105
кездеспегенімен, қазіргі түрік тілінде кездеседі. Түрік тілі сөздігінде екі
мағынасы берілген: «1. isim Herhangi bir şey üzerindeki ufak leke, nokta, puan
(Burunlar koyu renkte beneklerle kaplıdır - S. Birsel); 2. gök bilimi Güneş lekeleri
yöresinde görülen, parlak taneciklerden ve parlak damarlardan oluşmuş bölüm, fakül»
[195]. Яғни бірінде кез келген кішкене дақ, нүкте мағынасында, ал екіншісі, күнге
қараған кездегі
көзде білінетін кішкене дақтар, ноқаттар. Бұл Қашқари
сөздігіндегі
бенек сөзі мен түрік тіліндегі
бенек сөзінің семантикалық байланысы
барлығы аңғартады. Көлемнің кішкенелігі, әрі қатты, түйір болуы
– екі сөздің
ортақ семантикасы. Сөздің лексикалық дамуы нәтижесінде ең алғашында
кішкене түйір дән,
одан кейін ұсақ монета, ал одан кейін
дақ, ұсақ нүкте
мағынасына ауысқан болса керек.
Түркі халықтары арасында кеңінен тарап,
сауда-саттықта құн өлшемі
ретінде жұмсалатын ақшаның тағы бір түрі –
бақыр. Бұл да ақша ұғымын беретін
түркі сөзі ретінде сөздікте кездеседі. Сөздікте мынадай түсіндірме берілген:
Бақыр – Шыныда құйылған ақшаның бір түрі. Алыс-беріс сол арқылы жасалады
(МҚ, Т
1
-418). Бақыр – мыс. Ақша мыстан құйылғандықтан, бақыр деп аталған.
Сөздікте бұл туралы тағы былай деп беріледі:
Бақыр // мыс. Мақалда былай деп
келген: бар бақыр иоқ алтұн // бар – мыс, жоқ – алтын ( барда – бақыр, жоқта
– алтын), қолда бар болса, мыстай қадірсіз, жоқ болса, алтындай қадірлі. Бұл
мақал жақын-жұрағаттар арасында қорланып жүрген кісі арадан кеткеннен
кейін, оның қадірі білінеді деген мағынада қолданылған (МҚ, Т
1
-417).
Бақыр
металл ақша болғанымен, алтыннан құны төмен
екенін мақалдан аңғаруға
болады. Бақырдың Қытайда құйылғанына қарағанда, сол кезеңде Қытай елі
қолданатын ақша түрі болса керек. Түркілер мен қытайлар
арасындағы сауда-
саттық нәтижесінде түркі халықтарына тараған болуға тиіс.
Этнографиялық энциклопедияда
бақыр туралы былай беріледі:
«Бақыр
1
–
ұсақ сауда жасауға пайдаланылатын мыстан, күмістен соғылған тиынның жалпы
атауы. Тиынның мыстан жасалған түрін қарабақыр деп атайды.
Бақырдың сауда-
саттықтың негізгі объектісі сан алуан тауарлардың эквиваленті ретіндегі рөлі
қазақ жеріне Ресейдің ықпалымен тауарлық-ақша
қатынастарының орныға
бастаған кезінде күшейді. Қазақ ауылдарында орыс
Бақырлары ғана қолданыста
болды» [193, 373-374 б.]. Энциклопедияда дұрыс берілгендей,
бақыр ақшаның
құны алтыннан төмен болғандықтан, көбіне ұсақ саудада қолданыс тапқан. Ал
оның күмістен де жасалуы ақша ретінде орнығып, мыс ақшаның атауы ғана емес,
жалпы ақша семантикасын берген кезеңде болған. Яғни семантикалық дамудың
нәтижесінде металдың атауынан, құн өлшемі ретінде ақша атауына ауысқан.
Сондай-ақ
бақыр ақша қолданысының күшеюі
Ресей ықпалындағы жылдарда
ғана емес, X
–XII ғасырларда да орын алған. Бұл бақыр ақшаның семантикалық
дамуынан да көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: