125
т.б.
күшейткіш үстеулер кездеседі. Бұлар контекстік қолданысына қарай «сын
мөлшер» ұғымының ең жоғарғы шегін білдіреді. Мысалы:
1)
Йігіт турмыш бәғайат татлы сөзлуг (ХШ, 75p-26)
// Жігіт тұрған өте
тәтті сөзді;
2)
Йығыламағай хасә кім йар (ХШ, 70р-40)
// Жыламағай тым ерекше ол
жар;
3)
Іңән дүшвар табылур біл саламат (ХШ, 49в-26)
// Ең қиыны табылар бол
саламат.
Берілген мысалдардың біріншісінде
бәғайат күшейткіш үстеуі
татлы
қатыстық сын есімінің ауыспалы сындық мағынасын одан сайын асырмалап,
сөздің жағымдылық сапасының ең жоғарғы мөлшерін білдіріп тұр. Ал екінші
мысалда
хаса сөзі де
ерекше сапалық сын есімінің
сындық семантикасын ең
жоғары шекте асырмалап тұр. Бұл сөздің мағынасын А.Ибатов та: «
Хасә (3): аса,
тым, ерекше»,
– деп түсіндіреді [206, 233 б.]. Ал мұның қазіргі қазақ тіліндегі
қас
сұлу, қас батыр тіркестік қолданыстарындағы
қас сөзімен түбірлес екені
байқалады. Сондай-ақ Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген
өлеңінің «Ұ
қсайды хаса сұлу шомылғанға» деп келетін жолдарындағы
хаса сөзі
де осы
хасә сөзімен бір және неғұрлым бастапқы тұлғасын сақтай қолданылған.
Үшінші мысалдағы
іңән күшейткіш үстеуі де
қазіргі қазақ тіліндегі ең сөзінің
әуелгі тұлғасы, түп негізі тәрізді. Редукцияға ұшырап, бір буыны ғана (ең)
қалғанға ұқсайды. Ал контексте іс-әрекеттің қиындық деңгейінің ең жоғарғы
мөлшерін білдіріп тұр. А.Ибатов та бұл сөздің мағынасын:
«Іңән: ең, өте, тым»,
– деп түсіндіреді [206, 251 б.].
Қыпшақ ескерткіштерінде мөлшер семантикасы
синтаксистік модельдер
арқылы да беріледі. Бұған негізгі сөздер мен көмекші сөздер, сондай-ақ
морфологиялық формалар қатысып, біртұтас синтаксистік байланысқа түседі.
Мұнда негізгі синтаксистік байланыс көмекші сөздер мен синтетикалық
формалардың арасында құрылады. Сондықтан
синтаксистік модельдерде
көмекші сөздердің мөлшерлік семантика тудырудағы қызметі айрықша. «Хусрау
уа Шірін» поэмасында
ічіндә // ішінде, ічрә // ішінде, ішін // ішінде көмекші
сөздері мен
кәдін // кейін, тегі // дейін сияқты шылаулар кездеседі. Мұнда
тегі //
Достарыңызбен бөлісу: