120
2)
Ічім күйді сәнің чақсыз назыңдын (ХШ, 43в-8)
// ішім күйді сенің шақсыз
назыңнан;
3)
Хісабсіз көб чәріг (ХШ, 45р-25)
// есепсіз көп әскер.
Бірінші мысалда
сансыз сөзі «сан жоқ» дегенді білдірмейді,
сансызын тар
тіркесі ішінде мағынасы ауысып, көлемнің өлшеусіз кішілік семантикасын
білдіреді. Шын мәнінде, әлемнің сыйымдылығына сан балама бола алмайды,
сондықтан оның тарлығы сансыз да болмайды. Мұнда
сан сөзі «өлшем»
ұғымында берілген. Бұл қолданыс
-сыз, -сіз жұрнағының семантикалық әлеуетін
көрсетеді. Екінші мысалдағы
чақсыз сөзі де ауыспалы мағынада берілген. Мұны
А.Ибатов «шақсыз, шексіз» деп түсіндіреді [206, 239 б.]. Біз бұған келісе отырып,
оған «теңдессіз» деген ұғымды білдіріп тұрғанын ғана қосамыз. Үшінші
мысалдағы
есепсіз сөзі – неғұрлым тура мағыналы. Әйтсе де, асырмалау,
әсірелеу семантикалы сөз. Өйткені қанша көп әскер болса да, оның санына жете
алмау қисынға келмейді. Мұнда
сансыз сөзі «көп» деген ұғымды білдіреді.
Берілген мысалдар көрсеткендей, орта ғасырда
-сыз, -сіз жұрнағының
семантикалық өрісі кең болған. Алайда «Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз
жасайтын жұрнақтарды (XIV ғасыр)» деп арнайы
еңбек жазған зерттеуші
Ә.Керімұлы аталған жұрнақтың «Хусрау уа Шірін» поэмасында
-сыз, -сиз, -суз,
-сүз төрт түрі кездесетінін айта келіп, былай дейді:
«-Сыз жұрнағы жалғану
арқылы жасалған сөздердің де беретін мағынасы біреу-ақ. Есім сөздерге
жалғанып, түбірде аталған заттың, құбылыстың жоқтығын білдіреді»
[192, 54 б.].
Әрине, бұл жұрнақтың көбіне жоқтық семантиканы беретіні шындық. Алайда
мұнда аталған жұрнақтың контекстік мағынасы ескерілмеген болса керек.
Жоғарыдағы
мысалда келетін сансызы, хісабсіз сөздері санның да, есептің де
жоқтығын білдірмейді, керісінше, сандық көптігін білдіреді. Бұл – жоқтық форма
арқылы көптік семантиканы беру болмақ.
– Ескерткіштерде мөлшер семантикасы
-ча жұрнағы (салыстыру формасы)
арқылы да беріледі. Бұл жұрнақ көне түркі ескерткіштерінен бастап,
барлық
тарихи кезеңдердегі тілдік деректерде көп кездесетін ескі синтетикалық
формалардың бірі. Тілдің ежелгі кезеңдерінде
-ча (-че, -чә) жұрнақтарының
қолданыс аясы кең болғанын сақталған тілдік деректер көрсетеді. Алайда сөз
болып
отырған XIII–XIV ғасырлар тілдік деректерінде қолданыс аясы,
семантикалық ерекшелігі бұрынғымен салыстырғанда аздап тарыла бастағаны
байқалады. Аталған кезеңдерде
-ча жұрнағы уақыт мөлшері семантикасында
көбірек қолданылады. Сондай-ақ мөлшер үстеулердің құрамында көбірек келеді.
«Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасында
ақызмағунча // төкпегенше, сурғача //
тартылғанша т.б.
сөздерде кездесіп,
белгілі процестің аяқталу барысына керек
тұтас уақыттың мөлшерін білдіреді. Мысалы:
1)
Мен күнаһни Жабирдин гуһ (тау) ’Арафатқа барып көз йашымны
дида’ан хунбарымдин (қан араластырып) ақызмағунча һәр кез өтмади (АХ,
229/34-38)
// Жабирден Арафат тауына дейін барып қан араластырып көз
жасымды төкпегенше күнәмді еш кешпеді;
2)
Шайтан айды ким меңа узун ’умур бергил сурғача тирик булай (АХ,
196/42-45)
// Шайтан айтты: «Маған ұзақ өмір бер, ақырғы заманның кернейі
Достарыңызбен бөлісу: