеулерде айтылған тұжырымдармен ұштастыра отырып, 
оның бір ғана сындық мағына тудырушы емес, көптеген лексика-семантикалық, 
грамматикалық қызметі барын ұтымды дәйектейді. А.Жаңабекова бұл жұрнаққа 
қатысты көптеген тұжырымдарды қорытындылай келіп, былай дейді: 
«Сондықтан -дай, -дей тұлғасының адьективтенуі арқылы жасалған туынды 
сөздерді сын есім сөзжасамында синтетика-семантикалық тәсілдің (конверсия) 
нәтижесі ретінде, ал жаңа сөз жасамайтын, яғни салыстыру мәнін үстейтін 
формажасамдық қызметін морфология саласында қарастыру қажет» [184, 47 б.]. 
Ғалымның аталған жұрнақты сөзжасам емес, морфология саласында қарастыру 
керектігін ұсынуы оның көпфункционалдық ерекшелігін тани білгендігінен деп 
білеміз. Көпфункционалдық тіл бірліктерінің қай кезеңде де актив қабатта 
болғанын және грамматикалық формалардың көнелігін түсіндіреді. Тілдік 
деректер тілдің тарихи қабаты саналатын көне түркі тілі кезеңінде де аталған 
қосымшаның басты қызметі – грамматикалық «мөлшер» ұғымын білдіру 
болғанын нақтылай түседі (132-беттегі 4-кестеге қараңыз).
-Ча, -че (-ша, -ше) қосымшасы арқылы бір зат пен екінші заттың көлемін, 
мөлшерін ұқсату, қимыл-қозғалыс шамасын салыстыру семантикасы беріледі. 
Бұл туралы О.Сапашев былай дейді: «-ча, -че тұлғасы арқылы жасалған үстеулер 
көне жазбалар тілінде қимылдың әртүрлі белгілерін, яғни ұқсату, өлшем, 
қимылдың шегі т.б. қасиеттерін білдіретін толықтауыш болады» [185, 87 б.]. 
Әрине, бұл пікір -ча, -че аффиксінің семантикалық қызметі жайлы 
тұжырымымызды нақтылай түседі, алайда үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі 
пысықтауыш, сондықтан мұнда да етістікке толықтауыш емес, мөлшер 
пысықтауыш болады. Зерттеуші «Сөйлем мүшелері» атты оқу құралында -ча, -
че формалы үстеу сөздердің мөлшер пысықтауыш болатынан да айтады [186, 89 
б.]. Ескерткіштерде аталған қосымшалардың жалғануымен жасалған мынадай 
сөздер, тіркестер кездеседі: қаның субча йүгүрті (КТү., 24) // қаның судай ақты
сүңүкүң тағча йүгүрті (КТү., 24) // сүйегің таудай жатты т.б. 
-Ча, -че аффиксі -тег аффиксіндей салыстыру, ұқсату семантикасын 
білдіргенімен, сөздерге жалғанғанда туындайтын ұқсату семантикасында 
өзгешелік бар. Ғ.Айдаров бұл аффикстің қазақ тіліндегі баламасын (аудармасын) 
-дай, -дей деп береді. Бұл -ча, -че аффиксінің семантикасын жалпылама толық 
бергенімен, форманың дәлме-дәл баламасы бола алмайтыны анық. Аталмыш 
формаға -дай, -дей емес, -ша, -ше сәйкес келеді. Бірақ қазіргі қазақ тілінде қаның 
суша ақты деп қолданылғанымен, сүйегің тауша жатты деп қолданылмайды. 
Біздіңше, бұл өзгешеліктер аталмыш қосымшаның қазіргі қазақ тілінде жоқ 
грамматикалық функциясын аңғартатын тәрізді. 


66 
Жоғарыда мөлшерлік семантиканың сан есімдер арқылы берілуін баяндаған 
тұста да -ча, -че аффиксін Ғ.Айдаров -дай, -дей деп бергенін айтқанбыз. Яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет